Навигация

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 51

Случайные фото

Хабарландырулар

Жаңа сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 29.11.2018
Оқылды: 127 Печать страницы
Жаңа сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының
ХАБАРЛАМАСЫ

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына!

 

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң) сәйкес, Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихаты аумақтық және 58 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамының қалыптастырылуы туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиялары жеті адамнан құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы дауыс беруге келген сайлаушылар санына қарай аумақтық сайлау комиссиясы анықтайды.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі-бес жыл.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы

 

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныс бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 20 желтоқсанға дейін тиісті мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:

 

  1. белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

 

  1. тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
  2. саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі
  3. кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші (өтініштің нысанын аудандық мәслихаттан алуға болады);

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңының 23-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда сайлау комиссиясының құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлерінен болмауы тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар), ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды

Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстар қабылдау 2018 жылдың 20 желтоқсанына дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-ге дейін, үзіліс 13-00-ден 14 -00-ге дейін жүргізіледі.

 

 

 

Кербұлақ аудандық мәслихаты

Рысбеков Бөкен Қабиұлы – Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы. Мәслихаттың орналасқан жері: Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы к-сі, 10.

Жауапты адамы – Иманбаев Амангельды Турысбекович, қалааралық телефон коды 8(72840), қызметтік телефоны – 32-1-56, электрондық почта мекен-жайы: kerbmaslihat@mail.ru.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.