Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 56

Случайные фото

Жаңалықтар

VII шақырылған Кербұлақ облыстық мәслихатының депутаттарымен кездесу

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 09.02.2021
Оқылды: 4 Печать страницы
VII шақырылған Кербұлақ облыстық мәслихатының депутаттарымен кездесу

2021 жылдың 9 ақпанында Кербұлақ аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде КОРОНАВИРУС індетіне байланысты барлық сақтық шараларын және әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып, депутаттардың отырыстарын екі топқа бөлу арқылы Мәслихат хатшысы Қайрат Ботайұлы Бекиев, аппарат басшысы Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекованың қатысуымен Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаттарымен кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Отырыс барысында Мәслихат хатшысы мен аппарат басшысы арнайы депутаттар үшін аппарат басшысының бастауымен аппарат қызметкерлері жинақтаған депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында пайдаланатын әдістемелік құралдар жиынтығын таратып , сонымен қатар депутаттардың құзыреттері , олардың атқаратын жұмыстары, аудан тұрғындары алдында есеп беру, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау кестелері, депутаттардың сайлауалды бағдарламаларындағы атқаратын өз жауапкершіліктеріне орындауға алған іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Аппарат басшысы Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекова депутаттарға өздерінің депутаттық мәртебелерін көтеру, атқарып жатқан іс-шараларын және олардың ашықтығын сайлаушыларға көрсету мақсатында әрдайым жасалған жұмыстарын инстаграмм желісіндегі арнайы жеке парақшаларына уақытылы салып отыруларын, бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне мақалаларын жариялауларын ескертті.

Отырыс соңында аудандық мәслихатының VIIшақырылым депутаттары жеке мәслихат хатшысы Қ. Бекиевке, аппарат басшысы Г. Рақымбековаға және аппарат қызметкерлеріне өздеріне көрсетіліп жатқан әдістемелік көмектер мен беріліп жатқан ақпараттарға ризашылықтарын білдіріп, әрі қарай депутаттар корпусы мен аппарат қызметкерлері бірлесе қоян-қолтық нәтижелі жұмыс жасайтындарын айтып өтті.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.