Навигация

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 51

Случайные фото

Жаңалықтар

Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына орай Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған мерейтойлық сессиясы өтті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 25.12.2019
Оқылды: 28 Печать страницы
Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына орай Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған мерейтойлық сессиясы өтті

2019 жылдың 25 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша сағат 1100 де аудандық Әбікен Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының 25 жылдығына орай Кербұлақ аудандық мәслихатының мерейтойлық салтанатты сессиясы өткізілді. Мерейтойлық сессия жұмысына аудандық мәслихатының әр шақырылымдарының белсенді депутаттары мен аудан әкімі Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық бөлім, мекеме басшылары қатысты. Мереке барысында аудандық мәслихатының № 3 Қызылжар сайлау округінің депутаты, мәслихат хатшысы, «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы» Рысбеков Бөкен Қабиұлы баяндама жасады, мерейтойлық сессия барысында 2019 жылдың 24 желтоқсанында өткен Алматы облыстық мәслихатының 25 жылдық мерейтойлық сессиясында аудан әкімі Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев, Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы Бөкен Қабиұлы Рысбеков және Кербұлақ аудандық мәслихатының 1994-2016 жылдар аралығында депутаты және мәслихат хатшысы болған, «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы», «Құрметті депутат» төсбелгілерінің иегері, мемлекеттік қызметтің ардагері Есенбай Әбдірахманұлы Сұраншынов облыстық мәслихат тарапынан «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл»мерекелік медальдарымен марапатталғандары туралы сессия жұмысына қатысушыларға хабардар етілді. Сахна төріне аудан әкімі Бигелдиев Махаббат Сәдуақасұлы шақырылып, барша депутаттарға құттықтау сөзін жолдап, марапаттау рәсіміне көшіп, төмендегідей марапаттар тапсырылды:

Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына орайҚазақстан Республикасы Парламент Сенатының Құрмет грамотасымен аудандық мәслихатының V-VI шақырылымының № 3 Қызылжар сайлау округінің депутаты, мәслихат хатшысы «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы» Бөкен Қабиұлы Рысбеков ,Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл толу салтанатына орай «Қазақстанмәслихаттарына 25 жыл мерекелік медалімен және «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісіменIV-V-VI шақырылымдарының №13 Панфилов сайлау округінің депутаты, «Дәурен» жеке шаруа қожалығының басшысы, «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы» Бақытбек Сансызбайұлы Есімов, «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл мерекелік медаліменжәне Білім және ғылым Министрлігінің Алғысымен VI шақырылымының № 9 Басши сайлау округінің депутаты,Райымбек батыр атындағы орта мектеп директорыЕркебұлан Амантайұлы Самылтыров,«Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл мерекелік медалімен, Алматы облыстық мәслихатының Құрмет Грамотасымен1994 жылдан Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратында қызмет атқарып, бүгінгі күні сол аппараттың ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы,Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекова және осындай мерекелік медальдарымен аудандық мәслихатының I-V шақырылымдарының ардагердепутаттарымен қазіргі VI шақырылым депутаттары марапатталды. Мерейтойлық сессия соңында аудандық Ә. Сарыбаев атындағы мәдениет үйі қызметкерлері дайындаған мерекелік концерттік бағдараламасы болып, іс-шараның соңы мерекелік дастархан мен концерттік бағдарламаға ұласты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.