Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 63

Случайные фото

Көпшілік талдаулар мен есептер

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттық, аппараттың қызметін ұйымдастыру бойынша 2021 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы

Санат: Көпшілік талдаулар мен есептер
Уақыты: 09.06.2021
Оқылды: 19 Печать страницы

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттық, аппараттың қызметін ұйымдастыру бойынша 2021 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы

 

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды» - деп көрсетілген. Ауданымыздың жергілікті өкілді органы, Кербұлақ аудандық мәслихаты өз қызметінде еліміздің Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңын және де басқа заңнамалық актілерін, аудандық мәслихаттың регламентін басшылыққа алып, жұмысын абыроймен атқаруда.

Аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 5 айда атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есепті ұсынамын. Аудандық мәслихат депутаттарының сапалық құрамы ауданымыздың тыныс-тіршілігіне қатысты барлық маңызды мәселелерді іске асыруға мүмкіндік береді және міндетті түрде аудандық мәслихат арқылы өтеді. Біздің халық қалаулылары қоғамдағы орны мен рөлін жақсы түсінді, сайлаушылардың мүдделерін түбегейлі қорғауды үйренді. Енді халық қалаулылары өздеріне халықтың еркін білдіру ғана емес, сонымен бірге оны жүзеге асырудың шараларын анықтау, олардың орындалуын үнемі бақылау міндетін қойды. 2020 жылды және 2021 жылдың есепті кезеңін қорытындылай келе, біздің депутаттар мен аппарат қызметкерлері пандемияның алғашқы күнінен бастап тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, мұқтаж адамдарға азық-түлік пакеттерін жеткізді, барлық санитарлық талаптарды сақтады.

Депутаттар мен мәслихат аппараты демеушілік көмек көрсетті.

Әлеуметтік азық-түліктің негізгі 19 түрінің бағасын тұрақтандыруға ат салысты.

Біздің депутаттар мен мәслихат аппараты аз қамтылған отбасыларға "Біз біргеміз" азық-түлік пакетімен өз еріктерімен көмектесті, сондай-ақ депутаттар мен мәслихат аппараты арасында "Қайырымдылық-ізгілік нұры"тақырыбы бойынша челленджі нәтижелі орын алды. Бір рет қолданылатын маскалар, қолғаптар, антисептиктер тегін таратылды. Аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімдігінің барлық отырыстарына, аудан әкімі өткізетін жедел кеңестерге және аудан тұрғындарымен кездесулерге қатысып отырады. Депутаттар аудан әкімдігінің жанынан қалыптастырылған консультативтік-кеңесші органдардың және атқарушы орган кеңестерінің мүшелері болып табылады. Мұның бәрі ауданның әлеуметтік жағдайын жақсартуға, туындаған мәселелерді шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.

 

Сессия жергілікті өкілді органдар қызметінің негізгі нысаны ретінде біздің жұмысымызда басты орын алады, онда оның қарауына жатқызылған мәселелер шешіледі.

Сессия төрағасы, тұрақты комиссиялар мәслихаттың 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес сессияның қарауына сұрақтар енгізеді. Сонымен қатар мәслихат сессияларында аудан аумағын дамыту бағдарламалары, ауданның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары, тиісті кезеңдерге арналған бюджеттер және олардың орындалуы туралы есептер, аудан әкімінің, ауылдық округ әкімдерінің, бөлім, мекеме басшыларының есептері, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік және тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары бекітіледі, өзге де өзекті мәселелер шешіледі. Талдау осы өкілеттіктердің мәселелерін қарау үшін депутаттық корпусқа, әдетте, біздің аудан тұрғындарының мүдделерін қорғайтын шешімдер шығару жүктелген. Айта кету керек, біз сессиялардың қарауына материалдарды дайындау тәсілдерін алдын ала ұйымдастырып, жұмыс топтарын құрып мәслихат аппараты қызметкерлері мен депутатар бірігіп материалдарды дайындауға тиісті мәселелер мен ауылдық округтеріне шығады. Сонымен қатар, сессиялар мен тұрақты комиссиялардың барлық материалдары интернет желісі арқылы электронды жіберілім бойынша депутаттарға жіберіледі, бұл олардың сессия материалдарын алдын ала зерделеуге және нақты ұсыныстар енгізуге мүмкіндіктерін ұлғайтады. 2021 жылдың есептік кезеңінде аудандық мәслихатпен 8 сессия өткізілді, оның ішінде 1 ұйымдастыру, 2 кезекті, 5 кезектен тыс . Барлығы 40 мәселе қаралды, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Пандемияға байланысты мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссиялардың отырыстары негізінен барлық сақтық шараларын және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып жартылай Онлайн, жартылай Оффлайн режимде өтті.

Депутаттардың онлайн сессияларға келуі орташа есеппен 99,9 % - ды құрады.

Аудандық мәслихатта екі (Кербұлақ аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық және азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқық жөніндегі және Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету жөніндегі) тұрақты комиссиялар жұмыс істейді. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" ҚР Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының негізгі міндеттері-мәселелерді алдын ала қарау және сессияларға дайындау, мәслихат шешімдерін жүзеге асыруға ықпал ету. Сондықтан тұрақты комиссиялардың назарында үнемі аудандық бюджетті қалыптастыруға, нақтылауға және орындауға байланысты, әлеуметтік – экономикалық, тұрғын үй-коммуналдық сипаттағы және өзге де маңызы зор мәселелер болады.

Сондай – ақ, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы көптеген консультативтік-кеңесші органдардың, әкімдіктің құрылымы мен дербес құрамдарына және оларға өзгерістер енгізу туралы

 

шешім жобалары сессияның бекітуіне енгізілді.

Аудандық мәслихатының ресми сайты мен әлеуметтік желідегі Facebook парақшасы арқылы халықты сессияның өткізілетін күні мен күн тәртібі туралы алдын ала хабардар етеміз.

Сессиялар мен тұрақты комиссиялар отырыстарының материалдары: шешімдер мен қаулылардың жобалары, анықтамалар, баяндамалар, теңбаяндамалар және сөйлеген сөздерқолданыстағы заңнама талаптарына сай, нақты дәлелдер келтіру арқылы дайындалуда.

Сондай-ақ мәслихат хатшысы мен тұрақты комиссия төрағалары жыл сайын сессияда есепті кезеңде атқарылған жұмыстары туралы есеп беруді жалғастыруда. Аудандық мәслихат депутаттарының негізгі қызметінің бірі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау болып табылады. Мәслихат хатшысы бекіткен азаматтарды қабылдау кестесіне байланысты аудандық мәслихат депутаттары жергілікті жерлерде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, мерзімінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар жүрнізуде. Тұрғындардың көптеген мәселелері азаматтарды қабылдау барысында жедел шешіледі. Есептік мерзім кезіндегі өтініштердің 90% - ы оң шешімін тапты, 10%-ы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді. Талдау көрсеткендей, өткен жылдармен салыстырғанда әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштер саны азайды, коммуналдық мәселелер бойынша өтініштер көбейе түсуде, бұл негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету, энергиямен , сумен жабдықтау және көшелерді жарықтандыру коммуналдық қызметтерінің жұмысына қатысты.

Депутаттардың тиімді жұмыс істеуі үшін округ әкімдері азаматтарды қабылдау үшін жағдайлар жасаған. Азаматтарды қабылдау кестесі аудандық мәслихаттың сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланған.

Әрбір депутат азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, сайлаушылармен кездеседі, атқарушы билікпен бірлесіп әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысады, сайлау алды бағдарламаларындағы мәлімделген уәделердің орындалуын бақылауда ұстайды. Аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ мәслихат аппараты аудандағы барлық қайырымдылық іс-шаралар мен акцияларға белсенділікпен қатысады.

Осы орайда Кербұлақ аудандық мәслихатында атқарылып жатқан жұмыстар мен игі істердің ашықтылығы мен қолжетімділігін көрсету мақсатында әр депутат жеке өздерінің инстапарақшаларын ашып, ақпараттарды жариялап отырады.

Сондай-ақ, «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына сәйкес, мәслихат ауданның Қоғамдық Кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге жауапты. Осыған байланысты мәслихат аппаратының қызметкерлері Қоғамдық кеңес мүшелерінің ақпараттандырылуын, әрдайым мазалайтын сұрақтар бойынша тиісті ақпараттармен құлақдар етіп отырады.

Бүгінде аудандық мәслихат депутаттары жергілікті қоғамдастық өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істеуде.

Бірлескен Онлайн және Оффлайн кездесулерде пікір алмасып, сайлаушылармен бірге депутаттар мен жергілікті қоғамдастық төрағалары ауылдық округтердегі бар проблемаларды шешу жолдарын іздестіруде.

 

Аудандық мәслихаты аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстарына да өте ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша 2021 жылдың есептік кезеңінде 2021 жылдың 4-5 мамыр аралығында аппарат басшысы бастаған аппарат қызметкерлері, 13-14 мамыр аралығында Депутат, аудандық мәслихатының хатшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары бойынша оқу бағдарламасын 16 академиялық сағат көлемінде нәтижелі қорытындыларымен аяқтады. Есепті кезеңде аудандық мәслихат аппаратына мемлекеттік органдардан, жеке тұлғалардан және азаматтардан барлығы 62 (2020 ж. - 187) хат келіп түсті. Барлығына жауаптар беріліп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Есепті кезеңде мәслихат аппаратымен барлығы 2021 ж. – 90 орындалды (2020 жылы - 216 шығыс хаттар мен есептік - ақпараттық құжаттар).2021 жылдың есептік кезеңінде аудандық мәслихаттың 5 нормативтік құқықтық актілері Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өтіп, қолданысқа енгізілді. 2020 жылы 19 нормативтік құқықтық актілері Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткен. Аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінде есептік мерзімде Депутат, аудандық мәслихатының хатшысы Қайрат Ботайұлы Бекиев, мәслихат депутаттары, аппарат басшысының, қызметкерлерінің жалпы 7 мақалалары жарық көрді. Аудандық мәслихаттың maslikhat.kerbulak.zhetisu.gov.kz, ресми сайты, сайтқа келушілерді депутаттық корпустың қызметі, сондай-ақ мәслихат аппаратының жұмысы туралы неғұрлым жедел хабардар етуге мүмкіндік береді. Сондай - ақ мәслихаттың сайтында ауданның Қоғамдық Кеңесінің веб-парақшасы орналасқан. Әлеуметтік желілердің, атап айтқанда Facebook, Instagram парақшалары арқасында халықпен тиімді кері байланыс тетігі құрылған. Оның айғағы 2021 жылдың 31 мамырында аудандық мәслихаты депутаттары мен аппарат қызметкерлерінен «Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз» атты челленджі бастау алып, оқырмандар тарапынан көптеген жақсы пікірлердің орын алуы.

Бүгінгі таңда оқырмандар тарапынан өкілді органдар өздерінің өміршеңдігін, ал депутаттар жауапкершілік пен кәсібилікті дәлелдеді деп сеніммен айтуға болады. Аудандық өкілді органның алдағы уақытта да өз қызметін жетілдіріп, жақсартып, атқарушы органдармен өзара іс-қимылды нығайтып, аудан игілігі үшін жемісті еңбек ететіндігін сеніммен айта аламыз.

Сөзімді аяқтай келе, бүгінгі күні аудандық мәслихаттың жұмысын жетілдіруге барлық мүмкіндіктері бар, сондықтан біз қолымыздан келгенше алдымызға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындауға барлық күш-жігеріміз бен білімдерімізді салуға тырысамыз.

 

 

Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы, Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі

Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекова

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.