Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 39

Жүргізілген сессиясы

2018 жылдың 19 наурызында келесі XXIX сессиясы өтті

Санат: Жүргізілген сессиясы
Уақыты: 19.03.2018
Оқылды: 31 Печать страницы
2018 жылдың 19 наурызында келесі XXIX сессиясы өтті

2018 жылдың 19 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 10 00 де аудан әкімдігінің мәжіліс залында Кербұлақ ауданының әкімі, әкім орынбасарлары, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімінің басшылары, бөлім, басқарма, комитет басшылары, «Нұр отан», партиясының өкілі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл округ әкімдері, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, аудандық жастар ресурстары орталығы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен кербұлақ аудандық мәслихатының vi шақырылған кезекті ххiх сессиясы өтті. Сессия күн тәртібінде қазақстан республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңына сәйкес аудандағы мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Болысбай Тоғысбайұлы Момбаевтың есебі тыңдалды, мәселені қарау барысында аталмыш сұрақ бойынша № 11 талдыбұлақ сайлау округінің депутаты, тұрақты комиссия және уақытша құрылған жұмыс тобының мүшесі Нұргүл Қабылдақызы Артықбаева теңбаяндамамен және қарашоқы ауылдық округінің әкімі Дина Ирасылқызы Ақбасова, ал күн тәртібіндегі қазақстан республикасы президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «ұлт жоспары-бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының iii-тарауындағы 84 қадамының (әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру) аудан көлемінде орындалу барысы жайлы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек бөлімшесінің сектор меңгерушісі Жұмабике Нұрсұлтанқызы Қалықова есеп берді, осы мәселе бойынша кербұлақ аудандық мәслихатының №1 жоламан сайлау округінің депутаты, аудандық білім, денсаулық сақтау,мәдениет,спорт, турзим, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, уақытша құрылған жұмыс тобының жетекшісі Азамат Бейсенбайұлы Жанаберлиев теңбаяндама жасап, жарыссөзге шықты. Сессия жұмысы барысында аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Жалғас Мәлікұлы Қатжанов кербұлақ ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы ұсыныс енгізді. Сессия жұмысының соңында келесі кезекті ххх сессиясының төрағасы болып № 4 сарыбұлақ сайлау округінің депутаты марат нұрмұханұлы айнабеков бір ауыздан сайланды.

Сессия барысында мәслихат депутаттары өздерін мазалайтын сұрақтарды қойып, қызу талқылауға қатысты.сессия соңында аудан әкімі бағдат байшалұлы алиев сөз алып,сессия жұмысына қатысушыларды келе жатқан наурыз мерекелерімен құттықтап, ауданымыздың болашағы үшін қай салада болсын атқарылатын жұмыстарды, іс-шараларды бірігіп атқаруға шақырды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.