Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 333

Случайные фото

Жаңалықтар

Сайлау

2022 жылғы 22 сәуірде Талдықорған қаласы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында шығып қалған депутаттың орнына Алматы облысынан Парламент Сенатының депутатын сайлау өтті. Сайлауға Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттары бір ауыздан қатысып, өз таңдауларын жасады.
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.04.2022

Кезектен тыс ХХ сессиясы

2022 жылдың 25 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 12 00 де ZOOM платформасы арқылы жартылай Онлайн, жартылай Оффлайн түрінде Кербұлақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезектен тыс ХХ сессиясы өткізіледі. Сессия күн тәртібінде 2021 жылғы Кербұлақ аудандық, ауылдық округ бюджеттерінің орындалуы және бюджеттік қаржыларының өз бағытында жұмсалуы туралы есептер тыңдалады.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 20.04.2022

Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарларына!!!

2022 жылдың 22 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 11 00 де аудан әкімдігінің мәжіліс залында Оффлайн түрінде Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізіледі. Отырыс күн тәртібінде: Кербұлақ ауданының экономика және қаржы бөлімінің 2021 жылғы бюджеттің орындалуы туралы және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша есебі Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Алтынемел, Талдыбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы атқарған жұмыстары туралы есептері Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қ. Бекиевтің арызы туралы Әртүрлі мәселелер қаралады. Тіркеу уақыты: жергілікті уақыт бойынша сағат 10 30 да Отырыстың басталуы: жергілікті уақыт бойынша сағат 1100 де
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 18.04.2022

Кербұлақ аудандық мәслихатының комиссия төрағасының баяндамасы

Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары жайлы комиссия төрағасының есебі Құрметті тұрақты комиссия мүшелері, отырысқа қатысушылар! Кербұлақ аудандық мәслихаты өзінің конституциялық өкілеттігін мәслихат аппараты қызметкерлерімен бірлесе отыра, 2020 жылдың 28 желтоқсанында өткен Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті 67 сессиясында № 67-384 шешімімен қабылданған Кербұлақ аудандық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімі аппаратымен, аудандық ұйымдармен, мекемелермен және ауылдық округтермен тығыз байланыста жүзеге асырады. 2021 жылдың сәуір айынан 2022 жылдың есепті мерзіміне дейін аудандық мәслихатында 19 сессия, оның ішінде 4 кезекті, 15 кезектен тыс сессиялары өткізілді. Барлық қаралған мәселелер бойынша ж...
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: Есептер Уақыты: 15.04.2022

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы

2022 жылдың 15 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 10 00 де Кербұлақ аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде Aitube бағдарламасы арқылы VII шақырылған Кербұлақ аудандық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық және азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқық жөніндегі және аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді. Отырыс күн тәртібінде: 1.«Ауданда отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы» Кербұлақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының есебі 2. Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, коммуналдық шаруашыл...
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.04.2022

Тұрақты комиссия мүшелерінің назарына !!!

2022 жылдың 15 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 10 00 де Кербұлақ аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде Aitube бағдарламасы арқылы аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының білім, денсаулық сақтау, мәдениет, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық және азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқық жөніндегі және аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізіледі. Отырыс күн тәртібінде: 1. «Ауданда отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы» Кербұлақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының есебі. 2. Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, коммуналдық шаруашы...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 12.04.2022

Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезекті ХIХ сессиясы өткізілді

2022 жылдың 30 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 11 00 де Оффлайн режимінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезекті ХIХ сессиясы өткізілді. Сессия күн тәртібіндегі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысы мәселесі бойынша Кербұлақ аудандық мәслихаты хатшысының 2022 жылғы 11 наурыздағы № 9-ө өкімімен сессия күн тәртібіндегі сұрақтарды дайындау барысында құрылған уақытша жұмыс тобының мүшесі Ж.С. Садықова теңбаяндама жасап, Кербұлақ ауданының ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж. М. Қатжанов есеп беріп, алдын ала жарыссөзге жазылған Сарыөзек ауылдық округінің әкімі Б. Е. Тұрсынбаев сөйледі. Сессия барысында аудандық мәслихат депутаттары мен сессияға қатысушылар тараптарынан сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар беріліп, тиісті шешімдер қабылданды. Сессия жұмысын аудан әкімі Ғал...
Толығырақ... Оқылды: 52 Санат: Жүргізілген сессиялар Уақыты: 30.03.2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

2022 жылдың 30 наурызында Сарыөзек ауылы, Б. Момышұлы көшесі-10 үй ғимаратындағы Кербұлақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында жергілікті уақыт бойынша сағат 11 00 де Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезекті ХIХ сессиясы өткізіледі. Сессия күн тәртібінде: 1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодесіне сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Кербұлақ ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының есебі 2. Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезекті ХIХ сессиясының жұмысына он бес күнтізбелік күніне үзіліс жариялау туралы 2. Келіп түскен ұсыныстарға сәйкес, әртүрлі мәселелер Сессия жұмысына қатысуды тіркеу: сағат 10 30 Сессия жұмысының басталуы: сағат 11 00
Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 25.03.2022

Жарқыра, жайна, Наурызым!

Наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі. Наурыз - көктем мен жаңару мерекесі. Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Наурыз мейрамы мүмкіндігінше көңілді және шулы етіп аталып өтіледі. Наурыз мейрамы -бұл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы күні. Қазақ халқы бұл мерекеге Ұлыстың ұлы күні деген екінші атау берген. Наурыз мерекесі заманауи өмірге үйлесімді түрде өзгертіліп келіп, қоғамда достық пен келісімнің нығаюында үлкен рөл атқара бастады. Наурыз мейрамында халықтық ойындар мен сауықтық кештер ұйымдастырылып, өтіледі. Міне, осындай мерекелік іс-шара 2022 жылдың 21 наурызында Кербұлақ ауданының орталық алаңында киіз үйлер, шатырлар мен алтыбақан орнатылып, наурыз көже дайындалып,аудан тұрғындары мен қонақтарына концерттік, мерекелік бағдарламалар, көрмелер, қойылымдар, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылып,кеңінен аталып өтті. Осындай дүбірлі іс-шараға Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты өзінің сүбелі үлесін қосып, аудан тұрғындарына Наур...
Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.03.2022

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады және қолдады 2022 жылғы 16 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 11 00де Қазақстан басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына өз Жолдауын жолдады. Президент Жолдауында бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарын қозғады. Ең алдымен Қ. К. Тоқаев қаңтардағы оқиғаларды тергеудің алдын ала нәтижелері туралы және қаңтар айындағы оқиғалар кезінде арандатушылармен кездесуге бару, жазықсыз қаза тапқандарды сатып кетуді білдіретіндігін айтты. Қ. К. Тоқаев елдегі басқа да ішкі өзгерістерге тоқталды. Атап айтқанда, ол Қазақстанның «суперпрезиденттік» елден «президенттік» елге көшуі туралы, онда Мемлекет басшысын шын мәнінде мықты Парламент қолдайтындығын айтты. Мемлекет басшысы сондай-ақ Мемлекет басшысын оның өкілеттігі уақытында кез келген партияға мүшелігін тоқтатуға міндеттеуді , осыны негізге ала отырып, Президент ОСК төр...
Толығырақ... Оқылды: 71 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.03.2022
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.