Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 63

Случайные фото

Жүргізілген сессиялар

VII шақырылған кезекті V сессиясы

Санат: Жүргізілген сессиялар
Уақыты: 16.04.2021
Оқылды: 36 Печать страницы
VII шақырылған кезекті V сессиясы

Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезекті V сессиясы

 

КОРОНАВИРУС індетіне байланысты барлық сақтық шараларды және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, жартылай Онлайн, аудан әкімдігінің мәжіліс залында, жартылай Оффлайн түрінде жергілікті уақыт бойынша сағат 1100де Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезекті V сессиясы өткізілді.

Сессия жұмысына ОФФЛАЙН түрінде аудан әкімі Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев, аудан орталығындағы депутаттар, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары,бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ОНЛАЙН түрінде Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Бақытжан Әбілдаұлы Мұхамеджанов, округтердегі депутаттар мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессия күн тәртібінде:

1. 2020 жылғы Кербұлақ аудандық, ауылдық округ бюджеттерінің орындалуы және бюджеттік қаржыларының өз бағытында жұмсалуы туралы

2. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, әртүрлі аурулармен ауыратын азаматтарға амбулаториялық емдеу кезінде тегін және жеңілдікті жағдайларда дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы

3. Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының аудандық, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы есебі

4. Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезекті VI сессиясының төрағасын (төрайымын) сайлау туралы мәселелері толығымен қаралып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар қайтарылды. Сессия жұмысын аудан әкімі Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев қорытындылап, аудандық мәслихат депутаттарына атқарып жатқан жұмыстары үшін өз алғысын білдіріп, болашақта да осылай жұмыла және бірлесе отырып іс-шаралар жүргізілетініне сенімін білдірді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.