Навигация

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 52

Случайные фото

Жобалар НҚА

Кербұлақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 22-123 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Санат: Жобалар НҚА
Уақыты: 27.07.2018
Оқылды: 174 Печать страницы
Кербұлақ аудандық мәслихатының
2017 жылғы 21 желтоқсандағы
«Кербұлақ ауданының 2018-2020
жылдарға арналған бюджеті
туралы» № 22-123 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Кербұлақ аудандық мәслихатының «Кербұлақ ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 22-123 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4472 тіркелген, 2018 жылдың 24 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1, 4-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 7 932 356 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 254 458 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 16 706 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 12 700 мың теңге;

трансферттер түсімі 7 648 492 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 1 656 279 мың теңге;

нысаналы даму трансферттер 1 259 453 мың теңге;

субвенциялар 4 732 760 мың теңге;

2) шығындар 7 954 135 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 29 973 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 57 720 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 27 747 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 51 752 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 51 752 мың теңге.»;

«4. 2018 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері 231 537 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Талдыбұлақ ауылдық округіне 9 062 мың теңге;

Алтынемел ауылдық округіне 14 697 мың теңге;

Қоғалы ауылдық округіне 28 673 мың теңге;

Көксу ауылдық округіне 13 863 мың теңге;

Шұбар ауылдық округіне 15 049 мың теңге;

Қарашоқы ауылдық округіне 36 148 мың теңге;

Басши ауылдық округіне 39 604 мың теңге;

Шанханай ауылдық округіне 17 860 мың теңге;

Сарыөзек ауылдық округіне 15 433 мың теңге;

Жайнақ батыр ауылдық округіне 15 684 мың теңге.».

2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 
Кербұлақ аудандық мәслихатының                       Кербұлақ аудандық
сессия төрағасы                                                      мәслихатының хатшысы
 
___________________ М. Айнабеков                        _______________ Б. Рысбеков
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.