Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 63

Случайные фото

Жаңалықтар

Тазалық сенбілігі

«Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 96-тармағын орындау жөніндегі 2021 жылғы 8 маусымдағы №17-13/01-82//413 тапсырмасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 18 қыркүйегінде еліміздің барлық аумақтарында «World Cleanup day 2021»/«Birge – taza Qazaqstan» бүкіләлемдік акцияны жүйелі негізде өткізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты ауданымызды қоқыстан тазарту мақсатында Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлері барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып сенбілікке шықты.
Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.09.2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ. ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫ

2021 жылғы 1 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 11-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жолдады. Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттың хатшысы Қайрат Ботайұлы Бекиев бастаған аппарат қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының тікелей эфирін үлкен ықыласпен тыңдады. Өз Жолдауында ел Президенті Қ.Тоқаев жалпы елге мемлекеттік қаржыны, мемлекеттік қарызды, бюджеттік саясатты, Ұлттық Қорды басқару бойынша ережелер жиынтығы қажет екенін атап өтті. Президент Үкімет пен Ұлттық банкке жыл соңына дейін мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, Ұлттық геологиялық қызметті құруды, азық-түлік бағасын бақылауға жауапты мемлекеттік органдарда тәртіп орнатуды тапсырды, Қазақстандағы орыс тілінің мәртебесі туралы айтты, Президент барлық қазақстандықтарды қазақ тілін үйренуге шақырды. Бұл патриотизмнің басты белгісі. Сонымен қатар, егер б...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.09.2021

Қайырымдылық игі іс

Жылда дәстүрлі түрде өтетін әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету, әлеуметтік осал топтағы отбасынан шыққан жеткіншектер себепсіз мектепке бармай қалудың алдын алу үшін ауданымызда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Осындай игі іс биылғы жылы да өзінің кезекті жұмысын бастаған. Осыған сейкес, бүгін Депутат, Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы Бекиев Қайрат Ботайұлы мен аппарат басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызы ауданымыздағы Д. Қонаев атындағы орта мектебіне барып мәслихат тарапынан қайырымдылық көмек көрсетіп қайтты.
Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.08.2021

Стихия

Биылғы жылдың ауа райының ерекше ыстық болу, жауын-шашынның аздығы, қолайсыздығы мен құрғақшылықтың салдарынан Маңғыстау облысы қатты зардап шекті. Республикамыздың әрбір органдары зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып, қомақты үлестерін қосуда. Осы орайда Депутат, Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы Бекиев Қайрат Ботайұлының бастамасымен аппарат басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызы басқарып отырған аппарат қызметкерлері қолайсыз табиғи қуаңшылықтан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде, өздерінің біркүндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жіберді.
Толығырақ... Оқылды: 6 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.08.2021

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары
Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.08.2021

«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!»

2021 жылдың 9 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 14 00 де Коронавирус індетіне байланысты барлық сақтық іс-шараларды және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып Кербұлақ ауданы әкімінің жұмыс кабинетінде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары Ж. Ашимжанов, Ж. Телпекбаева және Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Ж. Жөргенбаев Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттық корпусымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының Кербұлақ ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» бағдарламасы аясында, ауданның әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалымен танысып, депутаттар бір-бірімен пікір алмасып, көптеген мәселелер талқыланды.
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.07.2021

Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз

Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз https://www.facebook.com/100023299428602/videos/1013233269463311/
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 31.05.2021

Комиссия жұмысының нәтижелерін талқылау

2021 жылдың 29 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 16 30 Коронавирус індетіне байланысты барлық сақтық шараларды сақтай отырып, Кербұлақ аудандық мәслихатының Депутаттық бөлмесінде Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылымының «Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық және азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқық жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2021 жылғы 13 сәуірде өткен отырысындағы «Аудандағы су тасқыны жағдайына дайындық туралы» мәселені пысықтау, кемшіліктерді анықтау мақсатында мәслихат хатшысының 2021 жылғы 26 сәуірдегі «Уақытша комиссиялар құру туралы» № 13-ө өкімімен құрылған комиссиясының ауылдық округтерге шыққандағы жұмыстарының нәтижелерін талқылауы өткізілді.
Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.04.2021

Жетінші шақырылымның тұрақты комиссиясының отырысы өтті

2021 жылдың 13 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 15 00де Коронавирус індетіне байланысты барлық сақтық шараларын және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, Кербұлақ аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Тұрақты комиссия отырысына , аудандық мәслихатының хатшысы Бекиев Қайрат Ботайұлы, тұрақты комиссияның төрағасы Бақытбек Сансызбайұлы Есимов, мүшелері Бөкен Қабиұлы Рысбеков, Гүлжан Алтынбекқызы Камамбаева, Серік Қадыралыұлы Абықанов, Марат Мекетайұлы Нұрбеков, Сәбит Малікұлы Сүлейменов, Мәслихат аппаратының басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызы, аппарат қызметкерлері және Кербұлақ аудандық кәсіпкерлік бөлім басшысының міндетін атқарушы Дәурен Айдынұлы Сәрсенбин қатысты. Отырыс барысында «Қазақстан Республикасындағы жергіл...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.04.2021

Тұрақты комиссия отырысы өткізілді

2021 жылдың 13 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 1030 Коронавирус індетіне байланысты барлық сақтық шаралар мен әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттық бөлмесінде жетінші шақырылымының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық және азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқық жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді. Тұрақты комиссия отырысына Депутат, аудандық мәслихатының хатшысы Бекиев Қайрат Ботайұлы, Мәслихат аппаратының басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызы, Кербұлақ ауданыныңтөтеншежағдайбөлімініңбастығы,азаматтыққорғаумайоры Тазабеков Ринат Талғатұлы жәнеКербұлақ ауданы әкіміаппаратыныңәскерижұмылдыру жұмыстары және аумақтық қорғанысжөніндегібас инспекторы Сейдахметов Асхат Дүйсенбайұлы және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты. Отырыс барысында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғ...
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.04.2021
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.