Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 41

Жаңалықтар

Қадірлі депутаттар және сессияға қатысушылар!

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 01.11.2017
Оқылды: 127 Печать страницы

Қадірлі депутаттар және сессияға қатысушылар!

 

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік – аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды»- деп көрсетілген.

Аудандық мәслихат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Конституциялық заңдарын, Президентінің Жарлықтарын, Бюджет, Салық және Жер Кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңы мен Үкімет Қаулыларын басшылыққа ала отырып мәслихаттың регламенті негізінде жұмыс атқарып келеді. Жаңа депутаттық корпустың құрамы әртүрлі. Олардың ішінде денсаулық сақтау, білім беру саласының қызметкерлері , сонымен бірге үлкен өмірлік және кәсіптік тәжірибесі бар адамдар жиналып отыр. Жаңадан сайланған депутаттардың көбі – мықты шаруа қожалық басшылары, яғни, ауданымыздың экономикасы мен әлеуметтік саласына үлес қосып жүрген адамдар. Олардың тәжірибесі мен білімі өкілетті орган қызметінің тиімділігін арттыруға әсер етеді.

Барлық депутаттың білім деңгейі жоғары. 14 депутаттың 13-ші, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Мәслихат қызметінің негізгі нысаны оның сессиялары мен тұрақты комиссиялары болып табылатындықтан, олардың отырыстарының жан – жақты дайындалуына басты көңіл бөлінеді. Аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыруға, белсенділігін арттыру үшін қажетті жұмыстарды ұйымдастырып отыр.

Аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалынған. Оның материалдық-техникалық базасы нығайып, депутаттармен жұмыс істеуіне қажетті техникалық құралдардың бәрі дерлік алынған. Ақпараттар мен методикалық материалдарды электрондық құралдар арқылы жүргізуді қамтамасыз ететін электрондық почта, интернет кеңістігіне компьютерлерді қосу іске асырылды. Компьютерлерге заңдар жинағы енгізілген. Интернетте аудандық мәслихаттың сайты ашылған, онда мәслихат хатшысының блогы жұмыс істейді. Аудан тұрғындары өзін қызықтырған мәселелерімен мына электрондық адрес ( kerbmaslihat @mail.ru) бойынша мәслихат хатшысымен және аппарат қызметкерлерімен байланыса алады. Депутаттар ауданның қоғамдық жұмыстарына да белсене араласады. №3 Қызылжар сайлау округінен депутат, мәслихат хатшысы Б. Рысбеков Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің және төралқасының мүшесі , №14 Жайнақ сайлау округінен депутат, Кербұлақ аудандық «Нұр Отан» пратиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бозымбеков «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының аудандық мәслихаттағы фракциясының төрағасы, Кербұлақ ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мүшесі, Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы А.Иманбаев аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы ведомствоаралық комиссия құрамының мүшесі, аппараттың ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы Г.Рақымбекова Алматы облыстық Әділет департаменті жанынан құрылған Үйлестіру кеңесінің мүшесі.

Есеп беру кездесулеріне 1207 адам қатысып, депутаттарға 21 сұрақ келіп түсті. Көп сұрақтарға сол жерде жауап беріліп, ал қалған сұрақтарға түсінік беру үшін, сол сұрақтарға сәйкес орындалатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, атқарушы органдарға жіберілді.

Депутаттардан және мәслихат аппараты қызметкерлерінен жұмысшы топтар, уақытша комиссиялар құрылып, іс жағдайына талдау жасалынады, анықтамалар дайындалады. Талқыланатын мәселелер бойынша ауылдық округтер мен тиісті мекемелерден хабарлама – анықтамалар жинақталады.

Депутаттар мен аппарат қызметкерлері бірлесе отырып мәслихаттың күнделікті ұйымдастыру жұмыстарын, қоғамдық құрылымдар және тұрақты комиссиялар арқылы заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырып келеді.

Есепті мерзімде аудандық мәслихат кезекті 3, кезектен тыс 6, барлығы 9 сессия өткізіп, 32 шешім қабылдады. Оның 6 нормативтік құқықтық акт.

Атап айтқанда 2016 жылдың 22 желтоқсанында 2017-2019 жылдарға арналып бекітілген аудан бюджетіне 2017 жылы 3 рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Сонымен қатар аудандық мәслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, шешімдер қабылданып, облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» заң талаптарына сәйкес шешімдер аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газеті мен мәслихаттың ресми сайтында жарияланып отырды.

Аудандық мәслихаттың 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылғы аудан бюджетінің атқарылғаны жөнінде аудандық қаржы бөлімі басшысы мен Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының есептері тыңдалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес аудан әкімі жанынан құрылған комиссиялар мен кеңестердің құрамына өзгерістер енгізіліп, ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына өз үлестерін қосқан 16 жерлестерімізге «Ауданның құрметті азаматы» атағын беру туралы аудан әкімінің ұсынысы депутаттар тарапынан оң шешімін тапты.

Аудан әкімі Бағдат Байшалұлы Алиевтың және аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы В. Машанлоның мәслихат депутаттарының алдындағы есептері тыңдалды.

Қазақстан Республикасының « Кәсіпкерлік Кодексінің» аудан көлемінде орындалу барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылаудағы атқарылып жатқан жұмыстары туралы аудан әкімінің орынбасары Серікбай Бакенұлы Қожахметовтың есепті-баяндамасы тыңдалып, тиісті шешім қабылданды.

Алтыншы шақырылған аудандық мәслихатта құрылған «Аудандық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі», «Аудан экономикасы мен бюджеті,салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау,коммуналдық шаруашылық, көріктендіру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі», «Ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану,заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау жөніндегі» үш тұрақты комиссиялары өз жұмыстарын тиянақты атқаруда.

Атап айтқанда:

1.1 « Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту, мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикассының Заңына сәйкес аудан көлемінде ауылдық аумақтарды дамыту және ауылшаруашылық өнімдерін субсидиялау мәселесі;

1.2 Аудандық қаржы бөлімі мен Алматы облыстық тексеру комиссиясының 2016 есепті қаржы жылындағы аудан бюджетінің атқарылуы жайлы есебі;

1.2 Кербұлақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау;

1.3 Кербұлақ ауданы бойынша елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларын өзгерту;

1.4.Аудандағы білім саласының жағдайы мен дамытудың басым бағыттары туралы;

1.5. Аудан елді мекендерінің сәулет келбетін жақсарту және көркейту жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы;

1.6.Аудандағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру туралы;

1.7. Кербұлақ ауданының Алтынемел ауыл округіне қарасты Қызылмектеп ауылы атауын Жамбай ауылына өзгерту туралы;

1.8. Кербұлақ ауданының Қаспан ауыл округіне қарасты Водное ауылы атауын Қайнарлы ауылы атауына өзгерту туралы;

1.9. Кербұлақ ауданының Дос, Қойқырыққан, Майтөбе, Алтындала, Архарлы, Сайлы, Балғалы станциялары, Тары разъезі, Ақсұңқар жол учаскесі, Архарлы кеніші, Терысаққан елді мекендерін дамытудың жеңілдетілген сызбаларын бекіту туралы

2.0. Кербұлақ ауданы Қызылжар, Қарағаш, Шанханай, Қоянкөз ауылдарының бас жоспарына ұштастыра нақты жоспарлау жобаларын бекіту туралы

2.1. Ауданның 2017-2019 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы мәселелер қаралды.

Отырыстарда талқыланған мәселелер бойынша дайындалған анықтамалық құжаттар, ұсыныс – пікірлер, қаулылар мәслихат сессияларына, аудан әкіміне, қажеттілігіне қарай округ әкімдеріне, тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына жіберіліп отырады.

Мәслихат хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады.

Есепті мерзім ішінде мәслихат хатшысы өз өкілеттігі шеңберінде мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдың 24 наурызынан бастап 2017 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша барлығы 176 өкімдер қабылдады.

Жеке құрам бойынша осы мерзімде барлығы 20, негізгі қызмет бойынша- 54 өкімдер қабылдады.

Еңбек демалысы, іс сапарларға жіберу туралы есепті мерзімде 102 өкім қабылданды.

Жылдық жұмыс жоспарлар депутаттардың тұрақты комиссияларда талқылауынан кейін ғана, ең келелі мәселелермен толықтырыла отырып, сессия қарауына енгізілуде.

Сессия қарауына енгізілген мәслелелердің жан-жақты дайындалуына басты көңіл бөлінеді.

Мәслихаттың өткен сессиялары жөнінде мақалалар аудандық баспасөз беттерінде жарияланып отырды.

Депутаттардың бәрі дерлік өздерінің сайлау алды бағдарламаларын және сайлаушылармен кездесу барысында туындаған талап-тілектерін іске асыру мақсатында ауданның атқарушы органдарының алдына талаптар қойып отырады. Олар ауданда өтетін атаулы даталарда өтетін іс-шараларға ат салысып келеді. Атап айтар болсақ, өткен жылы өткен «Мектепке барар жол», «Балалар күні» мерекелеріне арналған акцияларға қатысып тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балаларды мектепке дайындауға өз қаражаттарынан көмек көрсетті. Сонымен қатар, аудандағы мүгедек балаларды оңалту бағдарламасының іске асуына да үлес қосып келеді. Әр депутат өз округіндегі мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге жаңа жылдық сыйлықтар жасауды дәстүрге айландырған.

Аудандық мәслихаттың депутаттарының сайланғандарына бір жылдан астам уақыт болды. Осыған байланысты олардың сайлаушылар алдындағы есептерін өткізу мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық жұмыстар жасалынды. Оларға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының анықтамалығы мен мәслихатта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттық, әдістемелік-методикалық материалдар жиынтығы дайындалып берілді.

Депутаттық корпустың жұмыстары әр түрлі формада атқарылады. Оның бірі – мәслихаттың тұрақты комиссияның отырысы. Тұрақты комиссияның жұмысын сипаттай келе, ондағы сұрақтарды қарап, талқылау кезіндегі депутаттардың ұстанымдарын, біліктілік пен нақтылықтарын атап өту қажет. Олар отырыста қаралатын жобалардың, құжаттардың әр жолына үңіле қарап, оны әзірлеушілерге өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, олар ұсынған шешімдерге тез арада келіспей, пікір-таластар туындайды. Бұл дұрыс, себебі әр ұсынылған жобада аудан тұрғындарының қызығушылығын танытатын сұрақтардың болуы керектігін депутаттар жақсы түсінеді.

Аудандық мәслихат депутаттары Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларын насихаттауда тұрақты жұмыс жасауда. Депутаттар өздері сайланған сайлау округтері тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырып келеді. Әр ай сайын сайлаушыларды қабылдау күні белгіленіп, ол алдын ала аудандық газетке және мәслихаттың веб сайтына жарияланған кесте бойынша жүзеге асырылады.

Мен, мәслихат хатшысы ретінде, сайлаушылардың жеке сұрағы бойынша қабылдауды әр аптаның сейсенбісі сайын сағат 15.00-ден сағат 18.00-ге дейін, аппарат басшысы Аманкелді Тұрысбекұлы Иманбаев әр аптаның сәрсенбісі сайын сағат 15.00-ден сағат 18.00-ге дейін , аппараттың құрылымдық бөлімше басшысы Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекова күнделікті сағат 10.00-ден сағат 17.00 дейін өткіземіз.Есеп беру кезеңі бойында өздерін мазалайтын сұрақтар бойынша келген азаматтардың барлығы кедергісіз қабылдауларда болып, олардың маңызды сұрақтарының шешімін табу үшін, қызмет басшыларымен жеке кездесіп, сайлаушылардың, қарапайым аудан азаматтарының бір де бір өтініштерін қараусыз қалдырған жоқпыз.

Депутаттардың және мәслихат аппаратының белсенділігінің тиімділігін көтеретін формалардың бірі, олардың жергілікті баспасөз қызметімен тұрақты байланыста болуы болып табылады. Депутаттар мен аппарат қызметкерлері өздерінің мақалаларын аудандық «Кербұлақ жұлдызы» және республикалық апталық «Білім шапағаты» газеттерінің беттерінде жариялап, онда депутаттар мен аппараттың жұмыстарын және депутаттық қызметтің басқа да қырларын көрсетті.

Атап айтсам:

  1. Аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 18(3819) нөміріндегі № 3 Қызылжар сайлау округінің депутаты, мәслихат хатшысы Б.Рысбековтың «1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні» аудан халқын құттықтау мақаласы
  2. 2016 жылғы 2 желтоқсандағы №48 (3849) нөміріндегі Б.Рысбековтың «Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті», « Зор міндет қойылды» мақалалары
  3. 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 49(3850) нөміріндегі газет редакциясының тілшісі Асқар Жұмағалиұлының аппараттың аудан орталығындағы мекеме, ұжым басшылары, округ әкімі, ақсақалдар алқасының төрағасы, ауданымыздағы кәсіподақ ұйымдарының төрағасы мен төрайымының қатысуымен 1-желтоқсан –Тұңғыш Президент күніне арнайы өткізген іс-шараның өтуі жайлы «Елбасы жайлы ой толғады» атты мақаласы
  4. 2016 жылғы 9желтоқсандағы № 49(3850) нөміріндегі № 2 Қарашоқы сайлау округінің депутаты Мұхаметхан Нұреловтың «Айқындалған нақты бағыттар-сенім кепілі» атты мақаласы
  5. 2016 жылдың 16 желтоқсанындағы № 50 (3851) нөміріндегі газет редакциясының тілшісі Асқар Қалиақбаровтың аппараттың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдың мерейтойына орай ауданның мемлекеттік қызметтегі жастары арасында өткізген пікір-таласының өтуі туралы «Ойларын ортаға салды» атты мақаласы
  6. 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Республикалық апталық «Білім шапағаты» газетінің №52-53 (374) нөміріндегі № 12 Қоғалы сайлау округінің депутаты Қайрат Ботайұлы Бекиевтің «Сыбайлас жемқорлық деген не,онымен күрес қағидалары» атты мақаласы
  7. 2017 жылыдң 13 қаңтарындағы № 2(3855) нөміріндегі газет редакциясының тілшісі Асқар Жұмағалиұлының аудандық мәслихат депутаттары, аппарат қызметкерлері, мекеме басшыларының Алматы облысы мәслихатының хатшысы, № 33 Кербұлақ сайлау округінің депутаты Серік Мейірханұлы Мұқановпен кездесу барысы жайлы «Депутаттық қызметтің маңыздылығы» атты мақаласы
  8. 2017 жылыдң 20 қаңтарындағы № 3(3856) нөміріндегі № 11 Талдыбұлақ сайлау округінің депутаты Нұргүл Қабылдақызы Артықбаеваның «Мәңгілік Ел» идеясы атты мақаласы
  9. 2017 жылдың 10 ақпанындағы № 6(3859) нөміріндегі мәслихат аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекованың « Елбасының барша қазақстандықтар үшін жасаған оңтайлы қадамы» атты мақаласы
  10. 2017 жылдың 17 ақпанындағы № 7(3860) нөміріндегі мәслихат аппаратының бас маманы Бейсегүл Бекқожақызы Медетованың « Өмір сапасын арттыратын Жолдау» атты мақаласы
  11. 2017 жылдың 24 ақпанындағы № 8(3861) нөміріндегі мәслихат аппаратының бас маманы Анар Айдарқызы Сейтқұлованың « Кешенді аттестаттау» атты мақаласы
  12. 2017 жылдың 3 наурызындағы № 9 (3862) нөміріндегі № 13 Панфилов сайлау округінің депутаты Бақытбек Сансызбайұлы Есімовтің «Болашаққа сеніммен» атты мақаласы
  13. 2017 жылдың 17 наурызындағы № 11-12(3865) нөміріндегі № 10 Көксу сайлау округінің депутаты Серік Қадыралыұлы Абықановтың « Необходимо проявить активность» атты, осы нөмірдегі мәслихат хатшысы Бөкен Қабиұлы Рысбековтың пен №2 Қарашоқы сайлау округінің депутаты Мұхаметхан Нұреловтың 1997-2001 жылдар аралығында Кербұлақ аудан әкімі болған Сағатбек Кертайұлы Кертаевты еске алу барысындағы «Жамандыққа қимайтын жан еді» және «Бақұл болыңыз, дария кеуде, тау мүсін, ұстаз аға!» атты мақалалары
  14. 2017 жылдың 14 сәуіріндегі аппараттың жетекші маманы Дина Хасенқызы Сайдуллайдың « Кешенді аттестаттау жүргізілуде» атты мақаласы
  15. 2017 жылдың 28 сәуіріндегі № 17 (3870) нөміріндегі Кербұлақ аудандық мәслихатының № 3 Қызылжар сайлау округінің депутаты, мәслихат хатшысы Бөкен Қабиұлы Рысбековтың « Елбасы көрсеткен бағыт» атты мақаласы
  16. 2017 жылдың 12 мамырындағы № 19 (3872) нөміріндегі мәслихат аппаратының бас маманы Бейсегүл Бекқожақызы Медетованың « Мақтан тұтар ардагерлер» атты мақаласы
  17. 2017 жылдың 26 мамырындағы № 21 (3874) нөміріндегі мәслихат аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік - құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы, Қазақстан заңгерлер Одағының мүшесі Гүлмира Әбдғалиқызы Рақымбекованың « Ел мүддесіне адал еңбек-ол мемлекеттік қызмет» атты мақаласы
  18. 2017 жылдың 2 маусымындағы №22 (3875) нөміріндегі мәслихат хатшысы Бөкен Қабиұлы Рысбековтың «Қасіретті жылдар халық жадында» атты және аппараттың бас маманы Бейсегүл Бекқожақызы Медетованың « Служение государству-большая ответственность атты мақалалары
  19. 2017 жылдың 9 маусымындағы № 23 (3876) нөміріндегі мәслихат аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік - құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы, Қазақстан заңгерлер Одағының мүшесі Гүлмира Әбдғалиқызы Рақымбекованың « Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым!» атты және газеттің тілшісі Аңсаған Асанқызының мәслихат хатшысы Бөкен Қабиұлы Рысбековтың және мәслихат депутаттары Жомарт Саханұлы Бозымбеков, Жұмакүл Сейдахметқызы Садықованың

«Нұр Отан» балаларға» атты акциясына қатысулары жайлы «Қуаныш сыйлаған күн» атты мақаласы

  1. 2017 жылдың 23 маусымындағы №25 (3878) нөміріндегі мәслихат хатшысы Бөкен Қабиұлы Рысбековтың « Әсерлі сайлауалды кездесу атта және мәслихат аппаратының басшысы Аманкелді Тұрысбекұлы Иманбаевтың « Мемлекеттік қызмет-тарихи бақ, азаматтық мақтаныш!» атты мақалалары
  2. 2017 жылдың 25 тамызындағы № 34(3887) нөміріндегі мәслихат аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік – құқықтық , ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы, Қазақстан заңгерлер Одағының мүшесі Гүлмира Әбдғалиқызы Рақымбекованың «Ата –заңымыздың абыройы асқақ» атты мақаласы
  3. 2017 жылдың 22 қыркүйегіндегі № 38 (3891) нөміріндегі аппараттың бас маманы Бейсегүл Бекқожақызы Медетованың « Тіл-ел байлығы» атты мақаласы
  4. 2017 жылдың 6 қазанындағы № 40 (3893) нөміріндегі мәслихат аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік - құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы Гүлмира Әбдғалиқызы Рақымбекованың « Қарттар-біздің асыл қазынамыз» атты мақаласы
  5. 2017 жылдың 20 қазанындағы № 42 (3894) нөміріндегі аппараттың бас маманы Бейсегүл Бекқожақызы Медетованың « Мое слово о хорошем человеке» атты мақаласы. Осы жоғары көрсетілген мақалалармен тоқталып қалмайды, ауданымызда өтіп жатқан өтетін іс-шараларға әле де мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің қатысатындықтарына кепілдік беремін.

Мәслихат депутаттарының жұмысы көп қырлы. Әрине, мәслихатта шешілетін тапсырмалардың әр түрлілігі, депутаттардың ой – өрісін үнемі дамытып отыруын талап етеді, олар заңнамалық актілерді терең зерделей оқып, әр түрлі қызметтермен іскерлік тығыз қарым -қатынас жасайды.

Сонымен бірге алдағы уақытта да Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде және одан туындайтын мәселелерді жүзеге асыруда атқарушы билікпен бірлессе жұмыс жасауда және жасай бермек. Әсіресе кооперативтер құру мәселесі бойынша әр депутат өз сайлау округтерінде жұмыс жасауда.

Мәслихат аппаратына жоғары органдардан 96, ал жергілікті мекемелерден 52 хат келіп түскен болса, жоғары органдар мен жергілікті мекемелерге жалпы 157 хат жолданды. Барлық хаттарға уақтылы жауаптар берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалаларды, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2013 жылдың 24 сәуірдегі №555 Жарлығына сәйкес, аудан әкімі мен ауылдық округтегі жергілікті қауымдастықтың ұсынысымен 2017 жылдың 9 тамызында Алтынемел, Басши, Қызылжар, Жоламан, Қоғалы ауыл округтерінің әкімдерін сайлау өз дәрежесінде өтті.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты жанама сайлау негізінде сайланатындықтан 2017 жылдың 28 маусымында Алматы облысы бойынша шығып қалған Сенат депутатының сайлауына аудандық мәслихат депутаттары 100 пайыз қатынасып, өз таңдауларын жасап қайтты.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 8 бабының 1 тармағының 1) тармақшасында Мәслихаттар жылына кемінде 1 рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді деп көрсетілген. Осыған орай, осы жылдың қазан айының 04-нен 18-і аралығында барлық ауылдық округтерде өз есебімізді беріп қайттық. Кездесу барысында 21 ұсыныстар мен өтініштер келіп түсті. Есеп беру кезінде сайлаушылар тарапынан айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстар назарға алынып, іс-шара жиынтығы аудан әкіміне жолданды.

Сонымен бірге аудандық мәслихат депутаттары ауданымыздағы көпбалалы, отбасылық жағдайлары төмен жанұя балаларына, жетім, жартылай жетым балаларға уәкіл әке болып тағайындалған. Атап айтатын болсам: № 12 Қоғалы сайлау округінің депутаты, жеке шаруа қожалығының басшысы Бекиев Қайрат Ботайұлы 2004 жылы туылған Тыныстамова Айманға 7 жылға , № 5 Шанханай сайлау округінің депутаты, жеке шаруа қожалығының басшысы Толыбаев Қожабек Қожамқұлұлы 2005 жылы туылған Жанатұлы Жаратқа 8 жылға, № 11 Талдыбұлақ сайлау округінің депутаты, Әлмұхамбетов атындағы орта мектебінің директоры Артықбаева Нұргүл Қабылдақызы 2009 жылы туылған Мухамьярова Жансаяға 12 жылға, № 10 Көксу сайлау округінің депутаты, жеке шаруа қожалығының басшысы Абықанов Серік Қадыралыұлы 2004 жылы туылған Әнет Рамазанға 7 жылға 15000 теңгеден депозитқа ақшалай төлем түсіруде, ал № 13 Панфилов сайлау округінің депутаты Есімов Бақытбек Сансызбайұлы 2004 жылы туылған Ардакел Еркегүлдің күздік, жаздық, мектепке арналған барша түрдегі, бас және аяқ киімдерімен, жаздық ауданнан тыс демалыс лагерьлеріне жолдамалармен қамтамасыз етіп отырады. Аудандық мәслихат пен тұрақты комиссиялар жұмысы сайлаушылар тарапынан «қанағаттанарлық» деген баға алды.

Алдағы уақытта аудандық мәслихат депутаттары аудандық атқарушы билікпен бірлесе отырып ауданның әлеуметтік – экономикалық, мәдени дамуына өз үлесін қосады деп ойлаймын.

Құрамы бес адамнан тұратын аудандық мәслихат аппараты, депутаттарға қажетті ұйымдастырушылық, құқықтық және әдістемелік көмекті тұрақты түрде беріп отырады.

Мен бүгін депутаттар мен сессияға қатысушыларға 2017 жылдың 9 ай қортындысы бойынша аудандық мәслихаттың атқарған жұмыстары туралы хабарлама жасадым.

Жұмысымыздың жағымды жақтарынан басқа, кемшіліктеріміз де бар, оған біз дер кезінде шаралар қабылдап, оны жетілдіріп және жақсарту бойынша жұмыстар жүргіземіз. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерінің, әр депутаттың сессия мен отырыстарға дайындық жүргізу кезіндегі жұмыстарға көмектесу белсенділіктерін үнемі көтеріп отыру қажет. Біз тұрғындармен байланыс жасап отыруды ешқашан ұмытқан емеспіз, сайлаушылармен жүйелі түрде кездесулер өткізіп, олардың әлеуметтік мәселелерін шұғыл түрде және тиімді шешеміз.

Көп жұмыс атқарылды, бірақ алда да істелінетін істер мол. Президентіміз Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жолданылатын Жолдаулары біздің барлығымыздың өз қызметтерімізді жетілдіруге, істі нақтылай анықтап, оларды шешуге, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі дамытуға, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағыттап, жол сілтейді.

Осы жолда біріге жұмыс істесек алмас қамал жоқ деп аяқтағым келеді.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

 

 
Депутат, Кербұлақ аудандық
мәслихатының депутаты                                                       Б. Рысбеков
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.