Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 125

Случайные фото

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 16.03.2022
Оқылды: 45 Печать страницы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады және қолдады

 

2022 жылғы 16 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 11 00де Қазақстан басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына өз Жолдауын жолдады.

Президент Жолдауында бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарын қозғады.

Ең алдымен Қ. К. Тоқаев қаңтардағы оқиғаларды тергеудің алдын ала нәтижелері туралы және қаңтар айындағы оқиғалар кезінде арандатушылармен кездесуге бару, жазықсыз қаза тапқандарды сатып кетуді білдіретіндігін айтты. Қ. К. Тоқаев елдегі басқа да ішкі өзгерістерге тоқталды.

Атап айтқанда, ол Қазақстанның «суперпрезиденттік» елден «президенттік» елге көшуі туралы, онда Мемлекет басшысын шын мәнінде мықты Парламент қолдайтындығын айтты. Мемлекет басшысы сондай-ақ Мемлекет басшысын оның өкілеттігі уақытында кез келген партияға мүшелігін тоқтатуға міндеттеуді , осыны негізге ала отырып, Президент ОСК төрағасы мен мүшелерінің, есеп комитеті мен Конституциялық Кеңестің партиядан міндетті түрде шығуы туралы норма енгізуді, сондай-ақ әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарында қызмет атқаруына заң жүзінде тыйым салуды ұсынды, себебі мұндай шешімдер көпполярлы партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді деді.

Қ. К. Тоқаев партиялық құрылымдар мен мемлекеттік аппаратты біріктірудің теріс әсерін атап өтіп, саясаттағы монополия мемлекеттің құлдырауына және әлеуметтік проблемаларға алып келеді деп санайтындығын да айта кетті. Сонымен қатар, Қазақстан басшысы елдегі сайлауға шетелдік ықпалдың алдын алу үшін бірнеше тапсырма берді.

Президент Абай облысын құруды ұсынды. Семей облыс орталығы болады. Алматы облысы екіге бөлінеді: Алматы облысы Қапшағай қаласында және Жетісу облысы Талдықорғанда. Қ.К. Тоқаев егер халықтан ұсыныс түссе Қапшағай қаласының Қонаев деп атауын өзгертуді қолдады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда орталығы Жезқазған қаласы болатын жаңа облыстың құрылуы туралы да айтты. Жаңа өңір Ұлытау облысы деп аталады. Мемлекет басшысы Президенттің балама негізде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері қызметіне кемінде екі кандидатура енгізу құқығын регламенттейтін заңнамаға тиісті түзетулер енгізу қажеттігін атап өтті. Осылайша, Президент мәслихаттардағы қарау нәтижелерін ескере отырып, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындайтын болады. Облыстан басқа «Ұлттық құрылтай» қоғамдық институты да құрылады. Конституцияда үлкен өзгерістер күтілуде. Қ. К. Тоқаев еліміздің басты құжатына 30 өзгеріс дайындайтынын, сондай-ақ жыл соңына дейін 20-дан астам заң қабылдау қажет екенін мәлімдеді. Президент сондай-ақ Парламенттегі Президенттік квота 15-тен 10 депутатқа дейін, Сенатта 15-тен 10 депутатқа дейін қысқаратынын, осылайша Мәжілістегі ҚХА квотасы жойылатынын, бұл саяси және заңды тұрғыдан дұрыс екенін және бұл квота Сенатқа ауыстырылып 9-дан 5 депутатқа дейін қысқартылатындығын атап өтті.

Сондай-ақ, Президент: «Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігінің мызғымас кепілі болуға тиіс. Сондықтан Президенттің жақын туыстары үшін квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына орналасуға заңнамалық тыйым енгізілетін болады»- деп мәлімдеді. Осылайша, Президенттің биылғы Жолдауы саяси реформалардың жаңа бағдарламасын және жақын арада жүзеге асырылатын бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жүзеге асыруға арналған. Соңында Президент: «Біз өзіміздің басты игілігіміз – Тәуелсіздігімізді сақтауға, ұлттық бірегейлік негіздерін нығайтуға, елді трансформациялауға көңіл бөлуге тиіспіз. Бұл біздің болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымыз»-деді. Осы орайда, Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың саясатын бірауыздан қолдайды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.