Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 333

Случайные фото

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді

Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі және қызметтік әдеп мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді. Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға негіз болады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары айқындалды – адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану. Кодекстің жаңа редакциясында «клиентке бағдарланған» мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде ашықтық қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар қарастырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілді. Тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеп-тексеру, тә...
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.03.2022

Кербұлақ аудандық мәслихатында 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген іс-шара

Кербұлақ аудандық мәслихатында 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген іс-шара Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келе жатқан 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімерекесі қарсаңында Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаты, Мәслихат хатшысы Бекиев Қайрат Ботайұлы аудандық мәслихатының депутаттық корпусының және мәслихат аппаратының аруларын қабылдап, ыстық ықыласы мен жылы лебіздерін білдіріп құттықтап, бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аяулы алақанында екенін атап айта отырып, сүйіспеншілік пен іңкәрлік, сұлулық пен махаббат, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын шынайы рухта бір бойына сіңіре білген ақ пейілді дархан жүректі нәзік жандарға дүниедегі бар жақсылық атаулыны, сонымен қатар Арулардың отбасылары мен өздеріне амандық, дендеріне саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарына құт-береке, өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектерінде табыстарға жетіп, үлк...
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.03.2022

Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезектен тыс ХVIII сессиясы өтті

2022 жылдың 2 наурызында Коронавирус індетіне байланысты барлық сақтық шараларды және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, жергілікті уақыт бойынша сағат 10 00 де аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде Оффлайн форматта Aitube бағдарламасы арқылы Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезектен тыс ХVIII сессиясы өткізілді. Сессия күн тәртібіне: 1. Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы 2. Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің Ережесін бекіту туралы 3. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Кербұлақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 42-233 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 4. Әртүрлі мәселелер енгізіліп, талқылап, ашық дауыс беру арқылы тиісті шешімдер қабылданды.
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: Жүргізілген сессиялар Уақыты: 02.03.2022

КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН МҮШЕЛЕРІНІҢ НАЗАРЛАРЫНА

2022 жылдың 3 наурызында Коронавирус індетіне байланысты барлық сақтық шараларды және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, жергілікті уақыт бойынша сағат 16 00 де Кербұлақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерінің отырысы өткізіледі. Тіркеу уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 1545 те Отырстың басталуы жергілікті уақыт бойынша сағат 16 00 де Күн тәртібінде: 1. Ауданның Қоғамдық кеңесінің төрағасын сайлау туралы 2. Ауданның Қоғамдық кеңесінің төралқа мүшелерін сайлау туралы 3. Ауданның Қоғамдық кеңесінің хатшысын сайлау туралы 4. Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің Ережесін бекіту туралы мәселелері қаралады.
Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 01.03.2022

КЕРБҰЛАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ VII ШАҚЫРЫЛҒАН КЕЗЕКТЕН ТЫС ХVIII СЕССИЯСЫ ТУРАЛЫ

2022 жылдың 2 наурызында Коронавирус індетіне байланысты барлық сақтық шаралар мен әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, жергілікті уақыт бойынша сағат 1500 аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде Оффлайн форматта Aitube бағдарламасы арқылы Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылған кезектен тыс ХVIII сессиясы өткізіледі. Сессия күн тәртібінде: 1. Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы 2. Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің Ережесін бекіту туралы 3. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Кербұлақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 42-233 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 4. Әртүрлі мәселелер қаралады
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 28.02.2022

Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңес туралы» Заңының беретін өкілеттігі шеңберінде 2022 жылдың 11 ақпанында аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінде және аудандық мәслихатының ресми сайтында жарияланған хабарландыруға сәйкес, 2022 жылдың 14 ақпаны мен 25 ақпан аралығында аудандық мәслихатының аппаратымен Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобына ауданның Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидатуралар туралы коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары қабылданып , Коронавирус індетіне байланысты барлық сақтық шараларды жәнееуметтік арақашықтықты сақтай отырып, бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 16 00де аталған жұмыс тобының отырысы өткізілді. Отырыста күн тәртібінде 1. Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау; 2. Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің резервтік тізімін айқындау туралы; 3. Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің Ережесін әзірлеу туралы мәселелер қаралып тиісті...
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.02.2022

Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы

2022 жылдың 24 ақпанында Коронавирус індетіне байланысты барлық сақтық шараларды және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, жергілікті уақыт бойынша сағат 15-00 де аудандық мәслихат депутаттарының, басқарма, бөлім басшыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. Күн тәртібінде Аудан әкімі Ғ.Сарыбаевтың есебі мен аудандық мәслихатының хатшысы Қ.Бекиевтің қосымша баяндамасы тыңдалды. Күн тәртібіндегі көтерілген барлық мәселелер толығымен қаралып, аудандық мәслихат депутаттарымен Қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының 2021 жылы атқарған жұмыстарына «қанағаттанарлық» деген баға берді.
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.02.2022

Ауданның Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының екінші отырысы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік Ережесінің» беретін өкілеттігі шеңберінде 2022 жылдың 28 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 16 00 де Коронавирус індетіне байланысты барлық сақтық шараларды және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы Б.Момышұлы көшесі-12 ғимаратында, аудандық мәслихат хатшысының жұмыс кабинетінде Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының екінші отырысы өткізіледі. Күн тәртібінде: 1. Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау 2. Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің резервтік тізімін қалыптастыру 3. Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесі туралы Ережені әзірлеу туралы мәселелер қаралады.
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 23.02.2022

Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің өткізілетін кезекті отырысы туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 22-бабына сәйкес, Коронавирус індетіне байланысты барлық сақтық шараларды және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 2022 жылдың 24 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 15 00 де Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі -10 мекенжайында орналасқан «Кербұлақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізіледі. Күн тәртібінде: 1. Кербұлақ ауданы әкімінің 2021 жылы атқарған жұмыстары мен 2022 жылға міндеттері туралы Кербұлақ ауданы әкімінің есебі 2. Кербұлақ аудандық мәслихаты хатшысының баяндамасы 3. Кербұлақ ауданының Қоғамдық кеңесі төрағасының қосымша баяндамасы
Толығырақ... Оқылды: 65 Санат: Хабарландырулар Уақыты: 21.02.2022

Ауғанстан ардагерлеріне тағзым !

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толды. Мағжан Жұмабаев айтқандай : «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» біздің ауданымыздан шыққан сарбаздар соғыстың қатеріне бел буып, ел үшін күресіп, жанқиярлық ерліктің ерен үлгісін көрсете білді. Талай сарбаз ерлік жолында мерт болды. Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Әскери борышын өтеуге аттанған жүздеген бозбала туған жеріне оралмады. Осындай орны толмас қасіреттерге толы күндер ел есінен мәңгі ұмытылмайды. 15 ақпан - сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған, жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың перзенттерін жоқтаған, бақи болған қаһарман бауырларымызды қатарымыздан іздеген күн. Кеңес әскерлерін Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына байланысты 2022 жылдың 15 қаң...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.02.2022
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.