Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 63

Случайные фото

Есептер

Кербұлақ аудандық мәслихатының «Ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның есебі

Санат: Есептер
Уақыты: 21.12.2020
Оқылды: 9 Печать страницы

Кербұлақ аудандық мәслихатының «Ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның есебі

 

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттары мен өзге де ұйымдар өкілдерінен құрылған мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз жұмыстарын мәслихаттың регламентіне және бекітілген жұмыс жоспарына байланысты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12 бабының 3 тармағына сәйкес тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп беруге тиісті. Осы қолданыстағы заңнаманы жүзеге асыру мақсатында , аудандық мәслихатындағы тұрақты комиссиясының ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмысы туралы есебін беру үшін алдыларыңызға шығып отырмын. Аталған тұрақты комиссия құрамындағы депутаттардың барлығы ауылшаруашылығымен айналысатын, аталған тұрақты комиссияның жұмысына белсене араласып, өз сайлаушыларымен тұрақты түрде жұмыс жасап, қол үшін беріп жүрген азаматтар.

2020 жылдың басынан аталмыш тұрақты комиссиясының 6 отырысы өткізіліп, осы отырыстарда көптеген маңызды мәселелер қаралып, 18-ге жуық қаулылар қабылданып, талқыланып, мәслихат сессиясының қарауына енгізіліп өз шешіміндерін тапты.

Енді осы аталған тұрақты комиссия жетекшілік ететін аудандағы ауылшаруашылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау мәселесі бойынша аудандық ішкі істер бөлімдерінің жұмыстарына қысқаша тоқталып өтетін болсақ:

Ауданымыздың ауылшаруашылығы бойынша 2020 жылдың 8 айында өндірілген өнім көлемі 19 млрд.543 млн. теңгені құраса, мұндағы мал шаруашылығының үлесі 9 млрд.729 млн. теңге, егін шаруашылығы 9 млрд.814 млн. теңге. Ағымдағы жылы егін шаруашылығы бойынша 93 382 гектарға дәнді-дақылдар егіліп, 2019 жылмен салыстырғанда дәнді-дақылдар көлемі 4959 гектарға ұлғайған. Бұдан басқа 2640 гектарға картоп , 5089 гектарға майлы дақылдар себілген.

Мал азығын дайындау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп, 188 мың 100 тонна шөп, 49 мың 700 тонна сабан, 31 мың 900 тонна пішендеме, 29 мың 800 тонна жем дайындалған.

2021 жылдың өніміне 26085 гектарға күздік бидай себу жоспарланып, бүгінгі күні 13173 гектар алқапқа күздік бидай себілді.

Аудан бойынша жыл басынан ауылшаруашылық тауар өндірушілер 34 дана ауылшаруашылық техникаларын 299млн.220 мың 087 теңгеге сатып алған. Оның ішінде астық оратын комбайн 5 дана – 110 млн.419 мың 749 теңгеге алынса, тракторлар – 9 дана -140 млн.376 мың 138 теңге, жол құрылыс көліктері 3 дана -21 млн.175 мың теңге, басқадай техникалар 17 дана -27 млн.249 мың 200 теңгені құраған.

Ағымдағы жылдың 8 айында өндірілген ет көлемі-5933 тонна, сүт- 29897 тонна , жұмыртқа -5млн.246 мың дана, жүн -506,2 тонна.

Бүгінгі күнге мал басы ірі қара- 68988 бас, қой мен ешкі- 321664 бас, жылқы –22456 бас, түйе -68 бас, шошқа-951 бас, құс-73419 бас.

Аудан бойынша электронды картаға енгізілетін жайылымдық жер көлемі-351825 га болса, қазіргі таңда 379825 га жер көлемі яғни 107,9 пайызға, шабындық жер көлемі 5466 гектар болса , оның 6421 гектар жер көлемі енгізілді, яғни 117,4% құрайды. Егістік жер көлемі 124 797 гектар болса, оның 127923 гектары енгізілді, яғни 102,5%, көп жылдық екпе (бақ) бойынша 115 гектар болса, оның 125 гектары электрондық картаға енгізілді, яғни 108,6% құрайды .

Көктемгі дала жұмыстарына ауданға 2500 тонна, ал күзгі дала жұмыстарына 3200 тонна дизель отыны бөлініп, литрі 168,5 теңгеден жіберілген.

Азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау мәселесі бойынша аудандық полиция бөлімінің атқарып жатқан жұмыстарына келетін болсақ ағымдағы жылы 8 ай ішінде аудан көлемінде 168 қылмыс тіркеліп, былтырға жылмен салыстырғанда қылмыстың тіркелуі 31,4 пайызға төмендеген. Осы тіркелген қылмыстардың 116 учаскелік инспекторлардың қатысуымен ашылса, 103 қылмыс жеке ізге түсу барысында ашылған, Ювеналды полиция қызметкерлері қатысумен 103 қылмыс , жеке ізге түсуімен 12 қылмыс ашылған.

Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 2020 жылдың есепті мерзіміне дейін аудан көлемінде қылмысқа қарсы күрес, оның алдын алу және болдырмау, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, маскүнемдікке, нашақорлыққа қарсы күрес, маскүнемдікке салынған адамдарды еркінен тыс емдеу орындарына жөнелту, бұрын сотталған адамдармен профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында біршама шараларды жүзеге асырған. Есепті мерзім ішінде аудандық полиция бөлімі облыстық полиция департаментінің нұсқауларына сәйкес және өз бастамасымен аудан көлемінде «Браконьер», «Жасөспірім», «Қауіпсіз жол», «Мас жүргізуші», «Автобус», «Мал ұрлығы», «Наркотик », «Қадағалау», тағы басқа жедел алдын-алу іс-шараларын жүзеге асырған.

2020 жылдың 8 айы ішінде аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен барлығы 2016 әкімшілік хаттама толтырылып, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздік бойынша-1390 хаттама, жол қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін-626 хаттама толтырылған.

Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде есепті мерзім ішінде кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар 2-ден 1-ге дейін, қоғамдық орында жасалатын қылмыстар 22-ден 11-ға дейін, көшеде жасалатын қылмыстар 7-ден 4-ке дейін,бұрын сотты болған тұлғалармен жасалған қылмыстар 2-ден 1-ге дейін төмендеген.Мас күйінде жасалған қылмыстар 25-тен 25, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалатын қылмыстар 2-де 2 көрсеткіштер бір қалыпты.

Ауданда аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту жөнінде осы бағытта жоспарлар құрылып жұмыстар атқарылуда.

2020 жылғы тұрақты комиссияның есебін қорыта келе тұрақты комиссияның атқарып жатқан жұмыстары жаман емес бұдан әрі де өз қызметінің түрлері мен әдістерін дамытуды, әлеуметтік-экономикалық даму бойынша аудандық бағдарламалардың және жоспарлардың, аудандық мәслихат шешімдерінің және комиссия қаулыларының орындалуына, өз құзыреті шегінде бақылауды нығайта түседі дегім келеді

Назарларыңызға рахмет.

 

 

Кербұлақ аудандық мәслихатының ауылшаруашылығы мен қоршаған
ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, заңдылық, азаматтардың
құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының
төрағасы М. Ахметжанов
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.