- Елбасы жолдауы
- Мәслихат хатшысының алғы сөзі
- Мемлекеттік рәміздер
- Мемлекеттік қызмет
- Мемлекеттік сатып алулар
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
- Тұрақты комиссиялар
- Депутаттар
- Сессия
- Мәслихат шешімдері
- «Қазақстан 2020-2050» стратегиясы
- Басымдылық бағыттар
- Әлеуметтік жобалар
- Аудан бюджеті
- Сенім телефондары
- Заңды және жеке тұлғалардың өтініштері
- Виртуалды қабылдау
- Фотогалерея
Жүргізілген сессиялар
Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті LXII сессиясы өткізілді
Санат: Жүргізілген сессиялар | |
Уақыты: 14.10.2020 | |
Оқылды: 35 | Печать страницы |

2020 жылдың 14 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 10–00 де ZOOM бағдарламасы арқылы қашықтықтан аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті LXII сессиясы өткізілді. Сессия күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Халыққа қызмет көрсету орталығының аудан халқына мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімділігі мен сапасы туралы орталық басшысының есебі
2. Аудан мәслихатының «Ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау» жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі
3. Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті LХIII сессиясының төрағасын (төрайымын) сайлау туралы
Сессия күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Олжас Әбләкімұлы Әбләкімов есеп берді. Осы мәселе бойынша аудандық мәслихатының № 14 Жайнақ сайлау округінің депутаты, уақытша жұмыс тобының жетекшісі Камшат Болатқанқызы Қыстаубаева теңбаяндама жасады. Екінші мәселе бойынша аудандық мәслихатының «Ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау» жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы атқарған жұмыстары бойынша есеп берді.Үшінші мәселе бойынша депутаттар тарапынан енгізілген ұсыныс негізінде Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті LХIII сессиясының төрағасы болып аудандық мәслихатының № 12 Қоғалы сайлау округінің депутаты Қайрат Ботайұлы Бекиев сайланды. Сессия жұмысын аудандық мәслихатының хатшысы Бөкен Қабиұлы Рысбеков қорытындылап, өз ұсынысын айтып өтті. Сессия күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, шешімдер қабылданды.