Навигация

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 52

Случайные фото

Жүргізілген сессиясы

VI шақырылған кезекті LI сессиясы өткізілді

Санат: Жүргізілген сессиясы
Уақыты: 14.10.2019
Оқылды: 144 Печать страницы
VI шақырылған кезекті LI сессиясы өткізілді

2019 жылдың 14 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00 де аудандық әкімдігінің мәжіліс залында Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті LI сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Серікбай Бакенұлы Қожахметов, аудан әкімінің орынбасарлары, басқарма, мекеме, бөлім басшылары, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілі, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл округтерінің әкімдері, ірі шаруа қожалықтарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылып, қатысты.

Сессия күн тәртібінде:

1. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудан ауылшаруашылығын субсидиялау және шағын несиемен қамтамасыз ету мәселесі туралы аудан аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудан әкімі орынбасарының есебі.

2. Аудан мәслихатының қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдармен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы аудандық мәслихат хатшысының есебі.

3. Аудан мәслихатының «Ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау жөніндегі» тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы туралы есебі.

4. Жоламан, Сарыбұлақ ауылдық округ әкімдерінің көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларын қорғау және қолдау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары туралы есептері.

5. Кербұлақ ауданы Шанханай ауылдық округі Шанханай ауылының атауын Шоқан ауылы деп өзгерту туралы.

6. «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы.

7. Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті LII сессиясының төрағасын (төрайымын) сайлау туралы.

8. Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті LI сессиясының жұмысына он бес күнтізбелік күніне үзіліс жариялау туралы сұрақтары қаралып күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша аудан әкімінің орынбасары С. Қожахметов, екінші сұрақ бойынша аудандық мәслихатының хатшысы Б. Рысбеков, үшінші сұрақ бойынша аудандық мәслихатының аталмыш тұрақты комиссиясының мүшесі Қ.Бекиев, төртінші сұрақ бойынша Жоламан ауылдық округінің әкімі Д. Нүспеков, Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Е. Қоңқышев есептерін берді. Сессия күн тәртібіндегі енгізілген мәслелер толығымен қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.


 

Құрметті депутаттар, сессия жұмысына қатысушылар!!!

 

Кербұлақ аудандық мәслихаты өзінің конституциялық өкілеттігін мәслихат аппараты қызметкерлерімен бірлесе отыра, 2018 жылдың 27 желтоқсанында өткен Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті ХХХХII сессиясында № 42-229 шешімімен қабылданған Кербұлақ аудандық мәслихатының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімі аппаратымен, аудандық ұйымдармен, мекемелермен және ауылдық округтермен тығыз байланыста жүзеге асырады.

Аудандық мәслихат депутаттары өздерінің тікелей депутаттық өкілеттіктерін орындай отырып, аудан әкімдігінің жанынан түрлі консультативтік-кеңесші органдардың және де ауылдық округтердегі әлеуметтік мәселелерге байланысты құрылған комиссия құрамдарына кіреді. Мәслихат жұмысына да белсене қатысады. Жаңа депутаттық корпустың құрамы әртүрлі. Олардың ішінде денсаулық сақтау, білім беру саласының қызметкерлері, сонымен бірге үлкен өмірлік және кәсіптік тәжірибесі бар адамдар жиналып отыр. Жаңадан сайланған депутаттардың көбі – мықты шаруа қожалық басшылары, яғни, ауданымыздың экономикасы мен әлеуметтік саласына үлес қосып жүрген адамдар. Олардың тәжірибесі мен білімі өкілетті орган қызметінің тиімділігін арттыруға әсер етеді.

2018 жылдың желтоқсанынан бастап 2019 жылдың есепті мерзіміне дейін аудандық мәслихатында 15 сессия өткізілді, оның ішінде 7 кезекті және 8 кезектен тыс. Барлық қаралған мәселелер бойынша жалпы 71 шешім қабылданды.Алматы облыстық әділет департаментінде жалпы есептік мерзімінде 11 шешім тіркелді. Сессия шешімдерімен Кербұлақ ауданы әкімінің және әкімдігінің жанынан бірқатар комиссияларға және кеңестерге, аудан әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізілді.

Аудандық мәслихаттың үш тұрақты комиссиялары жұмыс атқарады. Мәслихаттың «Ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау жөніндегі» (комиссия төрағасы № 8 Өнеркәсіп сайлау округінің депутаты Мұратбек Ахметжанов), «Аудандық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі» (комиссия төрағасы № 1 Жоламан сайлау округінің депутаты Азамат Бейсенбайұлы Жанаберлиев), «Аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көріктендіру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі» (комиссия төрағасы № 9 Басши сайлау округінің депутаты Еркебұлан Амантайұлы Самылтыров), тұрақты комиссияларында жалпы 29 отырыс өткізіліп, оларда 46 қаулы қабылданды.

Мәслихаттың тұрақты комиссия отырыстарында маңызды мәселелер де ескерілді: Ауданның, ауылдық округтердің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттері мен оларға енгізілген өзгерістер, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне» сәйкес, ауылдық округтердегі жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетінің кіріс көздерінің түпкілікті нәтижелері туралы Қоғалы және Қарашоқы ауыл округ әкімдерінің есептері, Кербұлақ ауданының 2016-2020 жылдарға арналған «Аумақты дамыту бағдарламасын бекіту туралы», Кербұлақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы, Кербұлақ ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына тұрғын үй сатып алу үшін 7-20-25 ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округінің оңтүстік батысындағы бірқатар көшелерге атау беру туралы,Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына сәйкес, аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының жағдайы, бұқаралық спорт және денешынықтырудың қолжетімділігін арттыру, жастарды қолдау мәселелерінің орындалуы туралы, Қызылжар, Қаспан, Көксу, Шұбар ауылдық округ әкімдерінің елді мекендерді көркейту, табиғат ресурстарын қорғау мен санитарлық тазалық жөніндегі атқарып жатқан жұмыстары туралы есептері, Кербұлақ аудандық және ауылдық округтерінің 2018 жылғы бюджеттерінің орындалуы және бюджеттік қаржыларының өз бағыттарында жұмсалуы туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың қаңтарындағы №19 «Әкім дердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Кербұлақ ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы туралы аудан депутаттарының алдындағы есебі, жоғарыда аталған тұрақты комиссияларының атқарған жұмыстары туралы есептері, «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы

Тұрақты комиссиялардың жұмысын сипаттайтын болсақ, аудандық мәслихат хатшысының өкімдерімен сессияның қарауына енгізілген мәселелерді әзірлеу бойынша арнайы уақытша жұмыс топтары құрылып, жаднамалар дайындалып, аппарат қызметкерлерімен бірлесе отырып атқарады. Тұрақты комиссиялардың құзыреттеріне кіретін сұрақтар бойынша жобалық құжаттардың әрқайсысына көңіл бөліп, әзірлеушілерге өздерін қызықтыратын сұрақтар қояды, олар ұсынға шешімдерімен дереу келіспейді, қызу талқылауға қояды. Атқарушы органдардың , тұрақты комиссиялардың араласуын талап ететін барлық проблемалық мәселелер ауданның, ауылдық округтердің әкімдіктерінің назарына уақытылы жеткізіледі.

Ауданымыздағы «Нұр Отан» партиясының фракциясы да белсенді жұмыс істейді. Бұл партияның бағдарламалық құжаттарын түсіндіру, қоғамдық қабылдаудың жұмысы, сайлаушылармен олардың жеке сұрақтары бойынша кездесулер, қоғамдық, еңбек ұжымдарымен кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіреді. Жолдауға сәйкес айтатын болсам: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 3 қыркүйекте ел халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын ұсынды. Жолдау осы жылдың маусым айында сайланған Президенттің тұңғыш Жолдауы болғандықтан, ерекше қызығушылық тудырады. Жолдаудың міндеттері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерімен сәйкес келеді, бұл оның өзі қабылдаған шешімдердің жүйелілігін және олар үшін нақты жауапкершілікті сезінетіндігін көрсетеді.

2019 жыл Қазақстан қоғамының өткір саяси мәселелерді талқылауға белсенді қатысуға дайын екенін көрсетті. Қоғамдық-саяси реформаларға сұраныс бүгінгі күні ерекше жоғары. Сондықтан да Қоғамдық диалог тақырыбы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауының өзегі болып отыр. Елдің саяси жүйесін кезең-кезеңмен жаңаша жаңғыртуға шақыра отырып, Президент оның базалық сипатын атап көрсетеді: «...елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпайынша, табысты экономикалық реформаларға қол жеткізу мүмкін емес».

Осыған байланысты көп партиялықты одан әрі дамыту, қоғамдық келісімді сақтау, халықпен тиімді байланыс орнату, митингілер туралы заңнаманы жетілдіру сияқты мәселелерге баса назар аударылды.

Президент еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтудың «негізгі кілті» болып табылатын тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл жөнінде ол: «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», – деп атап көрсетті.

Президент өз Жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, бизнесті дамытуға, қаржы ресурстарын дұрыс бөлуге, халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуге, ел аймақтар арасындағы теңсіздікті жоюға және басқа да халықты толғантып жүрген мәселелерге ерекше көңіл бөлді. Алдағы саяси реформалар сияқты бұл жұмыс Қазақстанның әрбір азаматы мемлекет тарапынан қамқорлықты сезінуіне және өзінің конституциялық құқықтарын қорғауға сенімді болуына бағытталуы тиіс деді.

Білім беруге бұрынғыдай мемлекеттің дамуындағы стратегиялық роль беріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында республика ауылдарындағы мектептердегі білім беруді жетілдіру, жоғары оқу орындары жұмысының сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесі де көтерілді.

Президент өз Жолдауында көрсеткендей, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі білім беру сапасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сондықтан Президент атап өткендей, «маман даярлау ісі еліміздегі және ғаламдағы еңбек нарығынан тыс қалмағаны жөн». Сөйтіп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жоғары оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті, білікті маман дайындау, олардың оқу бітіргеннен кейінгі «өмірден өз орнын табу», яғни жұмысқа орналасу мәселесін қатаң қадағалаумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, оны коммерцияландыру бағытында қарқынды және нақты жұмыстарды жасауға үлкен міндеттер артып отыр.

Президент өз Жолдауында қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының осы түрін неғұрлым сындарлы деп есептей келе, азаматтарды ашық диалогқа шақырады. Президент өзекті, шешімін күтіп тұрған мәселелердің бар екенін ашық айта келе, оларды шешудің ұтымды жолдарын ұсынады. Сонымен қатар Президент өзінің уәдесін орындады және жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайтуды тапсырды.

Азаматтарымыз бен бизнес Мемлекет басшысының монополистерге қарсы күресуге шақыруын қолдайды деп ойлаймын.

Қ.Тоқаев «Елімізде азық-түлік пен киім-кешектен бастап, түрлі қызметтерге дейін бағаның өте жоғары екені жасырын емес» деп бағаның өсуіне байланысты да сыни пікірін айтты.

Микро және шағын бизнес саласындағы жаңадан құрылған компанияларды негізгі қызмет түріне салынатын салықтан үш жылға босатылуы Президенттің ерекше резонанс тудырған тапсырмаларының бірі болды. 2020 жылғы қаңтардан бастап, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімім күшіне енеді.

Мемлекет басшысы жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. «Біз оған жол бермейміз. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек, – деді Қ.Тоқаев.

Кәсіпкерлер өтінген тағы бір шешім – 5 пайыздық қосымша зейнетақы төлемін енгізу мәселесі 2023 жылға дейін шегерілді. Осы уақыт ішінде ортақ шешім табу қажет.

Зейнеткерлікті қамтамасыз ету мәселесінде тағы бір жаңалық: Мемлекет басшысы Үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты түрде пайдалануына қатысты, мысалы баспана сатып алу немесе білім алу үшін жұмсау мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды тапсырды.

Қ.Тоқаев мемлекетті басқару жөніндегі өзінің формуласын іске асырды. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет». Халық енді жергілікті билік жұмысының тиімділігін тікелей бағалай алады. Сауалнама немесе онлайн-дауыс беру нәтижесінде тұрғындардың 30 пайызынан астамы қала немесе ауыл әкімінің жұмысын тиімсіз деп есептесе, бұл Президент Әкімшілігінің арнайы комиссия құрып, туындаған проблеманы зерттеуіне және тиісті ұсыным енгізуіне негіз бола алады.

Реформаны тек реформа үшін жүргізуге жол берілмейді, – деп санайды Президент.
Әрбір министрде және әкімде нәтижелі жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің тізімі болуы тиіс.

Сол арқылы олардың нақты мақсатқа қол жеткізу деңгейі анықталады.
Айтылған ұсыныстар Мемлекет басшысының елді толғандырған барлық мәселені білетінін, тамыршыдай тап басатынын дәлелдеді.
Жолдау ахуалды жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың нақты жоспарына айналады.

Халық қалаулылары ауданда және өздері сайланған сайлау округтерінде өткізілетін барлық әлеуметтік және саяси іс-шараларға және қайырымдылық шараларға белсенді қатысады. Бұл олардың нақты істерімен расталады. Аудандық мәслихаттың барша депутаттары өз сайлау округтеріндегі көпбалалы, жалғыз басты, отбасыларында мүмкіндіктері шектеулі азаматтары бар отбасыларына мүмкіндіктерінше азық-түлікпен, ағаш отындарымен, малдарына жем-шөппен , балаларын мектепке дайындау кезеңінде, балалардың жазғы демалыстарын арнайы лагерьлерде өткізілеріне демеушілік көмектерін көрсетеді. Жартылай жетім, тұла жетім балаларға нақты айтатын болсам № 11 Талдыбұлақ сайлау округінің депутаты Нұргүл Қабылдақызы Артықбаева, № 12 Қоғалы сайлау округінің депутаты Қайрат Ботайұлы Бекиев, № 13 Панфилов сайлау округінің депутаты Бақытбек Сансызбайұлы Есимов өкіл әке-ана міндеттерін жоғары деңгейде атқарып келеді. Сонымен қатар № 12 Қоғалы сайлау округінің депутаты Қайрат Ботайұлы Бекиев 6 баланың анасы Айгүл Ешпаеваға , ал № 10 Көксу сайлау округінің депутаты Серік Қыдырәліұлы Абықанов Көктал ауылының көпбалалы Меруерт Доланбековаға 4 бөлмелі үйлерін сыйлап, қуанышқа кенелтті. Және де осы іс-шаралар жыл сайын өз жалғасын табуда

Аудандық мәслихаттың депутаттық корпусы мен аппарат қызметкерлері тығыз байланыста жұмыс атқарады. Барлық сессия жұмыстарына аппарат қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттері сәйкес қатысып, құжаттар әзірлейді. Мысалы, жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясына , «Қарттар күніне» арналған іс-шараларға қатысу аудан мәслихатының депутатары мен аппарат қызметкерлерінің қайырымдылық көрсету дәстүріне айналған. Аудандық мәслихатының депутаттық корпусы мен аппарат қызметкерлері бар күштерін ауданымыздың әлеуметтік саласының дамуына және туған жерлерін көркейтуге салады.

Аудандық мәслихаттың аппараты бұқаралық ақпарат құралдарында аудандық мәслихаттың қызметін жариялау бойынша жұмыс жүргізеді, өздерінің мақалаларын, қажетті шешімдерді жариялайды.

Есепті мерзім ішінде тек аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінде аудандық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің 12 мақалалары жарық көрді.

Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте жүрген аппарат басшысы Аманкелді Тұрысбекұлы Иманбаев пен аппарат қызметкерлерінің біліктіліктері мен білімділіктерінің атап айтсам осы мәслихаттық құрылғанынан бері зор және адал еңбегін сіңіріп, бар күш-жігерін осы салаға арнап келе жатқан аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекованың құқықтық біліктігінің арқасында барлық шешімдер, заңды тіркеуден өтетін нормативтік актілер, өкімдер заңға сәйкес қабылдануда.

Сонымен бірге мәслихат аппаратының бас мамандары Бейсегүл Бекқожақызы Медетова, Айгүл Рысдаулетқызы Бөгенова, жетекші маман Қарлығаш Әлмұхамбетқызы Низановларда өз үлестерін қосуда. Мәслихат аппаратының қызметкерлері мәслихатта әр атаулы мерекелерге сай ауданымыздың қарттары, жас мамандар, мекеме, ұжым басшыларымен арнайы кездесулер мен дөңгелек үстел отырыстарын өткізіп, олардың өтілуі туралы арнайы мәслихат сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында жарияланып отырады.

Аудандық мәслихаттың және аудандағы жергілікті атқарушы органдармен өзара түсіністік пен өзара іс-қимылда бірдей жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Депутаттардың атқарушы органмен жұмыс істеп тұрған іскерлік ынтымақтастығы біздің ауданымыздың тұрғындарының мүддесі үшін кез-келген қарсылықсыз және шиеленусіз мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда аудандық мәслихатта өз жұмысын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктер бар. Біз өзіміздің барлық күштеріміз бен білімімізді қойылған міндеттерді ойдағыдай іске асыру үшін қолданамыз.

Есеп аяқталды, назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

 

Кербұлақ аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Рысбеков
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.