Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 63

Случайные фото

Есептер

2019 жылдың бірінші жартыжылдық қортындысы бойынша Кербұлақ аудандық мәслихатының аудандық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі

Санат: Есептер
Уақыты: 12.02.2020
Оқылды: 19 Печать страницы

2019 жылдың бірінші жартыжылдық қортындысы бойынша Кербұлақ аудандық мәслихатының аудандық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі

 

Кербұлақ аудандық мәслихатының аудандық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия кезекті сессияға дайындық барысында әлеуметтік салалардың жағдайларын зерделей келе төмендегіні анықтады:

Аудан халқын жұмыспен қамту орталығы бойынша 2019 жылдың есептік мерзіміне қарасты жұмыссыздар есебіне келіп тіркелгендер саны 533 адамды құраған. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға жыл бойына жалақы қорын субсидиялауға 25 адамға 5 млн 294 мың теңге жоспарланып, 27 адам мекемелер мен кәсіпкерлік субъектілеріне жолдама алған. Жастар тәжірибесіне 6 айға 50 адамға 18 млн 938 мың теңге бөлініп, 48 жас мамандарға жолдамалар беріліп, жоспар 86 пайызға оырндалған. Ақылы қоғамдық жұмысқа-200 адамға 56 млн 100 мың теңге қаржы бөлініп, жыл басынан 214 адам жұмысқа тартылған. Ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту үшін несие алуға 85 адам ұсыныс берсе, есепті кезеңге 67 адамға несие алуға жолдама беріліп 16 адам 68 млн 300 мың теңге несие алған. Мүгедектер есебіне 25 адам тіркеліп оның 10 азаматы ақылы қоғамдық жұмыстарына, 1 адам жастар практикасына тартылған, 8 азамат тұрақты жұмысқа орналасса 5 азамат қысқа мерзімдік кәсіби оқуға жіберілген.

Аудан халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы бойынша 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрін тағайындау үшін жылдың аяғына дейін 713 отбасы 3755 адамға 560 млн 471 мың теңге қаржы жұмсалуы жоспарлануда. 2019 жылдың 1 маусымына қарасты мерзімге 629 жағдайы төмен отбасыларының құжаттары қабылданып, базаға енгізіліп 611 отбасы 3351 адамға 98 млн 754 мың теңге тағайындалған. Барлық игерілген сома 98 млн 754 мың теңге. Жыл басынан 93 отбасының 331 адамына 3 млн 500 теңге төленген. Ауған соғысына қатысқан 55 ардагерлердің құжаттары қабылданып, әр адам басына 70 000 теңгеден, жалпы сомасы 3 млн 850 000 теңге жұмсалған. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 12 адамның ұсынылған құжаттары негізінде олардың жеңілдіктерге құқығын растайтын куәліктері берілген. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жыл басынан 122 зейнеткерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілген.

Аудан бойынша 1353 мүмкіндіктері шектеулі азаматтар тіркелген.Оның ішінде I-II топ мүгедектерінің саны - 723, III-топтағы мүгедектер саны - 424, бала жасынан мүгедектер саны - 156 адам. Олардың ішінде 30 азамат үйде отыратын кресло-стулымен қамтылып, 23 мүгедек шипажайларға барып ем алып келген.

Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп тұруы қиын бірінші топтағы 65 мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға тағайындалған жеке көмекшілер үшін бір жылға 34 млн 310 мың теңге бөлінген. Сонымен қатар міндетті гигиеналық құралдар алу үшін 20 млн 29 мың теңге игеріліп 127 азамат толықтай 730 дана әртүрлі гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етілген.

Білім саласы бойынша:

Аудан бойынша биылғы 2018-2019 оқу жылында 9 сыныпты-727 оқушы, 11 сыныпты 438 түлек аяқтаған. Мектеп жасындағы оқушылар саны- 8437, олардың ішінде оқу үздіктері-1957, оқу екпінділері-3313, денсаулығына байланысты – 58 бала үйде оқытылады. Жыл қорытындысы бойынша жалпы білім сапасы – 62,5 %, оқу үлгерімі – 100 %. құрайды. Өткен тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасының 0,5 % өсуі байқалуда.

Аудан бойынша 31 мектептен 438 түлек оқу жылын аяқтап отыр, оның 279 ҰБТ-не қатысу үшін өтініш білдірген. 2019 жылғы мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындық жұмыстары жүргізіліп, 7 рет аудандық байқау сынақ тесті алынған. Сонымен бірге қаңтар айында Талдықорған қаласында өткен ҰБТ-ға 82 түлек , ал наурыз айында өткен тестке 277 түлек ( оның ішінде қазақ тілінде 270 түлек, қалғаны орыс тілінде тапсырып, орташа 76 пайызды құраған. Аудан бойынша ең жоғарғы балл 130.

2018-2019 оқу жылындағы қорытынаттестаттау нәтижесінде 23 түлек «Алтын белгі», 24 түлек «Үздік аттестат» иегерлері атанған. Оқу жылының қорытындысы бойынша ҰБТ аудан бойынша орташа балы 80,02 құраған. Ең жоғарғы балл-129 баллды П. Дутов атындағы орта мектебінің түлегі «Алтын белгі» иегері Н. Сеймедолда жинаған.

2018-2019 оқу жылында жалпыға бірдей білім беру қоры 70 млн 863 мың теңгені құраған. Оның 52 млн 373 мың теңгесі оқушылардың тегін тамақтандыруын ұйымдастыруына жұмсалған. Ал аудандағы 3 орта, 4 негізгі, 12 бастауыш мектептерінде арнайы ыстық тамақ ішкізу орындары қарастырылмаған. Сол себептен 7 мектепте қоғамдық (буфеттік) тағам ұйымдастырылған, осылайша қоғамдық (буфеттік) тағаммен 484 бала қамтылса, оның ішінде тегін тамақпен 104 оқушы қамтылған. Жалпы тегін тамақтанған оқушылар саны 1304 бала(олар көпбалалы, аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылар).

«Дарындылықтың қайнар көзі-мектеп» - демекші аудан бойынша дарынды балалармен айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.

Пән Олимпиадаларынан облыстық іріктеуден 24 оқушы өтіп, 24 жүлдегер анықталған. «Зерде» зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар байқауына аудандық кезеңге 33 сұраныс беріліп, 23 оқушы байқауға қатысқан. Облыстық кезеңнен 5 жоба үздік деп танылып, 2 оқушы бірінші орынға, 3 оқушы екінші орынға ие болған. Ал П. Дутов атындағы орта мектебінің 2 оқушысы 1 орынды жеңіп алған соң, республикалық кезеңге өткен. Аудандық, облыстық кезеңге өткен. ғылыми жобалар конкурсына 27 оқушы қатысып, оның 12 оқушысы облыстық кезеңге өткен. Осындай жүлделі орындарды Қарашоқы, Д. Қонаев атындағы, Ж. Жапаров атындағы орта мектеп оқушыларының қанжығаларынан көре аламыз.

Сонымен қатар біздің ауданымызда ауданның барлық мектеп оқушыларына менталды арифметикадан қосымша сабақтары өткізілуде, сондай қосымша сабақтардың нәтижесінде ауданымыздың Д.Қонаев және Күреңбел қазақ орта мектептерінің екі оқушысы 2019 жылдың наурыз айының бірінші он күндігінде 9 мемлекеттің қатысуымен Астана қаласында өткен Халықаралық Олимпиадасынан 3 мәрте Чемпион атағын иеленген. Ауданымыздағы мектепке дейінгі жұмыстарға келетін болсақ: «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аудан бойынша 7 балабақшада 1014 бала, 26 шағын орталықтарында - 987 бала тәрбиеленуде. Бұл күнде балабақшаларда 143, шағын орталықтарында 71 педагогтар жұмыспен қамтылған. Ауданда мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшамен қамтылуы 98,2 пайызға жеткізілген.

Аудандық денешынықтыру және спорт саласы бойынша:

2019 жылы аудандық жарыстарға – 1 390 млн теңге, ал облыстық жарыстарға - 5 900 млн теңге бөлінген. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында - 106 қызмет көрсетілген.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 11 түрінен, атап айтқанда: қазақ күресі, самбо, дзюдо, бокс, волейбол, тоғызқұмалақ, баскетбол, еркін күрес, жеңіл атлетика, грек-рим күресі, үстел теннисінен қызмет көрсетіледі.

2018-2019 оқу жылында 1 оқушы халықаралық дәрежедегі спорт шебері (Садуақас Бекарыс), 15 спорт шеберіне үміткер, 165 оқушы – 2-ші және 3-ші разрядтарын орындаған.

Ауданда 134 спорттық нысан халыққа қызмет етеді, олар: 1 спорт кешені, 1 орталық әскери спорт клубының кешені, 37 спорт, 6 жапсарлас спорт залдары және 89 жазықтық құрылымдар.

2019 жылдың I жартыжылдығында 42 спорттық іс-шаралар өткізілген.

Спорт мамандары ауданымыздағы спортпен айналысатын мүмкіндіктері шектулі азаматтарды да назардан тыс қалдырмайды.

Ауданда тұрақты спортпен шұғылданатын мүмкіндіктері шектеулі спортшылар саны орта есеппен алғанда 56 адамды құрайды. Оның ішінде , дойбы спорт түрлерінен – 12 адам, жеңіл атлетикадан – 20 адам, армрестлингтен (қол күресі) -8 адам, пауэрлифтингтен – 4 адам, үстел теннисінен – 5 адам, шахматтан – 7 адам.

Мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында дене шынықтыру және спортты дамыту мен құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, насихаттау мақсатында «Қамқор» қоғамдық бірлестігі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі таңда мүмкіндіктері шектеулі спортшыларға арнайы бекітілген кестеге сәйкес аудандағы спорт объектілерінде жаттығу мүмкіндіктері жасалған.

Аудан халқына медициналық қызмет көрсету ісіне келетін болсақ:

Аудан бойынша 47 емдеу орнында 62 дәрігер халыққа қызмет көрсетуде.

2018-2019 жылдар аралығында ана өлімі тіркелмеген.

Ауданда күнделікті жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалары бар аналарға патронаж жүргізіліп, медбикелер тиісті көмек көрсетуде.

Нәрестелік өлім жағдайлары

1 жасқа дейінгі балалардың өлім жағдайы – көрсеткіші 1 бала (4,13%) құрады.

Қатерлі ісікпен ауыру көрсеткіші (25 адамды) құрайды, туберкулезбен ауыруы көрсеткіші аудан бойынша 2019 жылда 14,3% .

Өлім-жітім көрсеткіші – 98 адамды құрайды, көрсеткіштің көбеюі себептері:

-өлім-жітімнің 44,5%-ы 70 жастан жоғары адамдардың қайтыс болуы;

- Кербұлақ ауданында психоневрологиялық диспансеріндегі науқастар жан-жақтағы аудандардың мүгедектері болып табылғанымен сол диспансерде қайтыс болу себептерімен біздің ауданға тіркелуі біздің ауданның көрсеткішіне кері әсерін тигізуде.

Жоғарыда көрсетілген өлім-жітімді төмендету мақсатында ауруханаға 4 кардиовизор, 1 велоэргометр аппараттары, 1 жедел-жәрдем көлігі алынып халыққа сапалы көмек көрсетілуде.

Ауданның мәдениет саласы бойынша атқарылған іс-шараларға көшетін болсақ:

Бүгінгі таңда жалпы аудан бойынша 67 үйірме құрылымдары, ал аудандық мәдениет үйінде 10 үйірме жұмыс жасайды. Ауданда халықтық атағын қорғаған 1 өнер ұжымы бар. Ұжым жетекшісі Жаңғазы Жұманұлы Жексенбаев.

Аудан әкімі Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиевтің қолдауымен ауданымыздың мәдениет саласы жоғары деңгейге көтерілуін айтып өтпеске болмас. Ауданымыздың мәдениет қызметкерлері толығымен сахналық киімдер және ұлттық аспаптарымен қамтамасыздандырылды. Осындай игі істің жалғасының бір айғағы біздің аудандық Ә. Сарыбаев атындағы мәдениет үйіне қарасты «Күреңбел» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің Жамбыл ауданына гастрольдік іс-сапармен шығуы ауданымыз үшін қуантарлық жағдай деп білемін.

Ауданымыздағы дарынды әншілерде қолдаусыз қалған емес, оның бір дәлелі облыстық «Жырлайды жүрек» ән байқауына біздің ауданымыздың әншілері қатысып, аудандық мәдениет үйінің музыка жетекшісі Үмбетов Азаматтың I орынды иеленуі. Аудандық мәдениет қызметкерлерімен қатар ауылдық кітапхана қызметкерлері аудандағы мектептердің ұстаздарымен бірлесе отырып көптеген іс-шаралар өткізуде.

Ауданымыздағы барлық әлеуметтік салаларда атқарылып жатқан, әлде де атқаратын іс-шаралар өте көп, сол бағытта бәріміз жұдырықтай жұмылып ат салыссақ бітпейтін іс жоқ деп ойлаймын.

Аудандық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясы халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға бақылауды жүзеге асыру үшін өз қызметінің әдістері мен нысандарын алдағы уақытта жетілдіру бойынша жұмысын жалғастыратындығын атап өткім келеді.

Құрметті сессияға жиналған қауым!

Қорыта айтқанда, аудандық мәслихат ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, аудан халқының әл-ауқатын, тұрмыстық жағдайын жақсартуға аудан әкімдігімен, тиісті бөлім, мекемелермен тығыз байланыста жұмыс атқарып, өзінің сүбелі үлесін қосады деп айта аламын.


Назарларыңызға рахмет.

 

 

Кербұлақ аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау,
мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты
комиссиясының төрағасы А. Жанаберлиев
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.