Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 55

Случайные фото

Жүргізілген сессиялар

VI шақырылған кезектен тыс LХІ сессиясы

Санат: Жүргізілген сессиялар
Уақыты: 23.09.2020
Оқылды: 27 Печать страницы

2020 жылдың 22 қыркүйегіндегі жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00 де аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезектен тыс LХІ сессиясының жалғасы өткізілді. Сессия жұмысына ауданда тіркелген саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, аудандық сайлау комиссиясының өкілдері, басқарма, мекеме, бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері шақырылып, қатысты.

Сессия күн тәртібінде:

1. Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезектен тыс LХI сессиясы жалғасының келесі күн тәртібі мен жұмыс реті туралы

2. Кербұлақ ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

3. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қаңтардағы «Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 53-314 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

4. Кербұлақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы.

5. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Кербұлақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 42-233 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Кербұлақ аудандық мәслихатының
2019 жылғы 9 қаңтардағы
«Кербұлақ аудандық аумақтық
және учаскелік сайлау комиссияларының
мүшелерін сайлау туралы»
№ 42-233 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 7-1) тармақшасына және Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 08 ұсынысына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудан аумағында тіркелген саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Кербұлақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 42- 233 шешіміне төмендегі өзгерістер:

№ 593 учаскелік сайлау комиссиясындағы Орынбаева Гүльнар Турсыновнаның орнына «Қазақстанның комунистік халық партиясынан» Мусабаева Назым Женисовна, № 599 учаскелік сайлау комиссиясындағы Жумабаев Сеит Акимжановичтің орнына «Ауыл» партиясынан Қожахметова Айнұр Қайратқызы, № 605 учаскелік сайлау комиссия төрағасының орынбасары Қуанышпаева Гульнара Муратбековнаның орнына «Ауыл» партиясынан Шарипова Жанар Маратовна, № 613 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Джексембаев Жанғазы Жумановичтің орнына «Ақжол» Әділхан Әділжан Әділханұлы, № 618 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Ашимханова Назгүль Мырзахановнаның орнына «Нұр Отан» партиясынан Нурбаева Асем Тургановна, № 632 учаскелік сайлау комиссиясындағы Смагулова Камеш Абдолдаевнаның орнына «Қазақстанның комунистік халық партиясынан» партиясынан Шарипбекова Арай Талгатовна, № 636 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Төлебек Назым Алмасқызының орнына «Бірлік» партиясынан Қабижан Айназ Қайратқызы, № 645 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Айдымбаева Анар Абдрешовнаның орнына «Нұр Отан» партиясынан Едигенова Гулнур Бестибаевна, № 646 учаскелік сайлау комиссиясындағы Исмагулова Айша Сабитовнаның орнына «Бірлік» партиясынан Нуртаева Айжан Келшибековна енгізіліп, сайлансын.

 

 
        Сессия төрағасы                                                Мәслихат  хатшысы
        ________________                                              __________________
     Жұмабек Каирлинұлы                                         Бөкен  Қабиұлы
              Жұмажанов                                                         Рысбеков
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.