Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 55

Случайные фото

Жаңалықтар

Хабарлама

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 02.11.2020
Оқылды: 20 Печать страницы

«Құқықтық актілер туралы» Заңның 33-1 бабының және Үкіметтің 2020 жылғы 16 шiлдедегi № 451 қаулысымен бекітілген нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының талаптарын сақтау қажет екендігін назарларыңызға жеткіземіз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді үйлестірушісі ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұдан әрі – Үйлестіруші) анықталғанын және әзірлеуші органдар ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін Documentolog немесе ЭҚАБЖ жүйесі бойынша тікелей Үйлестірушінің мекенжайына жіберу қажет (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті немесе Ғ.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми зерттеу институты).

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жатпайтын НҚА тізімі

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының;
  2. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының нормативтік құқықтық актілерінің;
  3. Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның Палаталарының нормативтік қаулыларының;
  4. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларының;
  5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының;
  6. заңнамалық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына және Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларының;
  7. нормативтік құқықтық актілердің күші жойылған деп тану жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің;
  8. тиісті аумақта карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу (күшін жою) туралы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің;
  9. сайлау учаскелерін құру және үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы нормативтік құқықтық актілердің;
  10. әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату және қайта құру, олардың шекаралары мен бағыныстылығын белгілеу және өзгерту, оларға атау беру және қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы нормативтік құқықтық актілердің;
  11. елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы нормативтік құқықтық актілердің;
  12. республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілердің;
  13. барлық деңгейдегі бюджеттерді бекіту туралы нормативтік құқықтық актілердің;
  14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы нормативтік құқықтық актілердің;
  15. республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы нормативтік құқықтық актілердің;
  16. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекті тарифтерді, бағаларды бекіту туралы нормативтік құқықтық актілердің;
  17. жария сервитутты белгілеу туралы нормативтік құқықтық актілердің;
  18. мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілердің;
  19. мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Баспасөзде жарияланбай», «Баспаға арналмаған» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қолданылмайды.

Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап сондай-ақ ұсынылған тізімдегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.