Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 56

Случайные фото

Жаңалықтар

ХХХVII сессиясы

2018 жылдың 30 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 11 00 де аудан әкімдігінің мәжіліс залында Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылған кезекті ХХХVII сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына аудан әкімі Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев, әкім орынбасарлары, аудандық мекеме, басқарма, ұжым басшылары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық ішкі істер органдарының басшылары, жергілікті полиция қызметкерлері, ақсақалдар кеңесінің, кәсіподақ ұйымының төрағалары, ауыл округ әкімдері, мектеп директорлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия күн тәртібінде: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың қаңтарындағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Кербұлақ ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерінің орындалуы туралы аудан депутаттарының алдындағы есебі 2. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Жол жүрісі туралы...
Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: Жүргізілген сессиялар Уақыты: 30.07.2018

Принятие присяги

2018 жылдың 05 маусымындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің Кереева Жанна Идрисовнаға Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне кедергі болатын мәліметтердің жоқтығы туралы хатының негізінде және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, 2018 жылдың 08 маусымында жергілікті сағат 1030 Кербұлақ аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде мәслихат хатшысы Б. Рысбековтың, аппарат басшысы А. Иманбаевтың, құрылымдық бөлімше басшысы Г. Рақымбекованың және аппарат қызметкерлерінің қатысуымен аппараттың бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің отбасылық жағдайы мен бала күтімі демалысын жалғастыруына байланысты 2019 жылдың 25 ақпанына дейін) Кереева Жанна Идрисовна салтанатты түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің Антын қабылдады.
Толығырақ... Оқылды: 315 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.06.2018

ХХХIII сессиясы

2018 жылғы 24 мамырда жергілікті сағат 10 00 де Кербұлақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Кербұлақ аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХIII сессиясы өткізілді. Сессияға Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов, мәслихаттың депутаттары, Бағдат Байшалұлы Алиев, Махаббат Садвақасұлы Бигелдиев және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты. Сессия күн тәртібінде «Кербұлақ ауданының әкімін тағайындауға келісім беру туралы» сұрақ қаралды. Сессия барысында Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов Махаббат Садвақасұлы Бигелдиевтің өмірбаянымен толық таныстырып, Кербұлақ ауданының әкімі қызметіне кандидатурасын ұсынды. Сессия барысында аудандық мәслихат депутаттары ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Кербұлақ ауданының әкімі қызметіне Махаббат Садвақасұлы Бигелдиевтің кандидатурасына келісімдерін берді.
Толығырақ... Оқылды: 455 Санат: Жүргізілген сессиялар Уақыты: 24.05.2018

12 апреля 2018 года состоялась очередная ХХХI сессия районного маслихата VI созыва

2018 жылдың 12 сәуірінде Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы Б.Момышұлы көшесі 10 аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде аудандық мәслихатының депутаттарының, аудандық мәслихатының хатшысы Бөкен Қабиұлы Рысбековтың, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қайрат Асқарұлы Исаевтың, аудан әкімінің бірінші орынбасары Күмісбек Әбләшұлы Айпеисовтың, ауданның қаржы бөлімінің басшысы Бибігүл Нүкенқызы Албанбекованың және ауданның мекеме басшыларының қатысуымен VI шақырылған кезектен тыс ХХХI сессиясы өткізілді. Сессия күн тәртібінде 2017 жылғы Кербұлақ аудандық бюджетінің орындалуы және бюджеттік қаржының өз бағытында жұмсаулы туралы Кербұлақ ауданының қаржы бөлімінің басшысы Б.Албанбекованың есебі, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қ. Исаевтың баяндамасы мен аудандық мәслихатының № 9 Басши сайлау округінің депутаты, мәслихаттың «Аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көріктендір...
Толығырақ... Оқылды: 393 Санат: Жүргізілген сессиялар Уақыты: 12.04.2018

Сенбілік

2018 жылдың 20 наурызында Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлері мәслихат хатшысы Бөкен Қабиұлы Рысбековтың бастауымен тазалық сенбілігіне ұйымшылдықпен шықты. Аппарат қызметкерлері мәслихат аппаратына тиісті аумағын тазалап, көктемге дайындық жұмыстарын жүргізді.
Толығырақ... Оқылды: 317 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.03.2018

2018 жылдың 19 наурызында келесі XXIX сессиясы өтті

2018 жылдың 19 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 10 00 де аудан әкімдігінің мәжіліс залында Кербұлақ ауданының әкімі, әкім орынбасарлары, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімінің басшылары, бөлім, басқарма, комитет басшылары, «Нұр отан», партиясының өкілі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл округ әкімдері, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, аудандық жастар ресурстары орталығы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен кербұлақ аудандық мәслихатының vi шақырылған кезекті ххiх сессиясы өтті. Сессия күн тәртібінде қазақстан республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңына сәйкес аудандағы мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Болысбай Тоғысбайұлы Момбаевтың есебі тыңдалды, мәселені қарау барысында аталмыш сұрақ бойынша № 11 талдыбұлақ сайлау округінің депутаты, тұрақты комиссия және уақытша құрылған жұмыс тобының мүшесі Нұргүл Қабылдақызы Артықбаева теңбаяндама...
Толығырақ... Оқылды: 297 Санат: Жүргізілген сессиялар Уақыты: 19.03.2018

ХХII сессия

2017 жылдың 21 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша сағат 1000 де аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі, әкім орынбасарлыры, мекеме, басқарма, ұжым басшылары, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, жергілікті учаскелік полиция инспекторлары, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қатысуымен Кербұлақ аудандық мәслихатының VI шақырылыған кезекті ХХII сессиясы өткізілді. Сессия алдында аудан әкімі Бағдат Байшалұлы Алиев Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызын 2017 жылдың 15 желтоқсаны Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алматы облыстық Әділет департаментінде өткен Қазақстан Республикасы Заңгерлер Одағының салтанатты жиналысында Қазақстан заңгерлер одағының мүддесін асқақтатып, құқықтық мемлекет құруға, халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін дамытуға ықпал етіп, бостандықтары мен заңды мүдделерінің...
Толығырақ... Оқылды: 548 Санат: Жүргізілген сессиялар Уақыты: 21.12.2017

«Менің Президентім!»

Күлдір-күлдір кісінетіп күрең мінген, тебінгі теріс тағынып, темір қазық жастанып, ел тыныштығын күзеткен баһадүрлер еске түседі... Күлтегін айтқан бу мен дым бүріккен алай-дүлей жел, бұрқырап тасып жатқан сулар, найқалған нуларды кешіп өтіп, елімді ел етемін, жерімді көгертемін деп атқа қонған қайтпас қайсар батыр елестейді көз алдымызға... Өн бойына Ұлы даланың ұлы өсиеттерін, қадірлі қасиеттерін, асыл ойлары мен мерейлі ұстанымдарын сіңірген, елі-халқының бағына туған дара тұлға. Елінің ұлы аманатын арқалаған Тұңғыш Президент бес қаруы бойында, бөрілі байрағы қолында, сауыт-сайманы саудырап, тарихтың ту-у тереңінен желе жортып, небір аласапыраннан міз бақпай өтіп, жеңіспен келе жатқан хас батырдай көрінеді... Ұқсатам Күлтегіндей кемеңгерге-деп белгілі ақын Жадыра Дәрібаева жырлағандай, әлем картасынан орын алған Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған...
Толығырақ... Оқылды: 462 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.11.2017

Дөңгелек үстел

2017 жылдың 29 қарашасында сағат 15 00 де Кербұлақ аудандық мәслихаты хатшысының жұмыс кабинетінде ауданның басқарма, бөлім басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, аудандағы «Ауыл», «Ақ жол» партияларының өкілдері, мемлекеттік қызметтегі жастар, білім және ғылым, ауылшаруашылық қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарының төрағасы мен төрайымы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Менің Президентім» атты дөңгелек үстел (сұрақ-жауап, сұхбаттасу жиыны) іс-шарасы жоғарғы деңгейде өткізілді. Іс-шараны Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызы кіріспе сөзімен ашты. Іс-шара аудандық Ә.Сарыбаев атындағы көркемөнерпаздар ұйымының сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ә...
Толығырақ... Оқылды: 487 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.11.2017

Қадірлі депутаттар және сессияға қатысушылар!

Қадірлі депутаттар және сессияға қатысушылар! Қазақстан Республикасының Конституциясында «Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар тиісті әкімшілік – аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды»- деп көрсетілген. Аудандық мәслихат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Конституциялық заңдарын, Президентінің Жарлықтарын, Бюджет, Салық және Жер Кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңы мен Үкімет Қаулыларын басшылыққа ала отырып мәслихаттың регламенті негізінде жұмыс атқарып келеді. Жаңа депутаттық корпустың құрамы әртүрлі. Олардың ішінде денсаулық сақтау, білім беру саласының қызметкерлері , сонымен бірге үлкен өмірлік және кәсіптік тәжірибесі бар адамдар жиналып отыр. Жаңадан сайланған депутатта...
Толығырақ... Оқылды: 488 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.11.2017
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.