Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 39

Жаңалықтар

Дөңгелек үстел

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 29.11.2017
Оқылды: 103 Печать страницы
Дөңгелек үстел

2017 жылдың 29 қарашасында сағат 15 00 де Кербұлақ аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде ауданның басқарма, бөлім басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, аудандағы «Ауыл», «Ақ жол» партияларының өкілдері, мемлекеттік қызметтегі жастар, білім және ғылым, ауылшаруашылық қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарының төрағасы мен төрайымы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Менің Президентім» атты дөңгелек үстел (сұрақ-жауап, сұхбаттасу жиыны) іс-шарасы жоғарғы деңгейде өткізілді.

Іс-шараны Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызы кіріспе сөзімен ашты. Іс-шара аудандық Ә.Сарыбаев атындағы көркемөнерпаздар ұйымының сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын қатысушылардың жанды дауыспен айтулары арқылы ашылды.

Келесіде депутат,Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы Рысбеков Бөкен Қабиұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы туралы « Менің Президентім» тақырыбында үлкен баяндама жасады.

Баяндама аяқталғаннан кейін ауданның сауда саласына, ауылшаруашылық қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымына еңбегі сіңген, аудандағы «Ауыл» партиясының өкілі, зейнеткер Жетпісбай Бақтыкерей Тұрлыбайұлы өз пікірімен және ойларымен бөлісті.

Сонымен бірге іс-шараға қатысушылар, атап айтқанда депутат, « Нұр Отан» партиясының өкілі Бозымбеков Жомарт Саханұлы , білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Момбаева Лязат Хайдарқызы өздерінің іс-шараға арнайы дайындап келген шағын баяндамаларымен бөлісті.

Іс-шара аудандық мәслихат аппараты қызметкерлері құрылымдық бөлімше басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызы мен бас маман Медетова Бейсегүл Бекқожақызының Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы қызықты деректер арқылы әзірлеген сұрақ-жауап викторинасымен жалғасын тапты. Викторина барысында іс-шараға қатысушылар өздерінің Елбасы жайлы білетіндерін аппараттың қызметкерлері берген қосымша ақпараттарымен толықтырды.

Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар Сарыөзек ауыл округінің әкімі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту , жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және аудандық кірістер басқармасы басшылары, аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің және де жастар ресурстары орталығының жастары, аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінің тілшісі өздерінің осындай ауқымды және танымды іс-шараға қатысып, өздеріне көптеген мәліметтер алғандарын тілдеріне тиек етті. Іс-шара аудандық Ә.Сарыбаев атындағы көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Іс-шараны аудандық мәслихатының хатшысы Б.Рысбеков қорытындылап, іс-шараға қатысушыларға, мемлекеттік қызметтегі жас мамандарға алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен және де алда келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекелерімен шын жүректен мәслихат депутаттарының корпусы мен аппарат қызметкерлері атынан құттықтады.

Іс-шара соңында қатысушылар естелікке суретке түсті.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.