Жаңалықтар
Жарқыра, жайна, Наурызым!
Санат: Жаңалықтар | |
Уақыты: 21.03.2022 | |
Оқылды: 29 | Печать страницы |

Наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі. Наурыз - көктем мен жаңару мерекесі. Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Наурыз мейрамы мүмкіндігінше көңілді және шулы етіп аталып өтіледі. Наурыз мейрамы -бұл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы күні. Қазақ халқы бұл мерекеге Ұлыстың ұлы күні деген екінші атау берген. Наурыз мерекесі заманауи өмірге үйлесімді түрде өзгертіліп келіп, қоғамда достық пен келісімнің нығаюында үлкен рөл атқара бастады.
Наурыз мейрамында халықтық ойындар мен сауықтық кештер ұйымдастырылып, өтіледі. Міне, осындай мерекелік іс-шара 2022 жылдың 21 наурызында Кербұлақ ауданының орталық алаңында киіз үйлер, шатырлар мен алтыбақан орнатылып, наурыз көже дайындалып,аудан тұрғындары мен қонақтарына концерттік, мерекелік бағдарламалар, көрмелер, қойылымдар, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылып,кеңінен аталып өтті. Осындай дүбірлі іс-шараға Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты өзінің сүбелі үлесін қосып, аудан тұрғындарына Наурыз көжесін таратып, аудан тұрғындарының ризашылығына бөленді.