Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 56

Случайные фото

Жүргізілген сессиялар

VII шақырылған Кербұлақ облыстық мәслихатының І ұйымдастыру сессиясы өтті

Санат: Жүргізілген сессиялар
Уақыты: 15.01.2021
Оқылды: 15 Печать страницы
VII шақырылған Кербұлақ облыстық мәслихатының І ұйымдастыру сессиясы өтті

2021 жылдың қаңтар айының 15 күні, Сарыөзек ауылы Б. Момышұлы көшесі-10 үй, аудандық әкімдігінің мәжіліс залында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық - профилактикалық іс-шараларды және белгіленген әлеуметтік қашықтықтарды сақтай отырып, жергілікті уақыт бойынша сағат 14 00 Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған I ұйымдастыру сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына аудан әкімі Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ауыл округ әкімдері, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияны аудандық аумақытқ сайлау комиссиясының төрағасы Жанат Махметұлы Бураханов ашып, сайлау қорытындыларымен таныстырып, Кербұлақ аудандық мәслихатының жаңадан сайланған депутаттарына депутаттық куәліктері мен төс белгілерін табыс етті. Бірінші ұйымдастыру сессиясының төрағасы сайланды. Сессия күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

  1. Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған I ұйымдастыру сессиясының төрағасын (төрайымын) сайлау туралы.
  2. Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы туралы.
  3. Кербұлақ аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының тізімі мен сандық құрамы туралы.
  4. Кербұлақ аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамдары мен төрағалары( төрайымдары) туралы.
  5. «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы
  6. Кербұлақ ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы.
  7. Кербұлақ аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы

Сессия жұмысында қаралған барлық мәселелер бойынша оң нәтижелі шешімдер қабылданды.

Сессия соңында аудандық мәслихатының VI шақырылымының депутаты, мәслихаты хатшысы болған, VII шақырылымының депутаты Бөкен Қабиұлы Рысбеков, Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты, аудандық мәслихат хатшысы болып сайланып отырған Қайрат Ботайұлы Бекиев сөз сөйледі. Аудан әкімі Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев сессия жұмысын қорытындылап, бұрынғы болған мәслихат хатшысы Рысбеков Бөкен Қабиұлына өз алғысын білдіріп, иығына шапан жапты, жаңадан сайланып отырған мәслихат хатшысы Бекиев Қайрат Ботайұлына болашақта нәтижелі жұмыс атқаруына сенімін білдірді. Ауданымыздың ақсақалдар алқасының төрағасы Төленді Оспанбайұлы Сарыбаев өзінің әкелік ақылын айтып, батасын берді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.