Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 56

Случайные фото

Жаңалықтар

Жұмыс тобының отырысы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 28.01.2021
Оқылды: 10 Печать страницы
Жұмыс тобының отырысы

2021 жылдың 28 қаңтарында ZOOM бағдарламасы арқылы қашықтықтан жергілікті уақыт бойынша сағат 1000 де Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған өңірді дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуын талқылау бойынша Алматы облыстық мәслихатының хатшысы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас мамандары мен Алматы облыстық мәслихат аппараты қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобының отырысы өтті. Аталған отырысқа Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және Кербұлақ аудандық мәслихатының 13 депутаты бір ауыздан қатысты.

Жиынды Алматы облыстық мәслихатының депутаты, облыстық мәслихат хатшысы Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы ашып, барлық отырысқа қатысып отырған депутаттарды VII шақырылым депутаттары болып сайлануларымен шын жүректен құттықтап, сайлаушылардың сеніміне ие болып, құрметті де, жауапкершілігі мол тапсырмаларды орындау жолында табыс тіледі.

Отырыс барысында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Қожағұлқызы Тойлыбаева өңіріміздің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бағытында әзірленген «Жол картасының» басты басымдықтары туралы түсініктеме берді.

Әрі қарай талқыланып отырған мәселе бойынша Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы Арайлым Жұмағұлқызы Әлімбекова, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының салаларының шығындарын жоспарлау бөлімінің бас маманы Ернар Мұхтарханұлы Нұршатовтар сөйледі.

Жиын соңына қарай Депутат, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Ж.Ә. Жөргенбаев отырыстың күн тәртібіндегі мәселені қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды белгілеп, барша отырысқа қатысушы депутаттарды осы мәселенің орындалуына ат салысуларын сұрай келе, қатысушыларға өз ризашылығын білдіріп, Пандемияға байланысты іс-шараларды әрі қарай қатаң сақтауларын ескертіп, отырысты жабық деп жариялады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.