Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 56

Случайные фото

Жаңалықтар

Жүрегі кең жан мерекесі қарсаңында

2012 жылдың бірінші қысқы күні Қазақстан тұрғындары үшін тағы бір мереке және демалыс күні болды. 2012 жылдан бастап 1 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі. Елбасының ерен еңбегі, биік бедерінің арқасында Қазақстанның іргесі тыныш, аспаны ашық. Осынау атаулы мереке қарсаңында мерекелік іс-шара 2019 жылдың 29 қарашасында Кербұлақ ауданында аудандық Әбікен Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде өткізілді. Мереке барысында түрлі салада еңбек етіп жүрген ауданымыздың азаматтары марапаттарға ие болды. Солардың ішінде Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы Айгүл Рысдәулетқызы Бөгенованың еңбегі еленіп, Кербұлақ ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Осы орайда, Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты бас маман Айгүл Рысдәулетқызы Бөгенованы марапатымен құттықтаймыз. Біз, Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлері Елбасының қай қасиетін болса да ерекше бағалаймыз, әрдайым мақтан тұтамыз. Мереке қарсаңында б...
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.11.2019

VI шақырылған кезекті LI сессиясы өткізілді

2019 жылдың 14 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00 де аудандық әкімдігінің мәжіліс залында Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті LI сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Серікбай Бакенұлы Қожахметов, аудан әкімінің орынбасарлары, басқарма, мекеме, бөлім басшылары, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілі, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл округтерінің әкімдері, ірі шаруа қожалықтарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылып, қатысты. Сессия күн тәртібінде: 1. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудан ауылшаруашылығын субсидиялау және шағын несиемен қамтамасыз ету мәселесі туралы аудан аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудан әкімі орынбасарының есебі. 2. Аудан мәслихатының қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалд...
Толығырақ... Оқылды: 299 Санат: Жүргізілген сессиялар Уақыты: 14.10.2019

«Ағаш отырғызу»

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің «Ағаш отырғызу» акциясына жол тартулары мен қосқан үлестері. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі ҚР Үкіметі отырысындағы № 33 хаттамасының 3.2-тармағының орындалуын қамтамасыз ету мақтасында Кербұлақ ауданы бойынша 2019 жылдың 11 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 14 30 өткізілген «Ағаш отырғызу» акциясына Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы Бөкен Қабиұлы Рысбековтың бастауымен мәслихат депутаттары және аппарат қызметкерлері белсене қатысып, өз үлестерін қосты.
Толығырақ... Оқылды: 218 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.10.2019

Жақсы істер!

1-қазан бүкіл саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кездегі елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері бүгінгі күні ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз де қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты қамқорлық жасауда. Осы мереке барысында аудандық мәслихатының құрылымдық бөлімше басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызы бастап, бас маман Бөгенова Айгүл Рысдаулетқызы бірге аудандық мәслихат тарапынан Сарыөзек ауылының тұрғындары, зейнеткер Борисова Надежда Николаевна мен Махова Тамара Васильевналарға барып, кездесіп, хал-жағдайларын біліп, оларды төл мерекелерімен құттықтап, демеушілік көмек көрсетіп, өткен жылдарды еске алып, әңгіме-дүкен құрып, қуаныштарына ортақтасып қайтты. Осындай игі іс-шаралар аудандық мәслихатының аппаратында ұзақ жылдар бойы атқарылып, жыл са...
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.10.2019

Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді

Кербұлақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Кербұлақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 42-233 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Аудан аумағында тіркелген саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсыныстарына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Кербұлақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 42-233 шешіміне өзгерістер: № 593 учаскелік сайлау комиссиясын...
Толығырақ... Оқылды: 245 Санат: Жүргізілген сессиялар Уақыты: 10.09.2019

Сессия

2019 жылдың 22 шілдесінде аудандық әкімдігінің мәжіліс залында жергілікті уақыт бойынша сағат 10 00 де Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті ХLIХ сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына аудан әкімі Махаббат Садуақасұлы Бигелдиев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық «Нұр Отан» партиясы филилиалының өкілі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандағы басқарма, мекеме, бөлім басшылары, аудандық полиция басшысы, ауылдық округ әкімдері, ірі шаруа қожалықтарының басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылып, қатысты. Сессия күн тәртібінде: Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың қаңтарындағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Кербұлақ ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан депутаттары алдындағы есебі. Аудандық мәслихатының «Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі&raq...
Толығырақ... Оқылды: 268 Санат: Жүргізілген сессиялар Уақыты: 22.07.2019

«ЕҢ БАСТЫСЫ – ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ»

Күнтізбеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 23 маусым «Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесімен толыққан болатын. Мерекенің мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің беделін көтеру. Сондай кезекті мерекелік іс-шара Кербұлақ ауданында аудан әкімі Махаббат Садуақасұлы Бигелдиевтің бастауымен 2019 жылдың 20 маусымында өткізілді. Аудан әкімінің марапаттауына Кербұлақ аудандық мәслихатының құрылуынан бастап еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей өзінің қызметін төменгі сатыдан бастаған, бүгінгі күні өзінің беделді, жауапкершілікке мол, ізденістен жалықпаған, адал да абыройлы еңбегінің, кәсіби шеберлігінің, «Ең бастысы-елге қызмет ету» - деген ұстанымының арқасында Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы болып отырған, Қазақстан Республикасы Заңгерлер Одағының мүшесі, көптеген марапаттардың иесі Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекованы...
Толығырақ... Оқылды: 225 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.06.2019

Медициналық зерттеу

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің тапсырмасы негізінде және Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының хатына сәйкес, 2019 жылдың 3 мамырында «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме қызметкерлері толығымен Кербұлақ аудандық орталық ауруханасынан медициналық тексеруден өтті.
Толығырақ... Оқылды: 243 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.05.2019

Выполняя поручения .....

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің тапсырмасы негізінде және Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының хатына сәйкес, Кербұлақ аудандық орталық ауруханасына 2019 жылдың 10 сәуірінде шығыс нөмірі 80-59-80/45 хатымен «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме қызметкерлерін медициналық профилактикадан өткізуге тізімі жолданып, аталған тапсырманы орындау үшін әрекет жасалуда.
Толығырақ... Оқылды: 180 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.04.2019

ХХХХV сессиясы

2019 жылдың 08 сәуірінде аудандық әкімдігінің мәжіліс залында жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00 де Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті ХХХХV сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Бақытжан Әбділдаұлы Мұхамеджанов, аудан әкімі Махаббат Садуақасұлы Бигелдиев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық «Нұр Отан» партиясы филилиалының өкілі, аудандағы басқарма, мекеме, бөлім басшылары, аудандық полиция басшысы, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылып, қатысты. Сессия күн тәртібінде: 1. Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына сәйкес, аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының жағдайы, бұқаралық спорт және денешынықтырудың қолжетімділігін арттыру, жастарды қолдау мәселелерінің орын...
Толығырақ... Оқылды: 248 Санат: Жүргізілген сессиялар Уақыты: 08.04.2019
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.