Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 53

Случайные фото

Жүргізілген сессиясы

VI шақырылған кезектен тыс LIV сессиясы

Санат: Жүргізілген сессиясы
Уақыты: 28.02.2020
Оқылды: 70 Печать страницы

2020 жылдың 28 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 15-00 де аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезектен тыс LIV сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына ауданда тіркелген саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, аудандық сайлау комиссиясының өкілдері, басқарма, мекеме, бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері шақырылып, қатысты.

Сессия күн тәртібінде:

  1. Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезектен тыс LIV сессиясының келесі күн тәртібі мен жұмыс реті туралы
  2. Аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы
  3. Кербұлақ ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы
  4. Кербұлақ ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы
  5. Кербұлақ ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы
  6. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Кербұлақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 42-233 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтары қаралып, күн тәртібіндегі енгізілген мәселелер толығымен қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

Кербұлақ аудандық мәслихатының
2019 жылғы 9 қаңтардағы
«Кербұлақ аудандық аумақтық
және учаскелік сайлау комиссияларының
мүшелерін сайлау туралы»
№ 42-233 шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
 
 
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 7-1) тармақшасына, Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 17 ақпандағы № 04 және 2020 жылғы 18 ақпандағы № 05 ұсыныстарына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШМ ҚАБЫЛДАДЫ:
   1. Аудан аумағында тіркелген саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Кербұлақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 42- 233 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар:
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясындағы Байжан Руслан Жұмабайұлының орнына аудандық ардагерлер кеңесінен Ғабит Мөлдір Ғабитқызы, № 612 учаскелік сайлау комиссиясындағы Кыстаубаева Калипа Болаткановнаның орнына аудандық ардагерлер кеңесінен Атайбеков Серик Болатович, № 613 учаскелік сайлау комиссиясындағы Муйтунова Турсункуль Джайсарбаевнаның орнына «Ақ жол» партиясынан Джексембаев Жангазы Жуманович, № 613 учаскелік сайлау комиссиясындағы Сайдуллай Дина Хасенқызының орнына «Ауыл» партиясынан Шалшикбаев Акбар Ажогович , № 613 учаскелік сайлау комиссиясындағы Садыханова Улдана Анапияновнаның орнына аудандық ардагерлер кеңесінен Шакарова Күлян Нусупбековна, № 614 учаскелік сайлау комиссиясындағы Калдаев Галымбек Станбековичтің орнына аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағынан Бектемиров Бахытжан Абуталипович, № 618 учаскелік сайлау комиссиясындағы Дәуренбекова Әсел Амантайқызының орнына аудандық ардагерлер кеңесінен Шукебаева Наргиз Мухтаркызы, № 618 учаскелік сайлау комиссиясындағы Есимбекова Айжан Мураткалиевнаның орнына «Ауыл» партиясынан Бейсенбеков Едил Аманкелдиевич, № 620 учаскелік сайлау комиссиясындағы Абдрахманова Гулайым Алимжановнаның орнына Қазақстан коммунистік халық партиясынан Битюцких Марина Геннадьевна, № 635 учаскелік сайлау комиссиясындағы Жамболусова Асель Исатаевнаның орнына «Нұр Отан» партиясынан Казирова Самал Сериковна, № 638 учаскелік сайлау комиссиясындағы Ниязбеков Нурбол Танырбергеновичтің орнына «Ақ жол» партиясынан Бабекенова Асель Кабыловна, № 645 учаскелік сайлау комиссиясындағы Кожахметов Нуржан Калимолдановичтің орнына «Ақ жол» партиясынан Күншуақ Нұржан Айшуақұлы, жаңа құрылған № 1044 учаскелік сайлау комиссиясына «Нұр Отан» партиясынан комиссия төрайымы болып Тулембекова Айгерим Талгатбековна, «Ақ жол» партиясынан комиссия төрайымының орынбасары болып Кыстаубаева Гульшат Болаткановна, «Бірлік» партиясынан комиссия хатшысы болып Джакупова Альфия Бауыржановна, «Ауыл» партиясынан комиссия мүшесі болып Токбосынов Ермек Орынбекович, Кербұлақ аудандық ардагерлер кеңесінен комиссия мүшесі болып Нургалиева Мейрамкуль Абдоллаевна, «Қазақстан коммунистік халық партиясынан» комиссия мүшесі болып Кашаганов Шынгыс Бакытжанович, Аудандық білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағынан Мусанов Канат Толендинович енгізіліп, сайлансын.
 
 
 
Сессия төрайымы                                                           Мәслихат хатшысы
 
________________                                                            __________________
Жұмакүл Сейдахметқызы                                             Бөкен Қабиұлы
Садықова                                                                       Рысбеков
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.