Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 44

Жүргізілген сессиясы

ХХII сессия

Санат: Жүргізілген сессиясы
Уақыты: 21.12.2017
Оқылды: 159 Печать страницы
ХХII сессия

2017 жылдың 21 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша сағат 1000 де аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі, әкім орынбасарлыры, мекеме, басқарма, ұжым басшылары, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, жергілікті учаскелік полиция инспекторлары, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қатысуымен Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылыған кезекті ХХII сессиясы өткізілді.

Сессия алдында аудан әкімі Бағдат Байшалұлы Алиев Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызын 2017 жылдың 15 желтоқсаны Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алматы облыстық Әділет департаментінде өткен Қазақстан Республикасы Заңгерлер Одағының салтанатты жиналысында Қазақстан заңгерлер одағының мүддесін асқақтатып, құқықтық мемлекет құруға, халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін дамытуға ықпал етіп, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету жолындағы адал еңбегі үшін алған Грамотасымен марапаттап, шын жүректен құттықтады.

Сессия күн тәртібінде: Қазақстан Республикасының «Жер Кодексіне» сәйкес жер ресурстарының пайдалануы мен қорғалуының жай – күйі барысында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану, арнайы жер қорын құру және аудан аумағындағы барлық жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу мәселелері туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қартбаев Мақсат Ғабитұлының, Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» Заңына сәйкес, аудандағы құқық бұзушылық профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау жол жүрісі кауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдер қылмыстылығы саласындағы атқарылып жатқан жұмыстары туралы полиция майоры , жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Тлеуов Қабыл Әбдірайымұлының есептері, Кербұлақ ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Шалқыбай Молдахметұлы Төлегеновтың баяндамасы, Кербұлақ аудандық мәслихатының 2018 жылға арналған жұмыс жоспары туралы Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Аманкелді Тұрысбекұлының ұсынысы қаралып, аудандық жергілікті полиция қызметіне аудандық мәслихат депутаттары тарапынан «қанағаттанарлық» деген баға берілді, басқа қаралған мәселелер аудандық мәслихаты депутаттарының оң шешімін алды. Сессия соңында аудан әкімі Бағдат Байшалұлы Алиев сөз алып сессияға қатысушыларды өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен және келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтады. Ауданның бюджетіне қатысты өзінің пікірлерін ортаға салды. Сөзінің соңында барлық қатысушыларға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмыла үлестерін қосып, игілікті істерді бірге атқаруға шақырды.

Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджетін бекітуіне байланысты «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 4-тармағына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті ХХII сессия жұмысына он бес күнтізбелік күніне үзіліс жарияланды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.