Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 55

Случайные фото

Жүргізілген сессиялар

VI шақырылған Кербұлақ облыстық мәслихатының кезекті XLVII сессиясы

Санат: Жүргізілген сессиялар
Уақыты: 28.12.2020
Оқылды: 15 Печать страницы
VI шақырылған Кербұлақ облыстық мәслихатының кезекті XLVII сессиясы

2020 жылғы 28 желтоқсанда КОРОНАВИРУС індетіне байланысты барлық сақтандыру шараларын сақтай отырып, жергілікті сағат 15 00 де ZOOM бағдарламасы арқылы қашықтықтан Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті ХLVII сессиясы өткізілді. Сессияға Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев, мәслихаттың депутаттары, мекеме, басқарма, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия күн тәртібінде:

1. Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті LХVII сессиясының келесі күн тәртібі мен жұмыс реті туралы

2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» № 19 Жарлығына сәйкес, Қоғалы, Сарыөзек ауылдық округ әкімдерінің мәслихат депутаттарының алдында өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері

3. Кербұлақ ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

4. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы сұрақтары қаралды.

Сессия күн тәртібіндегі: Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» № 19 Жарлығына сәйкес, Қоғалы, Сарыөзек ауылдық округ әкімдерінің мәслихат депутаттарының алдында өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері» сұрағы бойынша Қоғалы ауылдық округінің әкімі Асқар Оңғарұлы Баядилов пен Сарыөзек ауылдық округінің әкімі Қайрат Сманұлы Сұлтанбеков депутаттар алдындағы есептерін берді. Осы мәселе бойынша талқылауға № 13 Панфилов сайлау округінің депутаты Бақытбек Сансызбайұлы Есимов пен № 7 Мектеп сайлау округінің депутаты Жұмакүл Сейдахметқызы Садықова шығып, Қоғалы және Сарыөзек ауылдық округ әкімдерінің мәслихат депутаттарының алдында өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы бойынша 2020 жылы атқарған жұмыстарына «қанағаттанарлық» деген баға берді. Күн тәртібіндегі: Кербұлақ ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғалым Әділбекұлы Домбаев сөз сөйледі.

Күн тәртібіндегі: Кербұлақ аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы мәселе бойынша Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекова ұсыныс енгізді. Сессия күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Сессия жұмысын Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев қорытындылады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.