Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 63

Случайные фото

Қызметінің мониторингі

Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобынының мүшелерін іріктеу бойынша өткізілген отырыстың жүргізу тәртібі

Уақыты: 07.02.2019
Оқылды: 222 Печать страницы

Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобынының мүшелерін іріктеу бойынша өткізілген отырыстың жүргізу тәртібі

 

Қайырлы күн, құрметті отырысқа қатысушылар!


Бүгінгі отырыстың өткізілу мақсаты –Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобынының мүшелерін іріктеу болып табылады.

Отырысты бастамас бұрын оның хаттамасының жүргізілуін аудандық мәслихат аппаратының басшысы Иманбаев АмангелдіТұрысбекұлы, бас маман Медетова Бейсегүл Бекқожақызы, жетекші маман Низанова Қарлығаш Әлмұхамбетқызы қамтамасызететіндігі және коммерциалық емес ұйымдардан және азаматтардан түскен өтініштер туралы сараптамалық ақпаратты құрылымдық бөлімше басшысы Рақымбекова ГүлмираӘбдіғалиқызы беретіндігі туралы хабарлаймын.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік Ережеге сәйкес 2019 жылдың 18 қаңтарында аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінде және аудандық мәслихатының ресми сайтына Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың және Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізілетіндігі туралы хабарландырулар жария етілді, осыған байланысты аудандық мәслихаттың аппаратымен 2019 жылғы 21 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелігіне коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары қабылданды.

Осы қабылданған ұсыныстар туралы ақпарат беру үшін сөз аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру мемлекеттік-құқық ақпараттық талдауқұрылымдық бөлімшесінің басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызына беріледі.

 

Құрметті отырысқа қатысушылар!

Қоғамдық кеңестер туралы Үлгілік Ереженің 6 тармағында Жұмыс тобының сандық құрамын жұмыс органының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсты өткізгенге дейін мемлекеттік органның басшысы республикалық және жергілікті деңгейде анықтайды.

делінген. Сондықтан, аудан деңгейінде жергілікті өкілді органның басшысы - аудандық мәслихаттың хатшысы болып табылатындықтан мен жұмыс тобының сандық құрамын 12 адам деп айқындап отырмын, олардың ішінде: жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігін немесе 4 адамды мемлекеттік органдардың өкілдері құрайды да, қалған үштен екі бөлігін немесе 8 адамды коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар құрайды.

Үлгілік Ереженің 6 тармағының бірінші абзацына сәйкес мемлекеттік органнан жұмыс тобының құрамындағы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік орган басшысы яғни менің тарапымнан айқындалатын болғандықтан мен оған келесі лауазымды тұлғаларды енгіздім:

 

1. Рысбеков Бөкен Қабиұлы - аудандық мәслихатының хатшысы жұмыс тобының басшысы

2. Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызы- аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру мемлекеттік-құқықтық,ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы, жұмыс тобының хатшысы

3. Туматаев Ақниет Тұрысбекұлы - аудан әкімінің аппарат басшысы

4. Бекбатырова Гүлмира Дүйсенбекқызы- аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

 

Кербұлақ ауданы бойынша Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобына коммерциялық емес ұйымдарымен ұсынылған кандидаттарға келетін болсақ, олардың тізімі Сіздерге таратылып берілген. Бұл жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдардың жоғары аталып кеткен төрт өкілінен басқа өңірде атқарып жатқан қоғамдық қызметімен халық ішінде кеңінен танымал, белсенді, тәжірибелі 8 тұлға енгізілу керек. Олай болса бүгін қатысып отырған кандидаттар қазіргі уақытта атқарып жатқан қоғамдық қызметі туралы көпшілікті таныстырып өтсін.

СөзКербұлақ аудандық «Ардагерлер ұйымы» республикалық

қоғамдық бірлестігінің Кербұлақ аудандық филиалыұсынылып отырған Сарыбаев Төленді Оспанбайұлына беріледі.

Келесі сөз өзін - өзі ұсынушыЕсенбай Әбдірахманұлы Сұраншыновқа беріледі.

Келесі көз «Кербұлақ аудандық ұлттықаңшылық түрлерімен ұлттық ат спорты федерациясы»қоғамдық бірлестігінен ұсынылып отырған Ахласов Серік Сембекұлынаберіледі.

Келесі көз «Кербұлақ аудандық әйелдер кеңесінен ұсынылып отырған Ақбасова Ғалия Ниязқызына беріледі.

Келесі көз «Кербұлақ ауданыныңҚамқор» мүгедектерқоғамы» қоғамдықбірлестігінен ұсынылып отырған Төлегенбаева Мариямхан Қуанышқызынаберіледі.

Келесі көз «Кербұлақ аудандық жастар ресурстық орталығынан ұсынылып отырған Мыңбаев Алмас Асқарұлына беріледі.

Құрметті қауым!

 

Сіздер ұсынылып отырған кандидаттармен өзара таныстыңыздар.Жұмыс тобына ұсынылып отырған кандидаттардың жалпы саны 12 адам, осылардың ішінен жұмыс тобына коммерциялық емес ұйымнан кандидатты іріктеп алу қажет. Менің пікірімше жұмыс тобының құрамына атқарып жатқан қоғамдық қызметінің ауқымдылығымен ерекшеленген 8 коммерциялық емес ұйым енгізілу керек.

 

Басқа ұсыныстар бар ма?

 

1. Сарыбаев Төленді Оспанбайұлы - «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Кербұлақ аудандық филиалы

2. Ахласов Серік Сембекұлы - «Кербұлақ аудандық Ұлттықаңшылық түрлері мен ұлттық ат спорты федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

3. Ақбасова Ғалия Ниязқызы - Кербұлақ аудандық әйелдер Кеңесінің төрайымы

4. Нұржаубеков Әкім Сламғазыұлы - «Алматы облысының «Дос» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі

5. Төлегенбаева Мариямхан Қуанышқызы - «Кербұлақ ауданының Қамқор» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

6. Оңалбаева Ляйля Ескендірқызы - аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінің директор, бас редакторы

7. Мыңбаев Алмас Асқарұлы - Кербұлақ аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі

8. Сұраншынов Есенбай Әбдірахманұлы - Өзін-өзі ұсынушы

 

Жұмыс тобының құрамына жоғары аталып кеткен коммерциялық емес ұйымдар ұсынған кандидатуралар енгізілсін дегендеріңізді дауыс беруді сұраймын.


Қарсы, қалыс?

Жоқ. Бірауыздан.

Жұмыс тобының құрамы келісілді.

Жұмыс тобының құрамы бүгін менің өкіміммен бекітіліп, аудандық мәслихаттың ресми сайтында жария етілетін болады.

 

Құрметті жұмыс тобының мүшелері!

Қоғамдық кеңес туралы үлгілік Ережесіне сәйкес жұмыс тобы Кербұлақ ауданының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға тиісті. Хабарлама жобасы Сіздерге таратылып берілген, оны бұқаралық ақпарат құралдарында (аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетіне) 2019 жылғы 8 ақпанда жариялауды және ауданның Қоғамдық кеңесінің сандық құрамын 15 адамнан белгілеуді ұсынамын.


Осы мәселе бойынша кімнің және қандай ұсынысы бар?

Басқа ұсыныстар бар ма?

Жоқ.

 

Олай болса мәселені дауысқа саламын, Кербұлақ ауданының қоғамдық кеңесінің сандық құрамы 15 адамнан белгіленсін дегендеріңіз және Кербұлақ ауданының қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында (аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінде) 2019 жылғы 8 ақпанда жариялансын дегендеріңізді дауыс берулеріңізді сұраймын.


Қарсы, қалыс, жоқ.

Кербұлақ ауданының қоғамдық кеңесінің сандық құрамы 15 адамнан белгіленіп, хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану үшін жолданады.

 

Құрметті жұмыс тобының мүшелері!

Енді бізге осы жұмысшы тобына ұсынылып отырған кандидаттардың арасынан жұмысшы тобының хатшысын сайлауымыз керек. Осы қоғамдық кеңестің жұмысшы тобының басынан бастап құжаттарын жинап, бұқаралық ақпараттар құралдарына хабарландыру беріп,өздеріңізбен тығыз байланыста жұмыс істеген аудандық мәслихаты аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы Рақымбекова Гүлмира Абдығалиқызының кандидатурасын ұсынғалы отырмын. Сіздерде қандай ұсыныс бар? Егер ұсыныстарыңыз жоқ болса онда осы аталған кандидатураны Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобынының хатшысы болып сайлансын дегендеріңіз дауыс беріңіздер.

 

Кім қарсы, қалыс?

Жоқ.Бірауыздан қабылданды.

Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобынының хатшысы болып аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру мемлекеттік-құқық ақпараттық талдауқұрылымдық бөлімшесінің басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызы сайлансын.

Ендігі кезекте Сіздерді осы құрылған жұмысшы топ үшін алдын ала әзірленген жоспар жобасымен таныстырып өтсем:

2019 жылғы 8 ақпандааудандық Кербұлақ жұлдызы газетінде жарияланатын хабарламаға сәйкес 2019 жылғы 11 ақпаннан 2019 жылғы 22 ақпанға дейін коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар туралы ұсыныстар қабылданатын болады.

2019 жылғы 25 ақпанда жұмыс тобының екінші отырысы өткізіліп Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар туралы коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан түскен әр кандидатура жұмыс тобы мүшелерімен талқыланып, ашық дауыс беру жүргізіледі және Қоғамдық кеңес туралы Ереже жобасы әзірленетін болады.

2019 жылғы 1 наурызда аудандық мәслихатының сессиясы өткізіліп Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы бекітіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Осы ұсынылып отырған жоспардың туралы сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік Ереженің талаптарына сәйкес өткізілген бүгінгі жұмысшы тобының отырысын жабық деп жариялаймын. Назарларыңызға рахмет.

 

Жұмыс тобының жетекшісі
Аудандық мәслихатының хатшысы Б.Рысбеков
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.