Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 125

Случайные фото

Жүргізілген сессиялар

КЕРБҰЛАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ VII ШАҚЫРЫЛҒАН КЕЗЕКТЕН ТЫС ХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Санат: Жүргізілген сессиялар
Уақыты: 28.01.2022
Оқылды: 32 Печать страницы
КЕРБҰЛАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ VII ШАҚЫРЫЛҒАН КЕЗЕКТЕН ТЫС ХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

2022 жылдың 28 қаңтарында Коронавирус індетіне байланысты барлық сақтық шаралар мен әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, жергілікті уақыт бойынша сағат 1500 аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде Aitube бағдарламасы арқылы Оффлайн түрде Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезектен тыс ХVII сессиясы өткізілді.

Сессия күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Кербұлақ аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы
  2. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 ақпандағы «Кербұлақ ауданының 2021-2025 жылдарға арналған «Аумақты дамыту бағдарламасын бекіту туралы» № 02-11 шешімін жою туралы
  3. Кербұлақ ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтiк қолдау көрсету шараларын бекіту туралы
  4. Кербұлақ аудандық мәслихатының бірқатар шешімдерін бақылаудан алу туралы
  5. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 67-385 «Аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
  6. Кербұлақ ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы
  7. Кербұлақ ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы
  8. Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы
  9. Кербұлақ ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы
  10. Кербұлақ аудандық мәслихатының экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясының атауына өзгеріс енгізу туралы.

Сессия күн тәртібіндегі бірінші және оныншы мәселелері бойынша аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекова, екінші, үшінші мәселелер бойынша Кербұлақ ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғалым Әділбекұлы Домбаев, төртінші мәселе бойынша аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық және азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Әсем Нұрмұхамбетқызы Ильясова, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Ермек Сарқытбайұлы Досалбаев ұсыныстарын енгізіп, депутаттардың бірауыздан қолдап берген дауыстары нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.