Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 53

Случайные фото

Хабарландырулар

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына!

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 20.02.2020
Оқылды: 94 Печать страницы


Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына!


Кербұлақ аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң) 19 бабының 6 тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан «Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы», «Нұр Отан», «Ауыл», «Ақ жол», «Бірлік» партиялары, қоғамдық бірлестіктерінен ұсынылған мүшелері (өз еркілерімен жазған өтініштері негіздерінде) өз міндеттерінен босатылды және Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясының 2019 жылғы «Кербұлақ ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 7 қаулысымен № 1044 жаңа сайлау учаскесінің құрылғандығына байланысты , Кербұлақ ауданында учаскелік сайлау комиссияларында бос орындар пайда болды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабына сәйкес, әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура және саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиялары

2020 жылғы бұқаралық ақпарат құралдарының бетінде жарияланған күннен бастап он бес күннен кем емес мерзімінде тиісті мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссясының шешімінен үзінді көшірме;
  2. саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі
  3. кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші (өтініштің нысанын аудандық мәслихаттан алуға болады);
  4. сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы, бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға тиіс.

Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

 

 

Кербұлақ аудандық мәслихаты

Рысбеков Бөкен Қабиұлы – Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы. Мәслихаттың орналасқан жері: Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы к-сі, 10.

Жауапты адамы – Ракимбекова Гулмира Абдигалиевна, қалааралық телефон коды 8(72840), қызметтік телефоны – 31-1-49, электрондық почта мекен-жайы: kerbmaslihat@mail.ru.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.