Навигация

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 52

Случайные фото

Хабарландырулар

Коронавирустық инфекциядан өзімізді қорғайық !!!

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 01.04.2020
Оқылды: 36 Печать страницы

Инфекцияның алдын алу үшін мамандардың, денсаулық сақтау орталықтарының және құзырлы органдардың, сондай-ақ өзіңіз жұмыс істейтін ұйымның өзіңізді және басқаларды COVID-19-дан қорғауға арналған талаптарын орындаңыз.

Сіз басқалармен байланыста болмай, көшеге шықпай, үйлеріңізде қалған жағдайда өзіңізді және басқаларды COVID-19 вирустық инфекциясынан қорғауға , таралуын болдырмауға көмектесесіз.

Қорқыныштан, үрейден, күмәнданудан, қауесеттерді таратудан аулақ болыңыз, тиісті органдардың сенімді ақпарат көздерін басшылыққа алыңыз.

Коронавирустың алдын-алу:

Әрқашан және барлық жерде міндетті түрде маска (бет перде) кию, қолды жиі және сабынмен жуу, қажет емес сапарлардан аулақ болу және адамдар көп жиналатын орындарға бармау;

Қолыңызды жумай тұрып бетіңізге, мұрныңызға немесе көзіңізге жақын апармау;

Вирус организмге шырышты қабық арқылы тез енетіндіктен, түшкірген, жөтелген кезде әрқашан майлықтар мен бет орамалды қолданып жүру;

Себепсіз дүкендер мен сауда орталықтарына, банктерге баруды азайту;

Егер де мұқтаждықпен бара қалған жағдайда, үйіңізге орала салысымен өзіңізбен бірге болған сөмке, телефон, кітаптарыңыз бен басқа заттарыңызды антисептикалық сұйықтықтармен сүрткеніңіз дұрыс

Егер сіздің жақындарыңыз шетелден, не болмаса COVID-19 вирусының кең таралған аймағынан оралған болса және ол кісілерде суық тиюдің белгілері анықталған жағдайда, олармен байланысты шектеп, медициналық көмекке жүгініңіз абзал.

Егер сіз ауырып қалсаңыз немесе өзіңізді жайсыз сезінсеңіз бірден денсаулық сақтау орындарына бармай, үйден дәрігерге хабарласып, дәрігерді үйден қабылдаңыз. Созылмалы ауруларды емдеу туралы дәрігердің ұсыныстарын мұқият орындаған жағдайда Сіз, сіздің және отбасыңыздың денсаулығын сақтауға көмектесесіз!

 
Барлық қажетті сақтық шараларын сақтай отырып,
Міндетті түрде індетті жеңеміз !!!
 
БІЗ БІРГЕМІЗ!!!
Депутат, Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы
Рысбеков Бөкен Қабиұлы
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.