Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 63

Случайные фото

Жаңалықтар

Аппаратное совещаниес сотрудниками аппарата

2021 жылдың12сәуіріндежергілікті уақыт бойынша сағат 9 00 де Коронавирусіндетіне байланыстыбарлық сақтық шаралардыжәнеәлеуметтік арақашықтықтыұстанаотырып,Кербұлақ аудандық мәслихатыаппаратының басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызыныңжұмыскабинетіндеаппарат қызметкерлерімен2021 жылдың13сәуіріндеКербұлақ аудандық мәслихатының Депутаттықбөлмесінде аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық және азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқық жөніндегі және Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссияларының отырыстарында қаралатын мәселерді талқылау өткізілді. Аппарат жиналысында аппарат басшысы Г. Рақымбекова қызметкерлерге түсініктеме және отырысты жоғары деңгейде өткізу барысындағы әдістемелік нұсқаулықта...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.04.2021

Мемлекеттік басқару академиясы кемінде 2 жылдық еңбек өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді 2020-2021 оқу жылына грантқа түсуге шақырады!

Магистратура: 1 жыл: -MPA «Мемлекеттік басқару» -EMPA «Мемлекеттік басқару» (өндірістен қол үзбей) -MIR «Халықаралық қатынастар» -EMBA «Іскерлік әкімшілік» (өндірістен қол үзбей) -MRD «Өңірлік даму» (өндірістен қол үзбей) 2 жыл: -MPP «Мемлекеттік саясат» -ME «Экономика» ⠀ Докторантура: 3 жыл -DPA «Мемлекеттік басқару» -DIR «Халықаралық қатынастар» ⠀ Қажетті құжаттар тізімі: Өтініш Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі Мемлекеттік тілді меңгеру туралы QAZAQ RESMI TEST немесе QAZTEST сертификаты (В1-ден кем емес) Шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат Магистратура үшін: IELTS немесе IELTS indicator-4.0 TOEFL PBT-437 TOEFL IBT-41 APTIS-B1/4.0 Докторантура үшін: IELTS немесе IELTS indicator 5.5 TOEFL PBT-513 TOEFL IBT-65 APTIS-B2/5.5 Ағылшын тілі оқу тілі болып табылатын шетелдік білім б...
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.04.2021

Встреча с многодетной мамой

2021 жылдың 31 наурызында КОРОНАВИРУС індетіне байланысты барлық сақтық шараларын сақтай отырып,»Nur Otan» партиясынан депутат, Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы Қайрат Ботайұлы Бекиев ауданымыздың «Алтын алқа» иегері, көпбалалы 6 қыз, 3 ұлдың (оның ішінде екеуі студент және Күреңбел қазақ орта мектебінің қабырғасында білім алып жатқан 7 баланың) анасы Әліппиева Назгүл Асхатқызымен Канвассинг кездесу өткізді. Кездесу барысында ауданымыздың демографиясын көтеру бағытында үлесін қосып жүрген, құрметке ие анамызды ауданымыздың тініс-тіршілігімен хабардар етіп, пікір алмасты.
Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 31.03.2021

Прямой эфир

Халықпен кері байланыс деңгейін көтеру, тікелей эфир тәжірибесін кең пайдалану және атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы аудан тұрғындарын хабардар ету мақсатында «Nur Otan» партиясынан депутат, Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы 2021 жылдың 31 наурызында әлеуметтік желілер арқылы «Депутатқа сауал қой» тақырыбында тікелей эфир өткізді. Тікелей эфир барысында «Nur Otan» партиясының аудандық сайлауалды бағдарламасы және «Жол картасы» бойынша атқарылып жатқан және атқарылатын жұмыстар жайлы ақпарат беріп өтті. Оқырмандармен пікір алмасты.
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 31.03.2021

Жаңалықтар

2021 жылдың 1 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 10 00де КОРОНАВИРУС індетіне байланысты барлық сақтық шараларын ескере отырып , Әбікен Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Кербұлақ аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен «Nur Otan» партиясының құрылуы, Көктемнің алғашқы күні, Алғыс айту , Қазақстан халқы Ассамблеясы күндеріне орай салтанатты жиын өткізілді. Жиынға Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттық корпусы мен аппарат қызметкерлері толық қатысты. Салтанатты жиналыстың соңы Кербұлақ аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған театрдың ашылуына ұласып, М. Мақатаевтың «Қош махаббат» атты пьесасының қойылымы көрсетілді.
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.03.2021

VII шақырылған Кербұлақ облыстық мәслихатының депутаттарымен кездесу

2021 жылдың 9 ақпанында Кербұлақ аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде КОРОНАВИРУС індетіне байланысты барлық сақтық шараларын және әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып, депутаттардың отырыстарын екі топқа бөлу арқылы Мәслихат хатшысы Қайрат Ботайұлы Бекиев, аппарат басшысы Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекованың қатысуымен Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаттарымен кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Отырыс барысында Мәслихат хатшысы мен аппарат басшысы арнайы депутаттар үшін аппарат басшысының бастауымен аппарат қызметкерлері жинақтаған депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында пайдаланатын әдістемелік құралдар жиынтығын таратып , сонымен қатар депутаттардың құзыреттері , олардың атқаратын жұмыстары, аудан тұрғындары алдында есеп беру, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау кестелері, депутаттардың сайлауалды бағдарламаларындағы атқаратын өз жауапкершіліктеріне орындауға алған іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Аппарат басш...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.02.2021

«Жетісу-адалдық алаңы»

2021 жылдың 4 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 12 00 де «Жетісу-адалдық алаңы» жобасы аясында Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы Қайрат Ботайұлы Бекиев мәслихаттың жұмысы мен аудан халқын мазалайтын өзекті сұрақтарына жауап беру мақсатында тікелей эфирге шықты. Эфир барысында аудан тұрғындарынан келген сұрақтарына жауаптар берілді. Тікелей эфир соңында хатшы өз тарапынан «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші барша ауданның белсенділері, ақылшы ақсақалдар мен салиқалы ақ жаулықты аналар, жалынды жастар мен орта буын өкілдерін аудандағы барша жұмыстарды бірлесе атқарып, жандандырса, алынбайтын қамал жоқ, ел болашағы үшін, тұған жерімізідің гүлденуіне еңбек етуге шақыра отырып, өзінің және аудандық мәслихатының аппарат басшысының аудан тұрғындарының тараптарынан туындаған маңызды мәселелері бойынша қабылдау күндері мен кестесіне қатысты ақпарат беріп өтті.
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.02.2021

Жұмыс тобының отырысы

2021 жылдың 28 қаңтарында ZOOM бағдарламасы арқылы қашықтықтан жергілікті уақыт бойынша сағат 1000 де Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған өңірді дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуын талқылау бойынша Алматы облыстық мәслихатының хатшысы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас мамандары мен Алматы облыстық мәслихат аппараты қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобының отырысы өтті. Аталған отырысқа Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және Кербұлақ аудандық мәслихатының 13 депутаты бір ауыздан қатысты. Жиынды Алматы облыстық мәслихатының депутаты, облыстық мәслихат хатшысы Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы ашып, барлық отырысқа қатысып отырған депутаттарды VII шақырылым депутаттары болып сайлануларымен шын жүректен құттықтап, сайлаушылардың сенім...
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.01.2021

Хабарлама

«Құқықтық актілер туралы» Заңның 33-1 бабының және Үкіметтің 2020 жылғы 16 шiлдедегi № 451 қаулысымен бекітілген нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының талаптарын сақтау қажет екендігін назарларыңызға жеткіземіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді үйлестірушісі ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұдан әрі – Үйлестіруші) анықталғанын және әзірлеуші органдар ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін Documentolog немесе ЭҚАБЖ жүйесі бойынша тікелей Үйлестірушінің мекенжайына жіберу қажет (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті немесе Ғ.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми зерттеу институты). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жатпайтын НҚА тізімі Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының; Қазақстан Ре...
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 02.11.2020

HR-семинар

2020 жылдың 30 қазанында Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараттық жиналысында, аппарат басшысы Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекова Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімше басшысы Ляззат Қабижанқызы Санатбаева мен аппараттың бас маманы Бейсегүл Бекқожақызы Медетованы 2020 жылдың 30 мамыры мен 24 қазаны аралығында Персоналды басқару қызметі қызметкерлерін дамыту бағдарламасымен HR практикумы: «HR трендтері және практикалық дағдылар» тақырыбы бойынша қашықтықтан онлайн бағдарламасы арқылы оқу барысында көрсеткен белсенділіктері үшін Озық тәжірибе саласында ACSH серіктестігінің Мақтау Грамотасымен марапаттап, аппарат қызметкерлеріне өзінің жылы лебіздерін білдіріп, болашақта жетістіктерге жету жолындағы алған бағыттарынан таймай, мемлекеттік қызметтерін абыроймен атқаруларына тілектестігін білдірді.
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.10.2020
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.