Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 41

Жаңалықтар

«Менің Президентім!»

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 29.11.2017
Оқылды: 148 Печать страницы

Күлдір-күлдір кісінетіп күрең мінген, тебінгі теріс тағынып, темір қазық жастанып, ел тыныштығын күзеткен баһадүрлер еске түседі... Күлтегін айтқан бу мен дым бүріккен алай-дүлей жел, бұрқырап тасып жатқан сулар, найқалған нуларды кешіп өтіп, елімді ел етемін, жерімді көгертемін деп атқа қонған қайтпас қайсар батыр елестейді көз алдымызға... Өн бойына Ұлы даланың ұлы өсиеттерін, қадірлі қасиеттерін, асыл ойлары мен мерейлі ұстанымдарын сіңірген,

елі-халқының бағына туған дара тұлға. Елінің ұлы аманатын арқалаған Тұңғыш Президент бес қаруы бойында, бөрілі байрағы қолында, сауыт-сайманы саудырап, тарихтың ту-у тереңінен желе жортып, небір аласапыраннан міз бақпай өтіп, жеңіспен келе жатқан хас батырдай көрінеді...

Ұқсатам Күлтегіндей кемеңгерге-деп белгілі ақын Жадыра Дәрібаева жырлағандай, әлем картасынан орын алған Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған тұлға. «Атаның баласы болма, Адамның баласы бол» - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, қарапайым қазақ отбасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасатты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге. Елбасы еліне сенеді, елі Елбасына сенеді.

Тілі бөлек, тілегі бір, жаны бөлек, жүрегі бір сан қилы қан кешуден сабырмен өткен халқымыз қай қиындықта да тату бірлігін, тамаша тірлігін жалғастыра бермек. Мемлекеттік тәуелсіздікті төрт аяғынан тең тұрғыза алған Н. Ә. Назарбаев еліміздің алда тұрған бірнеше он жылдығына жүйелеп жоспар құрып, халқына қамқорлық жасаудан тайынбайтынын өзі бірнеше рет дәлелдеді. Елбасымыздың саясатына қолдау көрсету – халықтың еншісінде. Тәуелсіздігіміздің, болашағымыздың негізі рухани тірегі, кепілі – байырғы халқымыз. Елбасымыздың мемлекетті басқару кезіңдегі, жүргізіп келе жатқан саясаты өзге мемлекеттерге қарағанда сапалы және тиімді. Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді.

Біз ең бай мемлекетпіз, халқымыз ең бақытты халық. Даламыз егісті, Ордамыз қеңесті! Елімнің елдігін көрсетіп, ерлігін танытқан да елбасым. Елбасының үздік еңбегі осы нұрлы күнге жеткізді.

Экономикасы, саясаты, ұстанымы тұрақты Қазақстанды әлем алғаусыз мойындады. Әлем алдында Қазақстанның да, оның Тұңғыш Президентінің де беделі күн санап өсе берді.

Елінің осындай ері барын жас та, кәрі де мақтан етеді. Ақ батасын жаудырып, ақ тілегін арнап, жыры мен әніне қосады. Қарапайым халықтың жүрекжарды рахметі мен ықыласы шексіз. Тіпті, соңғы Президент сайлауындағы жұрттың оған қатынасуы мен дауыс беру көрсеткіші Елбасыға деген ел сенімінің жарқын көрінісін айғақтай түскендей. Бүтін бір елдің мұндай ұйысуы, бірауыздылығы, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруы – бұрын-соңды болмаған жетістік, қастер тұтар жеңіс. Ата-бабамыздың аңсаған арманы да – осы елдің ынтымағы, мызғымас тұтастығы, тұғырлы тәуелсіздігі емес пе еді?!

«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан» деп атқа мінген Елбасы алда жолыққан барлық қиындықтарға төтеп беріп, қысталаңда жол тауып, елін мақсатты биігіне бастай білді. Бір бойында ұлтының барлық асыл қасиеттері барлығын көрсетті.

Елбасының қабілет-қасиеті, сарабдал саясаткерлігі мен көрегендігі, іскерлігі мен керемет ұйымдастырушылық қабілеті туралы өзіміздің де, шетелдің де небір сұңғыла сарапшылары жазып келеді. Олардың еңбектерінде оның мемлекет құрудағы тегеуріні, даму бағытын анықтаудағы алысты болжауы, өрелі істерге кірісудегі көзсіз тәуекелі, туабітті алғырлығы туралы талданып жазылады. Оның еңбегін айтып жеткізу мүмкін емес шығар. Жазылған дүниелердің өзін оқып, түйсініп, сүйсінудің өзі – бір бөлек әңгіме. Әлемдік экономиканың өріс-өрімін, терең иірімдерін жете зерттеген Елбасы Қазақстанның дамуын жаңа, тың да тиімді жолға салды. Қазақтың байырғы үрдіс, ұстанымдары, тұрмыс-салты, таным-түйсігін табиғи жаратылысын ескере отырып, «Мәңгілік Ел» атты жүрек тебірентер межені белгіледі. Жұмыр жердің қай түкпірінде игі бастамалар, жаңа әдістер, оң үрдістер бар – соның бәрін сын тезінен, көңіл сүзгісінен өткізіп, өз ыңғайымызға қарай қолданудың жолдарын қарастырды. Әлемнің озық ойлы, талантты сәулетші, экономист, саясаткерлерімен ашық пікірлесіп, соны идеяларын солармен талқылап, ой қазанын қайнатты. Бүгінде Қазақстанның да, оның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да әлем қауымдастығы алдында айшықты орны, берік беделі бар. Қойнауы қазынаға толы, бейбітшілік пен берекені, достық пен татулықты ту еткен елімізге дүниежүзінің алға шыққан атақты кәсіпорындары, фирмалары мен компаниялары инвестиция салып, бизнесін дамытуға ынталы. Бұл – ел дамуының, халқымыздың әл-ауқатының үздіксіз өсуінің негізі. Елбасы елін осыған жұмылдырып, осыған үндеп отыр. Осы үшін біздің Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан – қазақ елінің, тұңғыш Президентіне алғысымыз шексіз!

Міне, тарих сағаты сынға қойған осы міндеттердің барлығын тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атқарып шықты, әлі де атқарып келеді. Тіпті, Жаратқан Иеміз осынша қабілет-қарым берген Елбасы, Ұлт Көшбасшысы тек біздің еліміздің ғана бірегей саяси-тарихи тұлғасы ғана емес, әлемдік деңгейде зор беделге ие саясаткер ретінде мойындалды. Оның озық бастамалары – тек біздің еліміз ғана емес, әлем елдері елең етіп, қызу қуаттар бастамаларына айналды. Оның бірден - бір дәлелі «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуі.

Елі алдында, ел бастаған ерек ойлы Елбасы, Астанадай айшықты елордасы бар қазақ елінің әлі талай асуларды аларына әрбір қазақстандық қалтқысыз сенеді. Ал, сенім бар жерде табыс пен жеңіс бар. Ендеше, берекелі еліміздің болашағы зор, жетістіктері баянды , мерекеміз құтты, еліміз бай-қуатты болсын. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын —Тұңғыш Президент күні біз үшін де өте қадірлі мереке. Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті жерлестер!.

 

Мәслихат хатшысы Б. Рысбеков

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.