Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 63

Случайные фото

Жаңалықтар

Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына орай Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған мерейтойлық сессиясы өтті

2019 жылдың 25 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша сағат 1100 де аудандық Әбікен Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының 25 жылдығына орай Кербұлақ аудандық мәслихатының мерейтойлық салтанатты сессиясы өткізілді. Мерейтойлық сессия жұмысына аудандық мәслихатының әр шақырылымдарының белсенді депутаттары мен аудан әкімі Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық бөлім, мекеме басшылары қатысты. Мереке барысында аудандық мәслихатының № 3 Қызылжар сайлау округінің депутаты, мәслихат хатшысы, «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы» Рысбеков Бөкен Қабиұлы баяндама жасады, мерейтойлық сессия барысында 2019 жылдың 24 желтоқсанында өткен Алматы облыстық мәслихатының 25 жылдық мерейтойлық сессиясында аудан әкімі Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев, Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы Бөкен Қабиұлы Рысбеков және Кербұлақ аудандық мәслихатының 1994-2016 жылдар аралығында депутаты және мәслихат хатшысы болған,...
Толығырақ... Оқылды: 207 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.12.2019

Жүрегі кең жан мерекесі қарсаңында

2012 жылдың бірінші қысқы күні Қазақстан тұрғындары үшін тағы бір мереке және демалыс күні болды. 2012 жылдан бастап 1 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі. Елбасының ерен еңбегі, биік бедерінің арқасында Қазақстанның іргесі тыныш, аспаны ашық. Осынау атаулы мереке қарсаңында мерекелік іс-шара 2019 жылдың 29 қарашасында Кербұлақ ауданында аудандық Әбікен Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде өткізілді. Мереке барысында түрлі салада еңбек етіп жүрген ауданымыздың азаматтары марапаттарға ие болды. Солардың ішінде Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы Айгүл Рысдәулетқызы Бөгенованың еңбегі еленіп, Кербұлақ ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Осы орайда, Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты бас маман Айгүл Рысдәулетқызы Бөгенованы марапатымен құттықтаймыз. Біз, Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлері Елбасының қай қасиетін болса да ерекше бағалаймыз, әрдайым мақтан тұтамыз. Мереке қарсаңында б...
Толығырақ... Оқылды: 232 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.11.2019

«Ағаш отырғызу»

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің «Ағаш отырғызу» акциясына жол тартулары мен қосқан үлестері. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі ҚР Үкіметі отырысындағы № 33 хаттамасының 3.2-тармағының орындалуын қамтамасыз ету мақтасында Кербұлақ ауданы бойынша 2019 жылдың 11 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 14 30 өткізілген «Ағаш отырғызу» акциясына Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы Бөкен Қабиұлы Рысбековтың бастауымен мәслихат депутаттары және аппарат қызметкерлері белсене қатысып, өз үлестерін қосты.
Толығырақ... Оқылды: 239 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.10.2019

Жақсы істер!

1-қазан бүкіл саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кездегі елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері бүгінгі күні ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз де қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты қамқорлық жасауда. Осы мереке барысында аудандық мәслихатының құрылымдық бөлімше басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызы бастап, бас маман Бөгенова Айгүл Рысдаулетқызы бірге аудандық мәслихат тарапынан Сарыөзек ауылының тұрғындары, зейнеткер Борисова Надежда Николаевна мен Махова Тамара Васильевналарға барып, кездесіп, хал-жағдайларын біліп, оларды төл мерекелерімен құттықтап, демеушілік көмек көрсетіп, өткен жылдарды еске алып, әңгіме-дүкен құрып, қуаныштарына ортақтасып қайтты. Осындай игі іс-шаралар аудандық мәслихатының аппаратында ұзақ жылдар бойы атқарылып, жыл са...
Толығырақ... Оқылды: 231 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.10.2019

«ЕҢ БАСТЫСЫ – ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ»

Күнтізбеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 23 маусым «Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесімен толыққан болатын. Мерекенің мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің беделін көтеру. Сондай кезекті мерекелік іс-шара Кербұлақ ауданында аудан әкімі Махаббат Садуақасұлы Бигелдиевтің бастауымен 2019 жылдың 20 маусымында өткізілді. Аудан әкімінің марапаттауына Кербұлақ аудандық мәслихатының құрылуынан бастап еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей өзінің қызметін төменгі сатыдан бастаған, бүгінгі күні өзінің беделді, жауапкершілікке мол, ізденістен жалықпаған, адал да абыройлы еңбегінің, кәсіби шеберлігінің, «Ең бастысы-елге қызмет ету» - деген ұстанымының арқасында Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы болып отырған, Қазақстан Республикасы Заңгерлер Одағының мүшесі, көптеген марапаттардың иесі Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекованы...
Толығырақ... Оқылды: 244 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.06.2019

Медициналық зерттеу

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің тапсырмасы негізінде және Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының хатына сәйкес, 2019 жылдың 3 мамырында «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме қызметкерлері толығымен Кербұлақ аудандық орталық ауруханасынан медициналық тексеруден өтті.
Толығырақ... Оқылды: 255 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.05.2019

Выполняя поручения .....

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің тапсырмасы негізінде және Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының хатына сәйкес, Кербұлақ аудандық орталық ауруханасына 2019 жылдың 10 сәуірінде шығыс нөмірі 80-59-80/45 хатымен «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме қызметкерлерін медициналық профилактикадан өткізуге тізімі жолданып, аталған тапсырманы орындау үшін әрекет жасалуда.
Толығырақ... Оқылды: 187 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.04.2019

Жаңалықтар

2019 жылдың 26 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00 де Кербұлақ аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының екінші отырысы өткізілді. Күн тәртібінде Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау және Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесі туралы Ережесін әзірлеу мәселелері қаралып, толығымен талқыланып, дауыс беру арқылы өз шешімін тапты
Толығырақ... Оқылды: 267 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.02.2019

Президент күні

2011 жылғы 10 желтоқсандағы Парламент Сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылып Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам болып белгіленді. Осындай мемлекеттік мерекеге орай 2018 жылдың 30 қарашасында аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің қатысуымен «Менің Президентім-менің мақтанышым!» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында мәслихат хатшысы Бөкен Қабиұлы Рысбеков Елбасы туралы жалпы баяндама жасап, баяндамадан соң депутаттар мен аппарат қызметкерлері Елбасы туралы өз ойларын ортаға салып, қызықты деректер, сирек кездесетін мәліметтер мен фотосуреттерін назарға ұсынды. Сонымен қатар Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары да талқыланып, Жолдау - ол халықпен сырласу, ақылдасу, халыққа келешектегі жоспарды жеткізу...
Толығырақ... Оқылды: 298 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.11.2018

Семинар отырысы

2018 жылдың 23 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 11 00 де Кербұлақ ауданының әкімшілігінің мәжіліс залында ауданның өкілетті және атқарушы органдары қызметкерлеріне Алматы облыстық әділет департаменті, аумақтық құқықтық статистика орталығы және АОНИТ қызметкерлерінің бастамашылығымен нормативтік құқықтық актілерді ИПГО арқылы рәсімдеу, электронды бақылау банкінде жариялау және де бағдарламаны пайдалану барысы бойынша ауқымды семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңес барысында аудандық бөлімдердің, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары талқыланған мәселелер бойынша өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, оларға нақты және сенімді ақпараттар алды. Семинар-кеңестің соңында облыстық департамент, орталық және АОНИТ қызметкерлері аудандағы өкілетті және атқарушы орган қызметкерлеріне нормативтік құқықтық актілерді автоматты тіркеу бойынша электронды нұсқаулықтарын берді.
Толығырақ... Оқылды: 245 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.10.2018
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.