Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 63

Случайные фото

Хабарландырулар

Кербұлақ аудандық мәслихаты ауданның қоғамдық кеңесі хатшысының техникалық лауазымына қабылдауын хабарлайды

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 24.05.2021
Оқылды: 48 Печать страницы

Кербұлақ аудандық мәслихаты ауданның қоғамдық кеңесі хатшысының техникалық лауазымына қабылдауын хабарлайды

 

Индексі 041100, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі №10,
телефон/факс: 8(72840) 3-15-97, 3-11-49. Электрондық пошта: kerbmaslihat@mail.ru, БСН 030740004191

 

Кербұлақ ауданы Қоғамдық кеңесінің хатшысы (техникалық лауазым) «Д» санаты (1 бірлік) лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 57232 теңгеден 64045 теңгеге дейін.

«Д» санатындағы Қоғамдық кеңестің хатшысына мынадай талаптар белгіленеді:

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғарғы (немесе жоғарға оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және тиісті мамандық бойынша 2 жыл кем емес жұмыс өтілі.

 

Функционалдық міндеттері:

  1. Қоғамдық кеңес төрағасының, төралқа мүшелерінің және қоғамдық кеңес мүшелерінің тапсырмаларын орындайды;
  2. Қоғамдық кеңес өткізуді ұйымдастырады, қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібін дайындайды;
  3. Қоғамдық кеңес мүшелеріне және шақырылған тұлғаларға отырыстың өту орны мен уақыты туралы хабарлайды;
  4. Қоғамдық кеңес мүшелерін қоғамдық кеңес отырыстарын өткізгенге дейін қажетті материалдармен , құжаттармен және ақпаратпен қамтамасыз етеді;
  5. Қоғамдық кеңес отырысының хаттамаларын рәсімдеуін және оларға қол қоюын жүргізеді, қабылданған шешімдерді(ұсынымдарды) қоғамдық кеңес мүшелеріне, мүдделі тараптарға таратуды жүзеге асырады;
  6. Қоғамдық кеңесте жалпы іс қағаздарын жүргізеді және ұйымдастырады, қоғамдық кеңес басшылығына кіріс қоңырауларын қабылдайды;
  7. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, өтініш беруші-адресаттарға өтініштерді қарау қорытындылары бойынша қоғамдық кеңестің дайындаған жауаптарын таратуды жүзеге асырады;
  8. Қоғамдық кеңестің қарауына келіп түскен құқықтық актілер жобаларының есебін жүогізеді, келіп түскен құқықтық актінің жобасын қарауға қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім қабылдау үшін қоғамдық кеңестің мүшелеріне таратуды жүзеге асырады;
  9. Қоғамдық кеңестің дайындаған ұсынымдарына қол қоюды ұйымдастырады және ұсынылған құқықтық актінің жобасын әзірлеуші органға жібереді;

Білуге тиіс:

  1. Қоғамдық кеңестердің құқықтарын анықтайтын жіне қызметін реттейтін заңнамалық және құқықтық актілер, нормативтік және өзге де құжаттар;
  2. Қоғамдық кеңес туралы ереже;
  3. Іс қағаздарын жүргізуді ұймдастыру, құжаттарды рәсімдеу және өңдеу әдістері, архив ісі;
  4. Үлгі нысандарын пайдалана отырып, іс хаттарын басу тәртібі;
  5. Этика және эстетика негіздері;
  6. Іскерлік қарым-қатынас тәртібі;
  7. Әкімшілік құқық негіздері;
  8. Өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері;
  9. Еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары;

 

Мынадай құжаттар тапсырылады:

1) өтініш

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күннен ерте емес расталған қызметтік тізім.

3) еңбек кітабы

4) жеке басын куәландыратын құжат

5) білімі туралы құжат (құжаттар нотариалды куәландырылған болуы тиіс)

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.