Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 39

Хабарландырулар

Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурстың өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 23.01.2016
Оқылды: 488 Печать страницы

Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурстың өткізілетіндігі туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Кербұлақ аудандық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы  Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізілетіндігін хабарлайды. 

Коммерциялық емес ұйымдардың  және азаматтардың осы хабарлама жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде жергілікті өкілді органға  (мәслихат) жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізулеріңізді сұрайды.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.

1. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға төмендегідей талаптар қойылады:

      1) сотталғандығы болмауы;
      2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
      3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

2. Конкурсқа қатысу үшін:
      1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
      2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша  жұмыс тобына кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган - Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты, пошта мекенжайы: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Б.Момышұлы к-сі 10 үй, индекс 041100, электрондық поштаның  мекенжайы – kerbmaslihat@mail.ru

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.