Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 63

Случайные фото

Есептер

2020 жылдың бірінші жартыжылдық қортындысы бойынша Кербұлақ аудандық мәслихатының аудандық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі

Санат: Есептер
Уақыты: 21.12.2020
Оқылды: 26 Печать страницы

2020 жылдың бірінші жартыжылдық қортындысы бойынша Кербұлақ аудандық мәслихатының аудандық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі

 

Сіздердің назарларыңызға білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есепті кезеңдегі жұмысы туралы есеп ұсынамыз. Тұрақты комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, аудандық мәслихаттың Регламентіне және жұмыс жоспарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Тұрақты комиссияның барлық іс-шаралары ашықтық тәртібінде өткізіледі.

Тұрақты комиссияда білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм және халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.

Тұрақты комиссия мүшелері мәслихат сессиясының жұмысына, тұрақты комиссияның бірлескен отырыстарына, сондай-ақ комиссияның жұмысына белсенді қатысады. Есепті кезеңде тұрақты комиссияның 5 отырысы өткізілді, онда төмендегі мәселелер қаралды:

  1. Аудан мәслихатының қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдармен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы;
  2. Жоламан, Сарыбұлақ ауылдық округ әкімдерінің көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларын қорғау және қолдау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары туралы есептері;
  3. Кербұлақ ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы;
  4. Кербұлақ аудандық мәслихатының бірқатар шешімдерін бақылаудан алу туралы тағы басқа мәселелер.

Өткен жылы әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның қызметінде ерекше орын және белсенді жұмыс мектептің білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халыққа, аудан мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне бөлінді.

Есеп беру кезеңінде аудан тұрғындарының өмірінде маңызды рөл атқаратын маңызды мәселелер қаралып, талқыланды. Жедел шешімді талап ететін мәселелер бойынша депутаттар өз жұмысында әртүрлі тиімді формаларды пайдаланады. Тұрақты комиссия өз қызметінде ауданның атқарушы органдарымен тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұдан басқа, аудан әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссияның мүшелері бола отырып, тұрақты комиссия мүшелері ауданның дамуына, оның әлеуметтік-экономикалық өміріне тікелей қатысады, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға айтарлықтай үлес қосады. Аталмыш тұрақты комиссия кезекті елу жетінші сессияға дайындық барысында әлеуметтік салалардың жағдайларын зерделей келе төмендегіні анықтады:

Аудан халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы бойынша

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартудың негізгі мақсаты мен міндеті мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғам өміріне басқалармен бірдей толық әрі кедергісіз қарым-қатынаста ешқандай да кемсітушіліксіз етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мақсатында төмендегідей шаралар атқарылған.

Бүгінге күнге дейін 35 мүмкіндігі шектеулі азамат жеке оңалту бағдарламасы бойынша 82 тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етілген.

2020 жылы төтенше жағдайға дейін 35 мүмкіндігі шектеулі азамат жолдама алып, шипажайға барып демалып қайтқан. Оның ішінде 25 азамат I, II, III – топ мүгедектері, 9 азамат 1 ден 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар.

2019 жылдан бері кезекте тұрған 14 мүмкіндігі шектеулі азаматқа «Текелі», 4 мүмкіндігі шектеулі азаматқа «Қаратал» , 9 мүмкіндігі шектеулі азаматқа «Жаркент» , 5 мүмкіндігі шектеулі азаматқа «Ақжанел» және «Ақбұлақ» шипажайына 3 мүмкіндігі шектеулі азамат жолдама алып демалып қайтқан.

Протездік-ортопедиялық құралдар алу үшін 45 азамат жеке оңалту бағдарламасымен кұжаттарын өткізген. Міндетті гигиеналық құралдар алу үшін 110, Сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдар алу үшін 11, арнайы қозғалыс құралдарын алу үшін 19 мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламалары бойынша өтініштері қабылданып, Е-Собес автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілген. 35 мүмкіндігі шектеулі азамат серуендейтін және бөлмелік қол арбамен қамтамасыз етілген.

2020 жылға "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін" республикалық бюджеттен 956000 (тоғыз жүз елу алты мың ) теңге, жергілікті бюджеттен 28536000 (жиырма сегіз миллион бес жүз отыз алты мың) теңге бөлінген. Жүріп тұруы қиын 1 топтағы 64 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жеке көмекші қызметтері тағайындалған. Есту кемістігі бар 16 мүмкіндігі шектеулі азаматтың ымдау тілі маманына құжаттары қабылданып, ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етілген.

Кербұлақ ауданы бойынша 127 нысан паспортталған. Мемлекеттік мекемелердің барлығы дерлік пандустармен қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар қабылдау бөлмесіне қол арбамен жете алады. Мүгедектердің көлігіне арналған автотұрақ белгіленген. Мекемелерде әжетхана орнатылған. Аудан бойынша 55 нысан «inva.gov.kz» порталындағы Интерактивті карта бөліміне енгізілген және мәліметтерді өзектендіру жұмыстары жүргізілуде.

Үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі 30 балаға психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясының қорытындысымен денсаулықтарына байланысты үйде оқытылғаны үшін 3181000 (үш миллион жүз сексен бір мың) теңге бөлініп, 1 тоқсанда 636240 (алты жүз отыз алты мың екі жүз қырық) теңге көлемінде қаражат игерілген.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар «Әлеуметтік қызметтер порталы» бойынша, қызмет алудың оңай әрі жеңіл тәсілін іске асыру үшін ЭЦҚ ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудан бойынша бүгінгі күнге дейін төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік төлем (42500 теңге) алуға 11668 өтініш тіркелген.

Кербұлақ ауданы бойынша белгілі бір санаттағы азаматтар төтенше жағдайға байланысты азық-түлік топтамасының орнына 2 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 5556 (бес мың бес жүз елу алты) теңгеден 2351 азаматқа 13 млн. 062 мың теңге төленген.

Төтенше жағдайға байланысты төменде көрсетілген санаттағы азаматтар 2 АЕК- пен қамтамасыз етілген:

  1. медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын балаларды қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 152 бала;
  2. медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоспағанда, I, II, III – топ барлық жастағы мүмкіндігі шектеулі 1014 азамат;
  3. бала – мүгедек балаларды тәрбилеуші 167 ата-ана;
  4. жергілікті халықты жұмыспен қамту орталығында төтенше жағдайға дейін жұмыссыз ретінде тіркелген 332 азамат;
  5. 6 жастан 18 жасқа дейін 686 бала;

Аудан бойынша бүгінгі күнге жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерден 120 жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, жұмыстан босатылатын қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар рәсімделген. Меморандум бекіту жұмыстары жалғасуда.

Аудан мекемелері мен кәсіпорындарда жұмысшыларға еңбекақы қорына, әлеуметтік аударымдары және еңбекақы бойынша мерзімі өткен берешек жоқ.

Аудан бойынша 2020 жылға 1824 жұмыс орны жоспарланған. Бүгінгі күні 800 жұмыс орны құрылған: оның ішінде 300 тұрақты жұмыс орны, 500 уақытша жұмыс орны.

15 ақпан атаулы күндер мен мереке күндерге байланысты ауған соғысына қатысқан 53 ардагерлердің құжаттары қабылданған, «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіліп, біржолғы көрсетілетін әлеуметтік көмек тағайындалған. Тізім бойынша әр адам басына 50 000 (елу мың) теңгеден төленген, барлығы 2 650 000 (екі млн. алты жүз елу мың) теңге қаржы жұмсалған.

Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін көмек бойынша 14 азаматтан құжаттар келіп түсткен. Кербұлақ аудандық маслихатының 2020 жылдың 5 мамырдағы №56-331 шешіміне байланысты әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсетікіштен 11 азаматқа 379395 (үш жүз жетпіс тоғыз мың үш жүз тоқсан бес) теңге төленген.

Жыл басынан Ұлы Отан соғысының ардагері И.А. Ковалевқа тұрғын үй коммуналдық жеңілдікке ай сайын 7953 (жеті мың тоғыз жүз елу үш) теңгеден үш айға 23859 (жиырма үш мың сегіз жүз елу тоғыз) теңге төленген. Сәуір айынан бастап 8334 теңгеден төленеді. Бүгінгі күнге дейін 5 айға 32193 (отыз екі мың жүз тоқсан үш) теңге төленген. Ай сайын облыстық басқармаға мәліметтер өткізіліп, «Е-Собес» ААЖ деректер базасына енгізіліп отырады.

Чернобыль апатына қатысқан 22 азаматқа 50 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек 1 млн. 100 мың теңге төленген.

Ұлы Отан соғысының ардагеріне 9 мамыр Жеңіс күнінің 75 жылдығына орай 1 азаматқа біржолғы әлеуметтік көмек ретінде 1 млн. теңге тағайындалып төленген.

Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлеріне біржолғы әлеуметтік көмек ретінде 4 азаматқа 100 мың теңгеден 400 мың теңге төленген.

Жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО медальдарымен және ордендерімен марапатталған 3 азаматқа 50 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек ретінде 150 мың теңге төленген.

Концлагерлердің, геттологтардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқыны болған 1 азаматқа біржолғы әлеуметтік көмек ретінде 100 мың теңге төленген.

22.06.1941 – 09.05.1945 жылдары аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген және бұрынғы КСРО медальдарымен және ордендерімен марапатталмаған 186 азаматқа біржолғы әлеуметтік көмек ретінде 50 мың теңгеден 9 млн. 280 мың теңге төленген.

Аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) уақытылы тағайындалып, төленуде. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бүгінге күнге 327 отбасы 1768 адамға 62 млн. 263 мың 500 теңге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

АӘК алушылар балаларының кепілдік берілген әлеуметтік топтамасымен қамтамасыз етілуде. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін әлеуметтік кепілдендірілген топтама 3 жасқа дейінгі 167 балаға, 3-6 жасқа дейінгі 235 балаға, барлығы 402 балаға әлеуметтік топтама берілген.

Аудан бойынша жыл басынан 114 жалғызбасты зейнеткерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілген. Осы уақыт аралығында 2 зейнеткер қайтыс болған. Бүгінгі күні 112 зейнеткер арнаулы әлеуметтік қызмет алуда. Оның ішінде 60 зейнеткер Сарыөзек ауылының тұрғындары, 52 зейнеткер Қоғалы, Жайнақ, Сарыбұлақ, Қаспан, Көксу, Қарашоқы, Талдыбұлақ ауылдық округтерінің тұрғындары. «Алматы облыстық ерікті мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі үкіметтік емес ұйымдары арқылы Сарыбастау, Шұбар, Жоламан, Алтынемел, Қоғалы, Шанханай, Қарашоқы, Басши ауылдарындағы 32 зейнеткерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Қызмет алушы зейнеткерлер мен мүгедектерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 қаулысымен бекітілген, Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес үйлеріне барып арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Денсаулығы нашар зейнеткерлерге мүгедектік сараптамадан өтуге, емханаға орналастыру және медициналық көмек алуға үнемі жәрдем жасалады. Зейнеткерлер мен тұрмыс жағдайы төмен мүгедектер арасында өтініш білдіргендердің қажетті құжаттары жинастырылып қарттар үйіне, жүйке ауруымен ауыратын мүгедек зейнеткерлер жүйке ауруларына арналған интернат үйіне орналастырылады. Жыл басынан өтініш білдіруші 2 зейнеткер Текелі қаласындағы «Шапағат» интернат үйіне орналастырылған. Қызмет алушы зейнеткерлердің сонымен қатар жеке тапсырыстары да орындалуды. Жалғызбасты зейнеткерлердің қыс айларында қарын күреу, көмірін түсірісу, отын жару және кіргізу жұмыстары жүргізілсе, көктем айларында үйлеріне тазалық және жеңіл жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданның мәдениет саласы бойынша атқарылған іс-шараларға көшетін болсақ:

15 қаңтар күні Ә.Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйінде орналасқан балалар кітапханасында, мәдениет қызметкерлері мен кітапхана ұжымының бірлесе ұйымдастырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай- ұлы тұлға» тақырыбында тақырыптық кеш ұйымдастырылған.

16 қаңтар Ә.Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйінде Сүйімбай атындағы облыстық филармониясының дәстүрлі әншілері «Ұлы дала әуені» атты концерттік бағдарлама қойған.

23 қаңтар Қарашоқы ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Өнердегі тұғыры биік тұлға» атты Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына орай әйгілі күйші композитор, дирижер, домбырашы, қазақ КСРО халық әртісі Нұрғиса Тілендиев туралы мағұлмат беру, өскелең ұрпақты өнерге баулу мақсатында еңбектеріне шолу кеші өткізілген.

23 қаңтар Қоғалы ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері мен кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ұлы ойшыл, философ, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұлы даланың Ұлы есімі» атты тақырыптық кеш өткізілген.

30 қаңтар күні Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде, аудандық мәдениет үйі және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ақиық ақын, Хан Тәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жырлайды жүрек» атты ән байқауы мен ақындар мүшәйрасы өткен.

12 ақпан Ә.Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйінде мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен жыр кеші өткізілген.

17 ақпан Алтынемел ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлылардың ұлысы- Абай» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілген.

20 ақпан күні Қоғалы ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын болашақ ұрпаққа түсіндіру мақсатында «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылған.

24 ақпан күні Басши ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абайдың биік тұрар өлеңдері» тақырыбында көркемсөз оқу үйірмесі мүшелерімен челлендж өткізілген.

25 ақпан Кербұлақ аудандық Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде, аудандық және ауылдық мәдениет үйлері мен клуб қызметкерлері, аудандық және ауылдық музей, кітапханалар мен аудандық тіл оқу әдістемелік орталығы қызметкерлерімен «2019 жыл қорытындысы бойынша алқа мәжілісі» өткен. Мәдениет үйінің, аудандық кітапхананың, музейдің директорлары 2019 жылы өткен шаралар бойынша есеп беріп, 2020 жылдары жоспармен таныстырып өткен.

27 ақпан Шилісу ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Таңат Құттыбековтың жауапкершілігімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында мектеп оқушыларымен түсіндіру шаралары өткізілген.

28 ақпан Алтынемел ауылында мәдениет үйі мен мектеп ұжымының қызметкерлері бірлесіп 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» атты мәдени іс-шара өткізген.

28 ақпан күні Қоянкөз ауылында, мәдениет үйі және мектеп ұжымының бірлесе ұйымдастыруымен Т.Құлыбеков шағын орта мектебінде «Ақ шағала» атты мектеп оқушылары арасында би байқауы өткізілген.

28 ақпан Кербұлақ аудандық Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде 1-наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 21 жыл толуына орай және Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күні- Алғыс айту мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастырылған. Жиын соңы «Күреңбел» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің меркелік концертіне ұласқан.

2020 жылдың 8 сәуір күні Ә.Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйі директоры, "КР мәдениет саласының үздігі" Сәуле Қожаханова отбасымен #БІЗБІРГЕМІЗ челленджін жалғастырған.

https://www.instagram.com/tv/B-tUrPFHHjz/?utm_source=ig_web_copy_link

2020 жылдың 8 сәуір күні #БІЗБІРГЕМІЗ Ә.Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған "Шежіре-өнер, тәлім отауы" үйірмесінің онлайн режиміндегі дайындығы.

https://www.instagram.com/tv/BtqOXLnzIv/?utm_source=ig_web_copy_link

2020 жылдың 8 сәуір күні #БІЗБІРГЕМІЗ челленджін Ә.Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйінің "Күреңбел" триосы жалғастыруда.

https://www.instagram.com/p/BuLrDOHWWP/?utm_source=ig_web_copy_link

14 сәуір күні Ә.Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйінің әншісі Фариза Досболмен

онлайн концерті болған. @fariza.dosbol парақшасында! https://www.instagram.com/p/B-zD6XtH_Si/?utm_source=ig_web_copy_link

13 сәуір Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен @kultura_taldybulak инстаграмм парақшасында ауданымыздың тумасы, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы директорының орынбасары Тұзбаев Медет Таңатарұлымен тікелей эфир өткізілген. @medettuzbaev https://www.instagram.com/p/B-3ulvCnKsN/?utm_source=ig_web_copy_link .

13 сәуір Абай Құнанбайұлына арнау Ауданымыздың жас ақыны Бақыт Қалибектің ұлы ақынға арнауы жүргізілген. #Абай175 @bakyt.kalibek @ns_madeniet https://www.instagram.com/tv/B-6Q96hHHLc/?utm_source=ig_web_copy_link

16 сәуір "Ұлттық тағамдар "Қарашоқы ауылдық мәдениет үйінің директоры Иматаева Тағатхан Әжібекқызы елімізде болып жатқан төтенше жағдайға қарамастан, ұлттық тағамдармен онлайн таныстыруды ұйымдастырған.

#БІЗҮЙДЕМІЗ #БІЗБІРГЕМІЗ @karashoky_madeniet_yii @adilzhan.adilkhan https://www.instagram.com/tv/B_CATE7HwA2/?utm_source=ig_web_copy_link

16 сәуір күні Шанханай ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері мен үйірме оқушыларының онлайн ән сабағы өткізілген.

#БІЗБІРГЕМІЗ #БІЗҮЙДЕМІЗ @shankhanaizhastary @zh_anna2852 https://www.instagram.com/tv/B_CA7v5ngM8/?utm_source=ig_web_copy_link

17 сәуір Домбыра үйірмесі Шұбар ауылдық мәдениет үйінің домбыра үйірмесінің онлайн сабағы.

https://www.instagram.com/tv/B_Ec8puH1bx/?utm_source=ig_web_copy_link

17 сәуір Басши ауылдық мәдениет үйінің би үйірмесінің онлайн сабағы

https://www.instagram.com/tv/B_EdYGrnxym/?utm_source=ig_web_copy_link

21 сәуірде Ә. Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен әнші Азамат Үмбетовтың онлайн ән кеші. @madeniet_saryozek https://www.instagram.com/p/B_MT6fFnTZJ/?utm_source=ig_web_copy_link

20 сәуір "Би үйірмесі "Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйі би үйірмесінің онлайн сабағы. #БІЗБІРГЕМІЗ #БІЗҮЙДЕМІЗ https://www.instagram.com/tv/B_MUc1VHMqu/?utm_source=ig_web_copy_link

22 сәуір Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйі би үйірмесінің қатысушылары үй тапсырмасы бойынша онлайн сабағы. https://www.instagram.com/p/B_RROwVn41O/?utm_source=ig_web_copy_link

22 сәуір Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылдық мәдениет үйі.

https://www.instagram.com/p/B_RVP9HHjOw/?utm_source=ig_web_copy_link

22 сәуір Алтынемел ауылдық мәдениет үйі би үйірмесінің қатысушылары үй жағдайында би сабағы.

https://www.instagram.com/p/B_RV4IYnJ0k/?utm_source=ig_web_copy_link

24 сәуір Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен әнші Алмас Жексенбаевтың онлайн концерті.

https://www.instagram.com/p/B_RWK0GHN8-/?utm_source=ig_web_copy_link

22 сәуір #БІЗБІРГЕМІЗ Қарашоқы ауылдық мәдениет үйі

https://www.instagram.com/tv/B_R5WH4HeWK/?utm_source=ig_web_copy_link

22 сәуір #БІЗБІРГЕМІЗ Шилісу ауылдық клубы

https://www.instagram.com/tv/B_SaF6WnrO-/?utm_source=ig_web_copy_link

23 сәуір #БІЗБІРГЕМІЗ Қоянкөз ауылдық мәдениет үйі

https://www.instagram.com/p/B_SmAPvHbd6/?utm_source=ig_web_copy_link

23 сәуір #Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйі

https://www.instagram.com/tv/B_T2bowHnoF/?utm_source=ig_web_copy_link

28 сәуір Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Оралбек Тұрысбеков пен Айдана Мұсағулованың отбасылық онлайн концерті.

https://www.instagram.com/p/B_X6TVQHDQU/?utm_source=ig_web_copy_link

25 сәуір әнші Алмас Жексенбаевтың онлайн концертінен үзінді.

https://www.instagram.com/tv/B_aShY6HyHx/?utm_source=ig_web_copy_link

27 сәуір #Алтынемел ауылдық мәдениет үйі

https://www.instagram.com/p/B_ePlM1nW4v/?utm_source=ig_web_copy_link

27 сәуір Қоғалы ауылдық мәдениет үйі

https://www.instagram.com/tv/B_eUBJTnjoJ/?utm_source=ig_web_copy_link

1 мамыр күні сағат 20:30 да Күреңбел фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің хореографы Айдана Мажбектің онлайн сабағы.

https://www.instagram.com/p/B_ehmImHFP1/?utm_source=ig_web_copy_link

1 мамыр Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйі "Калинка" фольклорлық-этнографиялық тобының жетекшісі Евдакова Ольга Филиповнамен сұхбат. https://www.instagram.com/p/B_j3Fp1nQ9w/?utm_source=ig_web_copy_link

29 сәуір Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйі ән үйірмесі
https://www.instagram.com/tv/B_j1Wv9nJLn/?utm_source=ig_web_copy_link

29 сәуір Термешілер челленджі Кербұлақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Әділхан Әділжан Әділханұлы терме айтушылар челленджін Қапшағай қаласының өнерпаздарынан қабыл алған.

https://www.instagram.com/tv/B_kfVz8nKlN/?utm_source=ig_web_copy_link

29 сәуір Тұрысбековтар онлайн отбасылық концерт https://www.instagram.com/tv/B_kjZc7H4yQ/?utm_source=ig_web_copy_link

30 сәуір Доланалы ауылдық клубы би үйірмесі


https://www.instagram.com/tv/B_nHYyzHTqm/?utm_source=ig_web_copy_link

30 сәуір Қоғалы ауылдық мәдениет үйі 1 мамырға арналған онлайн іс-шара

https://www.instagram.com/tv/B_nJXhPH1i-/?utm_source=ig_web_copy_linkъ

30 сәуір #Басши ауылдық мәдениет үйі #БІЗБІРГЕМІЗ #БІЗҮЙДЕ «Шежіре» -өнер, тәлім отауы үйірмесінің онлайн іс-шарасы

https://www.instagram.com/tv/B_nNN0QnB8g/?utm_source=ig_web_copy_link

30 сәуір Шилісу ауылдық клубының ән үйірмесі.

https://www.instagram.com/tv/B_nNpF0nnc3/?utm_source=ig_web_copy_link

30 сәуір Алтынемел ауылдық мәдениет үйінің ән үйірмесі https://www.instagram.com/tv/B_ndkHonK7Y/?utm_source=ig_web_copy_link

1 мамыр Қарашоқы ауылдық мәдениет үйінің 1мамырға іс-шарасы. https://www.instagram.com/tv/B_neK5pnwSf/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/p/B_o2qSmHwSz/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/tv/B_o221XHfk9/?utm_source=ig_web_copy_link

1 мамыр Қызылжар ауылы 1 мамыр Ынтымақ күніне іс-шара

https://www.instagram.com/p/B_ouFEAHgVG/?utm_source=ig_web_copy_link

1 мамыр Талдыбұлақ ауылдық мәдениет тікелей эфир

https://www.instagram.com/tv/B_o1xnfncn9/?utm_source=ig_web_copy_link

2 мамыр Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйі "Калинка" фольклорлық-этнографиялық тобының құттықтауы.

https://www.instagram.com/tv/B_rTSPvHX--/?utm_source=ig_web_copy_link

4 мамыр ҚР мәдениет саласының үздігі, Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылының тумасы, Қаскелең мәдениет колледжінің директоры Ақбасов Саят Қырғызбайұлымен Онлайн кездесу өткізілген.

https://www.instagram.com/p/B_rcAppHHEy/?utm_source=ig_web_copy_link

5 мамыр Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әншісі Мәулеш Әбжапаровтың Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған онлайн концерті. https://www.instagram.com/p/B_tgDOTnk9U/?utm_source=ig_web_copy_link

4 мамыр Қоғалы ауылдық мәдениет үйі 9 мамыр Ұлы жеңіс күніне орай онлайн видеоролик

https://www.instagram.com/tv/B_wgXLWnlFk/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/tv/B_wjDJ5Hbec/?utm_source=ig_web_copy_link

4 мамыр Алтынемел ауылдық мәдениет үйі #Ұлыжеңіске75жыл

https://www.instagram.com/tv/B_xfP7dHyOi/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/tv/B_2Y8CzpIrk/?utm_source=ig_web_copy_link

4 мамыр Қарашоқы ауылдық мәдениет үйі #Ұлыжеңіске75жыл https://www.instagram.com/p/B_xjtftnWyl/?utm_source=ig_web_copy_link

4 мамыр Қарашоқы ауылдық мәдениет үйі #Ұлыжеңіске75жыл

https://www.instagram.com/p/B_xjf-LnsI4/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/tv/B_yeMlUHAvc/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/tv/B_yjp9KHwAw/?utm_source=ig_web_copy_link

4 мамыр Шанханай ауылдық мәдениет үйі #Ұлыжеңіске75жыл https://www.instagram.com/tv/B_xg91xnrf8/?utm_source=ig_web_copy_link

5 мамыр Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйі https://www.instagram.com/tv/B_xkV5Sn8W2/?utm_source=ig_web_copy_link

5 мамыр "Бақтыбайдың әуені" күйіне қойылған би Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйі

https://www.instagram.com/tv/B_ybtBDHqp3/?utm_source=ig_web_copy_link

5 мамыр Шилісу ауылдық клубы Би үйірмесі

https://www.instagram.com/tv/B_ycMZunTdN/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/tv/B_35VPaJB79/?utm_source=ig_web_copy_link

5 мамыр Доланалы ауылдық клубы

https://www.instagram.com/tv/B_z89IRHfJN/?utm_source=ig_web_copy_link

8 мамыр ҚР мәдениет саласының үздігі Сәуле Қожаханованың Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған онлайн концерті.

https://www.instagram.com/p/B_1UbKgHgnm/?utm_source=ig_web_copy_link

6 мамыр Қоянкөз ауылдық мәдениет үйі

https://www.instagram.com/p/B_1Uklzn9na/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/tv/B_1dls5HSWf/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/tv/B_7NzCKnvqS/?utm_source=ig_web_copy_link

6 мамыр М.Әбжапаровтың онлайн концертінен. Ұлы жеңістің 75 жылдығына "ОФИЦЕРЫ" әні.

https://www.instagram.com/p/B_2UNXEJtwr/?utm_source=ig_web_copy_link

7 мамыр Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйі
"Шежіре" - өнер, тәлім отауы үйірмесі Өмірбекова Күлмархан апамыз. https://www.instagram.com/tv/B_38tjXHtSD/?utm_source=ig_web_copy_link

7 мамыр Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйі

https://www.instagram.com/tv/B_4HV9eHghu/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/p/B_4d6mAH11x/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/tv/B_5XDIDHpu_/?utm_source=ig_web_copy_link

9 мамыр "Катюша" әні

https://www.instagram.com/tv/B_72mhgHBob/?utm_source=ig_web_copy_link

9 мамыр Сәуле Қожаханованың онлайн концертінен үзінді.

https://www.instagram.com/tv/B_99RlnnIKq/?utm_source=ig_web_copy_link

https://www.instagram.com/p/B_-PCKCnJNK/?utm_source=ig_web_copy_link

10 мамыр Алтынемел ауылдық мәдениет үйі би үйірмесі

https://www.instagram.com/tv/B__9iPYnfib/?utm_source=ig_web_copy_link

10 мамыр Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің домбыра үйірмесінің қатысушысы Жұмабек Маржан

https://www.instagram.com/p/CAAePE4nI4T/?utm_source=ig_web_copy_link

11 мамыр Қоянкөз ауылдық мәдениет үйі ән үйірмесі

https://www.instagram.com/tv/CADE2v_HzGI/?utm_source=ig_web_copy_link

12 мамыр Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйі "Шежіре" - өнер, тәлім отауы үйірмесі

https://www.instagram.com/p/CAExDjVHj2Z/?utm_source=ig_web_copy_link

12 мамыр Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйі "Шежіре" - өнер, тәлім отауы үйірмесі

https://www.instagram.com/p/CAExba6Hft-/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/tv/CAExh9HHfNB/?utm_source=ig_web_copy_link

12 мамыр Шанханай ауылдық мәдениет үйі"Шежіре"-өнер, тәлім отауы үйірмесі

https://www.instagram.com/tv/CAEx0TNHvQB/?utm_source=ig_web_copy_link

12 мамыр Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйі "Көркем сөз" үйірмесі https://www.instagram.com/tv/CAFOkHbnGqO/?utm_source=ig_web_copy_link

12 мамыр Алтынемел ауылдық мәдениет үйі би үйірмесі

https://www.instagram.com/p/CAF7V7CHafj/?utm_source=ig_web_copy_link

12 мамыр Алтынемел ауылдық мәдениет үйі "Шежіре"-өнер, тәлім отауы үйірмесі

https://www.instagram.com/tv/CAF7eQJnhZg/?utm_source=ig_web_copy_link

Аудандық және ауылдық кітапханаларында жыл басынан қоғамдық әдебиеттерді насихаттау барысында әр-түрлі іс-шаралар атқарылуда.

Жыл басынан жалпы стратегиялық жолдау дегеніміз не, ол қашаннан бері жүзеге асырылып келе жатқан құжат екендігін, Қазақстан Республикасы Президенті Қ. К. Тоқаевтың алғашқы жолдауында не көрсетілгендігін, алға қандай жоспарлар мен мақсаттар қойылып отырғандығын, мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсету мақсатында оқырман залдарында тұрақты «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі», «Елбасы жолдауы-келешек бағдары», «Жолдау ел дамуының тарихи шежіресі» атты кітап көрмелері ұйымдыстырылған. Осы орайда 8 қаңтар күні Қоғалы, Жоламан ауылдық кітапханаларында оқырман залында «Жолдаулар - ел дамуының негізі» атты сторителлинг, «Жолдау- жаңа жаһандық болмыс» атты тақырыппен талдау өткізілген.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жас ұрпақ бойына елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерді сіңіру, жас жеткіншектердің туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншілігін арттыру, елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу мақсатында аудандық кітапхананың оқырман залында жыл басында «Рухани келісім әлеміндегі Қазақстан», Шаған, Қоянкөз ауылдық кітапханасында «Рухани жаңғыру - ұлт болашағы ел мәртебесі», Сарыбастау ауылдық кітапханасында «Елбасы рухы-ел рухы», Қызылжар ауылдық кітапханасында «Ел өркендеуіне ерекше серпін», Сарыбұлақ ауылдық кітапханасында «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар», Шаған ауылдық кітапханасында «Рухани жаңғыру. Ұлттық сана» атты тақырыпта кітап көрмелері ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалған. Сондай - ақ Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 21 қаңтар күні «Парасатты пайым, тарихи шешім» атты сторителлинг, 15 қаңтар күні Сарыбастау ауылдық кітапханасында «Рухани жаңғыру – ұлттық тамырдан нәр алу» атты виртуалды саяхат, Алтынемел ауылдық кітапханасында «Ұлы даланың жеті қыры» атты әңгіме-сұхбат өткен.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай аудандық және ауылдық кітапханаларында «Тұғыры биік Тәуелсіздік!», «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы жолы», «Тұғыры мығым, туы биік - Тәуелсіздік», «Қазақстан – мақсаты айқын мәңгілік ел», «Менің отаным Қазақстан!» айдарымен кітап көрмелері безендіріліп, библиографиялық шолу жасалған.

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»-деп жырлап, ел қамын жеп өткен қазақтың пір тұтар ақыны Абай Құнанбайұлына биыл 175 жыл толып отыр. Осы орайда 21 ақпан күні Күреңбел қазақ орта мектебінде аудандық кітапхананың кітапханашылары «Мәңгілік елдің – ұлы Абайы» атты поэзия сағатын, Сарыбұлақ ауылдық кітапханасында «Абайдың биік тұрар өлеңдері» атты тақырыпта поэзия кеші, 21 ақпан күні Сарыбастау ауылдық кітапханасының оқырман залында «Ұлылардың ұлысы - Абай» атты мектеп оқушылары арасында әдеби кеш өткен..

2019 жылы тамыздың 26-сы күні ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың № 133Жарлығы шығып, күллі түркі жұртының мақтанышы атанған ғалым-философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы қаулы жариялаған болатын. Осыған орай ұлы даланың ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аудан көлемінде де аталып өтілген. Әбу Насыр Әл-Фарабидің рухани - зиятты мұрасын оқырмандарға таныстыру, ұлы ғалымның өмірі мен шығармашылығына кең көлемде насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық кітапханасының оқырман залында "Әл - Фараби Шығыстың ғұлама ақыны" атты айдармен тарихи круиз, Сарыбастау ауылдық кітапханасында «Ұлы даланың – Ұлы тұлғасы» атты портрет кеші ұйымдастырылған.

2020 жыл «Еріктілер жылы» болып бекітілген. Осыған орай аудандық кітапхананың кітапханашылары оқырман залында «Еріктілер қозғалысы: жаңа деңгейдегі қадам» атты дөңгелек үстел, 18 наурыз күні Қоғалы ауылдық кітапханасының кітапханашылары «Саналы ұрпақ, жарқын болашақ» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырған.

15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай Сарыбастау ауылдық кітапханасының оқырман залында «Он сегізінде от кешкендер», Қызылжар ауылыдық кітапханасында «Ауғанның от жалыны» атты әдебиеттер көрмесі безендіріліп, Жаңалық ауылдық кітапханасында «Ауған - сөнген шоқ, өшкен арман» атты слайд шоу, 12 ақпан күні Шанханай ауылдық кітапханасында «Заман запыраны» атты кездесу кеші, Шұбар ауылдық кітапханасында «Жалғасындай зұлмат заман мұрасы, Ауған жері қанды соғыс куәсі», Жоламан ауылдық кітапханасында «Ауғанның маусымында от кешкендер» атты кездесу кештері өткізілген.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2016 жылдың 14 қаңтарынан бастап 1 наурыз – «Алғыс айту» күні болып жарияланды. Осы мерекеге орай 27 күні аудандық кітапхана ұжымы мен Сарыөзек ауылдық округі әкімдігі және Ә.Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйініңұйымдастыруымен «Құт дарыған төріне, мың алғыс қазақ еліне» атты мерекелік кеш, Сарыбастау ауылдық кітапханасының оқу залында «Алғыс айту парызым» атты сторителлинг, Қоянкөз ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Ризашылық пен алғыс» атты әдеби-сазды кеш, Қызылжар ауылдық кітапханасының кітапханашылары мектеп оқушыларының қатысуымен «Шын жүректен алғыс айтамын» атты айдарымен кездесу кешін өткізген.

8 наурыз – Халқаралық әйелдер мерекесіне орай Жоламан ауылдық кітапханасында «Өмірді өркендетер ана ғана» атты әдеби-сазды кеш, «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты мерекелік кештер өткізілген.

Ана сүтімен бойға сіңген, ата-бабаларымыздан мирас болып ұрпақтан-ұрпаққа жеткен-ана тілімізді дәріптеу мақсатында «Тілім менің-ажарым асыл мұрам» атты жұлдызды сағат, «Қазағымның тілін біл» атты әдеби ойын ұйымдастырылған.

Қазақтық ақын - жазушыларының шығармаларын насихаттау мақсатында ұлт рухын тірілткен Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына «Қазақ халқының мақтан тұтар алып тұлғасы» атты прозалық орай «Қазақ халқының мақтан тұтар алып тұлғасы» атты прозалық кеш, «Жазушы аманаты – ғасырлар сөзі» тақырыбында тұлғалық кеш, М.Мақатаевтың 89 жыл толуына орай «Есіңе мені алғайсың» атты еске алу кеші, "Жырлайды жүрек" атты поэзия кеші, "Қазақ әдебиетінің ақсұңқары" атты тақырыппен әдеби караоке өткізілген.

Өлкеміз - Кербұлақ ауданының тарихын, өткен жылдардан сыр шертетін мағлұматтарды, жеткен жетістіктерін, танымал адамдарын, сұлу табиғатын, көрнекті жерлерін насихаттау мақсатында «Өлкем менің мақтанамын өзіңмен» атты өлкетану кеші, аудан әкімі Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиевтің қолдауымен ауданымыздың ақындарының жыр шумақтары жинақталған, "Жырым сенсің, Кербұлақ" атты кітабына флэшбук өткен.

Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты аудандық және ауылдық кітапхананың кітапханашылары іс-шараларды онлайн түрінде өткізген.

Аудандық кітапхананың кітапханашылары Кербұлақ ауданы мешітінің бас имамы Яқып Айсамен, жазушы "Тезек төре", "Тезек төреге қатысты жыр - айтыстар анталогиясы" - атты зерттеу кітаптарының авторы А.Ақылбековпен, тамашаның тарланы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері – Ә.Қабыловпен, Кербұлақ ауданының, Алматы облысының “Құрметті азаматы”, “Құрмет” орденінің иегері, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, тыл ардагері
Т.Сарыбаевпен, ақын атты А.Елтайұлымен, жазушы, журналист С.Әбікенұлымен, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ауданымыздың мақтанышы, Кербұлақ ауданының, Алматы облысының "Құрметті азаматы", дирижер, сазгер С.Мәлімбаймен, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері, Кербұлақ ауданы, Алматы облысының Құрметті азаматы, күллі қазақ жұртының сүйікті актрисасы, Күреңбелдің жарық жұлдызы –Г.Қазақбаевамен, М.Жылқайдаров атындағы сыйлықтың иегері, жерлес ақынымыз А.Жиенқұловамен, ауданымыздың ақыны «Құрметті азаматы» Д.Аңсабаевпен, ауданымыздың жас ақыны Д.Кенжебекпен, Қазақ журналистикасының қайраткері, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, аудандық “Кербұлақ жұлдызы” газетінің тілшісі, “Ақ жыланның арбауы” атты кітаптың авторы А.Қасеновамен, Алматы облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, Кербұлақ аудандық аналар кеңесінің төрайымы, Кербұлақ ауданының "Құрметті азаматы" Ғ.Ақбасовамен онлайн сұхбат өткізген. А.Құнанбаевтың өлеңдерін, қара сөздерін кітапхананың оқырмандары онлайн түрінде оқыды. Ауылдық балалар және ауылдық кітапханашылар бүлдіршіндерге арнап «Мақта қыз бен мысық», «Қарлығыштың құйрығы неге айыр», «Қаңбақшал» ертегілерін оқыса, 9 мамыр Жеңіс күніне орай "Қаһармандық пен қайсарлықтың үлгісі - Ұлы Жеңіс" атты вертуалды кітап көрмесі, тыл ардагерлерімен онлайн сұхбат, слайдтар ұймдастырылып, «Майдангерлер мәңгі есте ерлігің», «Жауынгерлер» атты өлеңдері оқылып, осы тақырыпқа орай онлайн сурет көрмелері ұйымдастырылған.

Білім саласы бойынша:

Аудан бойынша қашықтықтан оқыту барысында 52 білім беру мекемелерінде 2020 жылдың 25 мамыр күніне оқушы саны-8523 оқушы оқуын аяқтаған. Қашықтықтан оқыту үрдісімен 1418 мұғалім жұмыстар жүргізген. Атап айтқанда, 2595 оқушы ( 30 % ) интернет желісі арқылы түрлі оқыту платформалары арқылы оқытылса, ал 5928 оқушы ( 70 % ) «Ел Арна», «Балапан» телеарналар арқылы оқытылған. Барлық 8523 оқушының 55 білім алушылар денсаулығына байланысты үйден оқитындар және 108 оқушы инклюзивті білім алушылар бар. 55 үйден оқитын оқушының 28 оқушысы интернет арқылы, 12 оқушы «Балапан» телеарнасы, 1 оқушы «Еларна» телеарнасы, 14 оқушы қағаз түрінде білім алған. Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 51 баланың 35 баласы қашықтықтан оқумен қамтылған, қалған балалар студенттер, мектеп жасына толмаған балалар. Барлық 35 бала 100 % қашықтықтан оқытумен қамтылған. Оқитын 35 баланың ішіндегі 6 оқушыға мектеп тарапынан компьютер берілген, 1 бала смартфонмен қамтамасыз етіліп, 1 баланың үйіне интернет орнатылған, қалған 27 бала теледидар арқылы оқумен қамтылып отыр. Ауданда жалпы білім беретін 52 мектеп, оның ішінде 12 бастауыш, 7 негізгі, 33 орта мектеп оқу-тәрбие үрдісін жүргізуде. 2019-2020 оқу жылында 8523 оқушы білім алып, оның ішінде 1-4 сыныптарда – 3513, 5-9 сыныптарда 4067, 10-11 сыныптарда 943 оқушы, барлығы 8523 оқу жылын аяқтаған. Денсаулығына байланысты 51 оқушы үйде оқытылған. Оқу жылының қорытындысы бойынша аудан мектептерінің 1954 оқушысы «үздік» , 3450 бала «екпінді» оқушы жақсы оқуын аяқтаған. Оқушылардың білім сапасы оқу жылының қорытындысы бойынша 64,6 % құрап тұр.

2019-2020 оқу жылында мүлдем мектебі жоқ және тиісті мектебі жоқ 23 елді мекеннен 261 бала тасымалданып оқытылған. Тасымалдау жұмыстарын ауылдық округ әкімшілігінің құзырында іске асырылған. Оқушылардың тамақтануы бойынша 33 мектепте ыстық тамақ, 7 мектепте буфеттік тамақ ұйымдастырылып, ыстық тамақпен 8065 бала, 435 бала буфеттік тамақпен тегін қамтылған. Құқық бұзушылық бойынша аудандық Ішкі істер бөлімінде есебінде 3 оқушы тіркелген. Ауданда жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар саны-51, оның ішінде 27–і жетім, 24-і ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар. Тағайындалған 51 балаға тағайындалған қамқоршылары ай сайын 27,780 теңгенің көлемінде жәрдемақы алып отырған.

2019-2020 оқу жылындағы аудандағы мектеп бітірушілер саны – 459, оның ішінде Ұлттық Біріңғай Тестілеуге өтініш білдіріп, тестілеуге қатысатындар – 350 түлек. Бұл барлық мектеп түлектерінің 76,2 пайызын қамтиды. ҰБТ 3 ағынмен , яғни 24, 25, 26 маусым күндері өткізіледі. Осы оқу жылындағы мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижесінде 39 түлек «Алтын белгі», 24 түлек «Үздік аттестат» иегерлері атанған. ҰБТ-ге Қарашоқы, Райымбек, Ы. Алтынсарин, Қосағаш, Ш. Уәлиханов, Сарыөзек, Күреңбел қазақ орта мектептерінен түлектердің қатысуы 85-89 пайызды құраған. Аудан бойынша жалпы 33 орта және 7 негізгі, 12 бастауыш білім беру мекемесі бар, жалпы барлық 52 мектепте жазғы демалыс лагерлерінің жүруі бойынша жоспары жасалып, бекітілген. Жалпы ауданның 1-10 сыныптар аралығында 7900 оқушы бар, оның 7050-ін жазғы демалыспен онлайн режимінде қамтылу жұмыстары басталған.

Мұғалімдер компьютермен және принтерлермен 100 % қамтылған. Оқушылардан кері байланыс алу үшін аудан бойынша 473 мұғалімнен волонтерлер, курьерлер мектепішілік бұйрықпен бекітіліп, жұмыс атқарған.

Аудан мектептерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары өз уақытысында маусым айының аяғында жүргізіледі. Өйткені биылғы жылы пандемияға байланысты, облыстық білім басқармасының тапсырмасына сәйкес 1 маусым күнінен бастап ауданның кіші техникалық қызметкерлері кезекті еңбек демалысына шығып, барлығы 25 маусым күні жұмыстарына шығады. Мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына білім бөлімінің бюджет есебінен 28 млн. 366 мың теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, Малайсары және Ш.Уалиханов атындағы орта мектептерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Байқау жарияланып, жұмыстар басталды. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілу барысын үнемі білім бөлімінің басшысы Е.Досалбаев, бөлімнің маманы Қ.Шалшикбаева қадағалауда.

Барлық іс-шаралар Коронавирус індетіне байланысты ZOOM және басқа да қол жетімді әлеуметтік желістері арқылы атқарылуда.

Аудандық денешынықтыру және спорт саласы бойынша:

«Кербұлақ аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметкерлерінің штаттық саны – 2адам. 2020 жылдың басынан аудан аумағында 11 спорттық іс-шара жоспарға сәйкес және жоспардан тыс 2 спорттық жарыстар өткізілген.Аталған спорттық іс-шараларға аудан бойынша 2853 адам қатыстырылған. 2020 жылы аудандық БЖСМ жаттықтырушыларының және оқушыларының жетістіктері төмендегідей: бокстан Алматы облысының чемпионатында 2 алтын, 2 қола, қазақ күресінен Алматы облысының чемпионатында 1 қола медальдарға ие болса, Талдықорған қаласында өткен самбо күресінен Алматы облысының чемпионатында чемпион атағын жеңіп алған. Сонымен қатар волейболдан қыздар арасында Алматы облысының чемпионатында III орынды иеленсек, дзюдодан Қазақстан Республикасында өткен еркін күрестен халықаралық турнирде біздің спортшыларымыз I орынды қанжығаларына байлап әкелген.

Сондай-ақ ауданымызда 141 спорттық нысандар халыққа қызмет көрсетуде, олар: 1 спорт кешені, 1 орталық әскери спорт клубының кешені, 6 шағын футбол алаңы, 38 спорт залдары, 6 жапсарлас спорт залдары мен 95 жазықтық құрылымдар. Ауданда өткізілген барлық спорттық-іс-шаралар туралы аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінде 15 мақала жарық көрсе, ФЕЙСБУК, ИНСТАГРАММ, В КОНТАКТЕ әлеуметтік желілерінде 456 мақала жарияланған. Ауданның құрама командалары облыстық деңгейде өткізілген жарыстарға үнемі қатысып, көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Олар: Шаңғы жарысынан Алматы облысының чемпионатында 5 орын, баскетболдан Алматы облысының чемпионатында 5 орын, тоғызқұмалақтан облыс чемпионатында 3 орын, шахматтан облыс чемпионатында 9 орын. Қазіргі кездегі қалыптасқан жағдайға байланысты көптеген спорттық іс-шаралар әлеуметтік желілер арқылы өткізілуде.

Аудан халқына медициналық қызмет көрсету ісіне келетін болсақ:

Аудан бойынша 47 емдеу (оның ішінде 1 аудандық орталық-120 төсектік, 2 ауылдық ауруханасы, Қоғалы ауылдық ауруханасы-45 төсектік, 15 дәрігерлік амбулатория, 29 медициналық пункттер) орындар халыққа қызмет көрсетуде. Он сегіз дәрігерге (онколог, нарколог, неврапотолог, окулист, хирург т.б. ) тапшылық.

Әрбір науқастың бір тәулік тамағына 2019 жылы 520 теңге бөлінсе, 2020 жылы 750 болып 230 теңгеге өскен.

Аудандағы ана өлімі жағдайын болдырмау мақсатында: қан кету мен гестоз кезінде стационардың шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайындығын күшейтіп, емдеу – профилактикалық ұйымдардағы акушерлік-гинекологиялық көмек өз деңгейінде ұйымдастырылуда; акушер-гинеколог, реаниматолог, акушер дәрігерлердің біліктілігін арттыру және акушерлік патологиялар мен шұғыл жағдайлар кезіндегі алгоритмдер игерілуде.

Ауданда күнделікті жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалары бар аналарға патронаж жүргізіліп, медбикелер тиісті көмек көрсетуде.

Оған қоса, нәрестелердің туа біткен даму кемістіктерін анықтау мақсатында жүкті әйелдер арасында ультрадыбыстық скрининг жүргізу, жүктілігі бойынша уақтылы диспансерлік есепке алыну жұмысы жақсартылуда.

Тұрғындардың денсаулығының маңызды көрсеткіштерінің бірі әлеуметтік маңызды ауруларымен ауыру деңгейі болып табылады.

Қатерлі ісікпен ауыру көрсеткіші 33,4% (14 адамды) құрайды (2019 жылы бұл көрсеткіш 129,0 % (25 адам) болған).

Жылдың есептілік кезеңінде туберкулезбен ауыруы көрсеткіші аудан бойынша 2019 жылда 14,3% болса, 2020 жылы 5 (10,0) болып отыр.

Сонымен қатар, бруцеллез ауруының көрсеткіші 2020 жылы 1 болса, (2019 жылы 1 болған).

Жүрек қан-тамыр ауруларының ақауларының жалпы көрсеткіші 2019 жылы 241,7 % болса, 2020 жылы 82 адам.

Өлім-жітім көрсеткіші – 2019 жылы (8,15 % (98 адамды) құраса 2020 жылы 111 адамды құрап отып. Көрсеткіштің көбеюі себептері:

-2019 жылы халық саны көрсеткішінің 2018 жылмен салыстырғанда төмен болуы;

-өлім-жітімнің 44,5%-ы 70 жастан жоғары адамдардың қайтыс болуы;

- Кербұлақ ауданында психоневрологиялық диспансеріндегі науқастар жан-жақтағы аудандардың мүгедектері болып табылғанымен сол диспансерде қайтыс болу себептерімен біздің ауданға тіркелуі біздің ауданның көрсеткішіне кері әсерін тигізуде.

Жоғарыда көрсетілген өлім-жітімді төмендету мақсатында, медициналық қызметкерлерді жедел медициналық жағдайларда сапалы көмек көрсету негізінде оқытып, қауіп-қатер белгілерінде халыққа хабарлау, және де уақытылы медициналық көмекке жүгіну шаралары ұйымдастырылуда.

Көрсеткіштердің жақсарғанына қарамастан ауданға 16 бірлік автокөлік сатып алуға, дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз етуге, кадрлар тапшылығы ( онколог, нарколог, невропатолог, окулист, хирург және т.б.). мәселесін мүмкіндігінше шешуге ықпал етуін сұраймыз.

Өткен жылы әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның қызметінде ерекше орын және белсенді жұмыс мектептің білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халыққа, аудан мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне бөлінді. Есеп беру кезеңінде аудан тұрғындарының өмірінде маңызды рөл атқаратын маңызды мәселелер қаралып, талқыланды. Жедел шешімді талап ететін мәселелер бойынша депутаттар өз жұмысында әртүрлі тиімді формаларды пайдаланады. Тұрақты комиссия өз қызметінде ауданның атқарушы органдарымен тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұдан басқа, аудан әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссияның мүшелері бола отырып, тұрақты комиссия мүшелері ауданның дамуына, оның әлеуметтік-экономикалық өміріне тікелей қатысады, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға айтарлықтай үлес қосады. Депутаттар қоғамдық өмірден де тыс қалмайды. Халық қалаулылары ауданда өткізілетін барлық қоғамдық-саяси іс-шараларға және қайырымдылық акцияларға белсенді қатысады. Депутаттар өз істерінің маңызды бағыттарының бірі Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, қарт адамдармен, жетім балалармен, мүгедектермен және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарымен қайырымдылық қызметі деп санайды. Жұмыс барысында олар қолданыстағы заңнамамен белгіленген әдістер мен формаларды пайдалана отырып, депутаттық өкілеттілікті орындау тәжірибесіне ие болады, бұған аудандық мәслихат аппараты, жоспарлы оқу, сайлау округтерінде жұмыс тәжірибесімен алмасуға көмектеседі. Сондай-ақ, аудан аумағында жергілікті мемлекеттік басқаруды ұсынатын аудандық мәслихат пен әкімдік өзара түсіністікте және өзара әрекеттестікте бірыңғай негізде жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Депутаттардың атқарушы органмен қалыптасқан іскерлік ынтымақтастығы біздің аудан халқының игілігі үшін міндеттерді жедел, қандай да бір қарсылықсыз және шиеленіссіз шешуге мүмкіндік береді. Құрметті депутаттар, өз есебімді аяқтай отырып, тұрақты комиссия мүшелерінің атынан аудандық мәслихаттың хатшысына, депутаттарға, аппарат басшысына және мәслихат аппаратының қызметкерлеріне, жергілікті атқарушы органдардың басшыларына бірлескен жұмысы, комиссия жұмысына белсенді қатысқаны үшін өз алғысымды білдіргім келеді. Одан әрі табыс, сәттілік және жемісті жұмыс тілеймін.

Есеп аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет !.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.