Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 333

Случайные фото

Хабарландырулар

Жетісу облыстық мәслихатының аумақтықсайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМА

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 14.06.2022
Оқылды: 18 Печать страницы
Жетісу облыстық мәслихатының
аумақтықсайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы
ХАБАРЛАМА

 

Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10 – бабына, сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты Жетісу аумақтық сайлау комиссиясының (одан әрі–сайлау комиссиясы) құрамы қалыптастырылатындығы туралы хабарлайды.

Сайлау комиссиясы жеті мүшеден тұрады.

Сайлау комиссияның өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Мәслихатпен белгiлеген, сайлау комиссиясын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) саяси партиялардың, қоғамдық бірлестікттердің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысаны және кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтінішінің нысаны«Jetisy», «Огни алатау» газеттерінің- https://7-su.kz/, https://ognialatau.kz/ сайттарында,Жетісу облыстық мәслихатының«Facebook» - «Жетісу облыстық мәслихаты», «Instagram» - zhetysu.obl.maslihat»атты әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сонымен қатар аудан-қала мәслихаттарының ресми сайттарында орналастырылды.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі Жетісу облысының аумағында тұруға тиіс.

Мәслихатқа ұсынылған барлық құжаттар қағаз форматта қол қойылған, мөрмен расталған болуға және онда орындалған күнін, орындаушы туралы белгі, аты-жөні және оның телефон номері болуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы 14 маусымнан4 шілдеге дейін(дүйсенбіден– жұмаға дейін (жұма күнін қоса алғанда) мемлекеттіек органдардың ресми жұмыс күндері) сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 13:00-ден 14:30-ге дейінүзіліс.

 

Жетісу облыстық мәслихатының хатшысы Г. Тойлыбаева.

Мәслихаттың орналасқан жері: Талдықорған қаласы, Қаратал ш/а, 36а Достық үйі, 65, №204каб.,жауапты тұлғалар – Нұрахметов С.М., Бейсенбаева С.Б.

Қызметтік телефон нөмірі-87004398933, 87014956783, электрондық пошта мекенжайы info@almoblmaslihat.gov.kz.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.