Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 63

Случайные фото

Есептер

Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясы

Санат: Есептер
Уақыты: 16.04.2021
Оқылды: 19 Печать страницы

Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Бақытбек Сансызбайұлы Есимовтың есебі

 

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттарының 2019 жылғы 27 желтоқсанындағы №53-305 шешімімен аудандық мәслихат сессиясында 2020 жылғы аудан бюджеті толықтай 12 028 614 мың теңге сомасында бекітілген. 2020 жылы өткен 5 сессияда аудан бюджетіне өзгерістермен толықтырулар енгізіліп отырды. Бюджеттің түсімдерінің түзелген жоспар 14 824 457мың теңгені құрап, бюджетке нақты 14 902 029,3 мың теңге түсімдер түсіп, жоспар 100,5% орындалды.

Ай сайын аудан бюджетінің игерілуі жөнінде толықтай сараптама жасалып, игерілмеу себептері анықталып, мониторинг уақыты жасалып отырды.

Оның қорытындысы бойынша 2020 жылы аудан бюджетінің шығындары 99,8% орындалып, түзетілген жоспар 17 046 582 мың теңге болғанда 17 017 516,5 мың теңге игерілді.

Аудан бойынша 29 066 мың теңге игерілмей қалды. Ауданның игерілмей қалған қаржылары негізінен әр саланың бағдарламадағы үнемделген қаржы есебінен бөлініп отырғандығы белгілі. Білім беру, жалпы сипатағы мемлекеттік қызметтер, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы бағдарлама бойынша бөлінген қаржылар мақсатты түрде игеріліп, барлық жұмыстар өз мәнінде атқарылғаны белгілі. Кербұлақ ауданында 2020 жылы ауыз толтырып айтарлықтай көптеген жұмыстар аудан әкімі бастамасымен жүзеге асырылды. Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыру шеңберінде, Кербұлақ ауданында жалпы құны 3 148 276,0 млн.теңгені құрайтын 343 жұмыс орны қарастырылып 56 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды, осыған байланысты Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттық корпусымен қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлескен жұмыс тобы құрылып бақылау жұмыстары жүргізілді. Мектептер мен әлеуметтік нысандар, әкімшілік ғимараттары күрделі жөндеуден өтіп, асфальт жолдар төселіп, ауылдарға ауыз су жүйесі тартылды. Осы аталған шаруалардың барлығы бюджеттің нақты бөлініп, тиісті бағдарлама әкімшілерінің мақсатты қаржыны бөлгізіп игеруінде болып отырғандығы аян.

Қорытындылай келе, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламалардың сапалы деңгейін, уақтылығын, іске асырылу тиімділігін арттыру мақсатында мыналарды атап өткен жөн:

- бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және нәтижелерге қол жеткізуге бақылауды күшейту;

-әкімшілердің бюджеттік бағдарламалары бойынша нәтижелерді анықтауға ерекше назар аудару керек, өйткені жыл аяғында бірқатар бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарланған көрсеткіштер игерілмей қалуда, оның себебі өзіміздің тендер шарттарын дұрыс пайдалана алмай жүргендігімізде.

Ашығын айту керек, жыл басында бөлінген қаржы тендер­лік комис­сия қарап, конкурс өткізіп, ол қар­жы тендерді ұтып алған мер­дігер компанияның есеп-шотына түскенше жаз да келеді. Жоба сы­зылып, бекітіліп болғанша тағы бір-екі ай да өте шығады. Жұ­мыс «сәтті» баста­лып кеткен кезде күз, артынан қылышын сүй­ретіп қыс та жетеді. Сөйтіп, жаз­дың жайма­шуақ уақытында басталмаған құрылыс қысты күні қалай жүр­сін? Содан қаржы иге­ріл­мей қалады. Бюд­жеттен бөлінген әрбір тиын­ға есеп жүргізілуі тиіс және ол ашық болуы керек. Ол қаржы салықтан түскен ақша болған­дықтан, әр адам оның қалай жұмса­латынын, неге игерілмей жат­қанын білуі тиіс. Әйтпесе, жыл сайын осындай жыры бітпес жиынға куә бола беретініміз айтпаса да түсінікті. Осыған орай бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бақылауды күшейту керек.

Есепті жыл барысында орын алған кемшіліктерді ескеріп, үстіміздегі жылдың бюджетінің сапалы және толығымен игерілуіне көңіл бөлу қажеттілігін айтқым келеді.

Судың да сұрауы бар демекші әр бөлінген қаржының артында мемлекет тарпынан мықты бақылау бар екендігін ұмытпайық ағайын.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев жарғақ құлағы жастыққа тимей күндіз- түні шапқылап, елге инвесторлар тартып, мемлекеттік бюджет қоржынын қаражатқа толтырудың амалдарын жасап жатыр. Өздеріңізге белгілі жаһандық деңгейде өршіген пандемия әлемдік экономикаға кері әсерін тигізуде. Covid-19 пандемиясы Қазақстан экономикасына едәуір әсерін тигізді. Оның салдарынан елімізде мыңдаған кәсіпкерлік субъектісі өз қызметін тоқтатты. Еліміз үшін қиын кез келді "Қазақстанның экономикасы қазір бұрын-соңды болмаған дәрежеде талықсуға ұшырап отыр. Демек, халықтың әл-ауқаты мен үй шаруашылықтарының күйі одан әрі төмендейді деген сөз. Сондықтан да біз қарапайым аудан, ауыл еңбеккерлері бюджет заңнамасы аясында жұмыс жасап, әрбір бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы жолында еңбек етуіміз тиіс.

 

Назарларыңызға рахмет!

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.