Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 63

Случайные фото

Жаңалықтар

«Қарттар күні»

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 04.10.2021
Оқылды: 9 Печать страницы
«Қарттар күні»

Тәуелсіздіктің 30-жылдық мерейтойы қарсаңында Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттық корпусы мен аппарат қызметкерлері өздерінің республикамыздың Тәуелсіздігіне арнаған 30 игі істерін ұйымдастырып, әр мазмұндағы мақалаларын бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне жариялауда. Міне, сондай екі игі істің басын Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арнап отыр. 1 қазан-Қарттар күні. Онкүндіктің басты мақсаты-қоғамның назарын қарт адамдарға аудару. Сонымен қатар, қарттарды қолдау үшін жыл сайын акциялар өткізіледі, қамқоршылық қорлар жұмыс істейді, осындай шараларды жалғастыру бағытында Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты жалғыз басты зейнеткерлерді назардан тыс қалдырмайды.

2021 жылдың 4 қазанында «Қарттар күні» мерекесі аясында Депутат, Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы Бекиев Қайрат Ботайұлы мен аппарат басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызы ауданымызда ұзақ жылдар бойы білім саласындағы орталықтандырылған бухгалтерияда бас экономист болып қызмет атқарған қарт анамыз Адаева Нұрыш Есімханқызының және Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратында жетекші маман болып қызмет атқарған, қазіргі таңда зейнеткер Махметова Алмагүл Нұржақыпқызының отбасыларына барып, хал-жағдайларын біліп, өткен қызықты күндерді еске алып, әңгіме – дүкен құрып, көңілдерін аулап, арнайы апарған сыйлықтары мен азық-түлік себеттерін тапсырып қайтты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.