Навигация

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 52

Случайные фото

Жаңалықтар

Жүрегі кең жан мерекесі қарсаңында

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 29.11.2019
Оқылды: 81 Печать страницы
Жүрегі кең жан мерекесі қарсаңында

2012 жылдың бірінші қысқы күні Қазақстан тұрғындары үшін тағы бір мереке және демалыс күні болды. 2012 жылдан бастап 1 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі.

Елбасының ерен еңбегі, биік бедерінің арқасында Қазақстанның іргесі тыныш, аспаны ашық.

Осынау атаулы мереке қарсаңында мерекелік іс-шара 2019 жылдың 29 қарашасында Кербұлақ ауданында аудандық Әбікен Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде өткізілді.

Мереке барысында түрлі салада еңбек етіп жүрген ауданымыздың азаматтары марапаттарға ие болды. Солардың ішінде Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы Айгүл Рысдәулетқызы Бөгенованың еңбегі еленіп, Кербұлақ ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Осы орайда, Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты бас маман Айгүл Рысдәулетқызы Бөгенованы марапатымен құттықтаймыз.

Біз, Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлері Елбасының қай қасиетін болса да ерекше бағалаймыз, әрдайым мақтан тұтамыз.

Мереке қарсаңында барша қазақстандықтарды 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаймыз. Әр адамды алға жетелеп, армандарын мақсатқа айналдыратын — жауапкершілік пен адамгершілік. Қазақ елінің аспаны әрдайым ашық болсын!

Әрбір азаматқа президентіміздей әр істе жауапкершілігі жоғары

болуды жазсын.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.