Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 125

Случайные фото

Жүргізілген сессиялар

Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезекті ХVI сессиясы өткізілді

Санат: Жүргізілген сессиялар
Уақыты: 28.12.2021
Оқылды: 29 Печать страницы
Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезекті ХVI сессиясы өткізілді

2021 жылдың 28 желтоқсанында Коронавирус індетіне байланысты барлық сақтық шараларды және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, жергілікті уақыт бойынша сағат 1100 де аудан әкімдігінің мәжіліс залында, Оффлайн түрінде Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезекті ХVI сессиясы өткізілді.

Сессия күн тәртібінде:

1. Аудандағы учаскелік инспекторлар мен ювеналды полиция қызметкерлерінің кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шаралары мен балалардың құқықтарын қорғау барысындағы атқарылып жатқан жұмыстары туралы аудандық полиция бөлімі басшысының есебі.

2. Аудан мәслихатының қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары ме депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдармен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы аудандық мәслихат хатшысының есебі.

2. Кербұлақ ауданының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы

3. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

4. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекіту және штат саны лимитін белгілеу туралы.

5. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.

6. Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезекті ХVI сессиясының жұмысына он бес күнтізбелік күніне үзіліс жасау туралы.

Әр түрлі мәселелер (ұсыныстар бойынша) қаралып,депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға қанағаттанарлық жауаптар алынып, тиісті шешімдер қабылданды.Сессия жұмысын аудан әкімі Ғ. Сарыбаев қорытындылап, 2021 жылғы орындалған іс-шаралар және 2022 жылға арналған жоспарлармен бөлісіп, сессия жұмысына қатысушыларды келе жатқан Жаңа 2022 жыл мерекесімен шын жүректен құттықтап, табыс тілей келе, аудан игілігі үшін бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.