Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 63

Случайные фото

Жаңалықтар

«Тәуелсіздікке 30 игі іс»

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 07.10.2021
Оқылды: 7 Печать страницы
«Тәуелсіздікке 30 игі іс»

Тәуелсіздіктің 30-жылдық мерейтойы қарсаңында Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттық корпусы мен аппарат қызметкерлері «Тәуелсіздікке 30 игі іс» атты шарасы аясында 2021 жылдың 7 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 15 00 де Кербұлақ аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде Коронавирус індетіне байланысты барлық сақтық шаралар мен әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, Кербұлақ аудандық мәслихатының әр шақырылымдарында депутат болған қариялардың қатысуымен Халықаралық қарттар күніне арналған «Ардагер депутаттарға құрмет» атты шарасын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Депутат, аудандық мәслихатының хатшысы Қайрат Ботайұлы Бекиев сөз сөйлеп, іс-шараға қатысушы ардагер депутаттарды мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттарымен марапаттады. Іс-шараға қатысушы Кербұлақ аудандық мәслихатының бес бірдей шақырылымдарының депутаты, Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы болған, «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы», «Құрметті депутат» төсбелгісінің иегері, зейнеткер Сұраншынов Есенбай Әбдірахманұлы, Кербұлақ аудандық мәслихатының IV шақырылымының депутаты болған, «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы», зейнеткер Сырлыбеков Баян Сырлыбекұлы Депутат, мәслихат хатшысы Бекиев Қайрат Ботайұлына және аппарат қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді. Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекова да іс-шараға қатысушыларға өзінің құттықтау лебіздерін білдіріп, сөзінің соңында Депутат, Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы, «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы» Бекиев Қайрат Ботайұлының республикалық «Алтын қыран» энциклопедиясына енгені үшін «Алтын қыран» төсбелгісімен марапаттанғандығын хабардар етіп, құрметті депутат Сұраншынов Есенбай Әбдірахманұлынан марапатты табыстауды сұрады. Іс-шараның салтанатты бөлімі концерттік бағдарламаға ұласып, депутаттар естелік суретке түсті.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.