Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 41

Мәслихат тарихы

Жергілікті органдар үкіметі Кеңес өкіметі кезінде ең көп және ауқымды көпшілік тобы – Совет Кеңестер одағы мемлекеттік үкіметінің саяси негізгі біртұтас жүйесі болды.

Еліміздің Конституциясына сәйкес, жергілікті халық депутаттар Кеңесі экономикалық және әлеуметтік дамуды жоспарлауды, мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени құрылысты тікелей басқаруды, мекеме, ұжым кәсіпорындар қызметін үйлестіріп , заңдардың сақталуын қамтамасыз етіп, мемлекеттік және қоғамдық тәртіптің және азаматтардың құқығының сақталуын қамтамасыз етті.

Депутатық корпус құрамына білім деңгейі, кәсіптік даярлығы әр түрлі, түрлі ұлт өкілдері кірді. Негізінен жұмыстар тұрақты комиссиялар, атқару комитеті, сессия, аудандық халық депутаттары Кеңесі арқылы жүзеге асырылды. Қайта құрылу және егемендік алғаннан кейін, Қазақстан Республикасында мемлекет қызметінің барлық саласында демократияға негізделген қайта құрулар басталды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының жекелеген қызмет нормаларын тоқтату туралы» Заңына сәйкес 1992 жылы аудандық халық депутаттары Кеңесінің бөлімдері мен басқармаларын қысқарту туралы шешім қабылданды. 1994 жылдың наурызында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заңының қабылдануына байланысты, жалпы мемлекеттің мүддесін есепке ала отырып, халықтың ерік – жігерін білдіріп, жүзеге асыратын, Мәслихат – депутаттар жиналысы құрылды.

Өкілетті және атқарушы органдар әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасының орындалуын, жергілікті органдардағы Конституцияның, Қазақстан Республикасы Заңдарын, өз құзіретіне кіретін мәслихат шешімдерінің орындалуын, республикалық және жергілікті органдардың бір – бірімен байланысын қамтамасыз етіп, жергілікті қызмет басқармасына тұрғындарды тартумен айналысты.

«Қазақстан Республикасының өкілетті және атқарушы органдары туралы» Заңына сәйкес 1994 жылдың 7 наурызында Кербұлақ аудандық Мәслихаты – депутаттар жиналысына депутаттар сайлауы өтіп 19 депутат сайланды. 1994 жылы 23 наурыздағы І-ші шақырылған № 1 сессиясы өтіп, аудандық Мәслихаты-депутаттар жиналысының хатшысы, үш тұрақты және тексеру комиссияларының құрамдары мен төрағалары ашық дауыс беру арқылы сайланды.

Құрылған тұрақты комиссиялар өздерінің атауларына сай жан-жақты ауқымды қызметтерді қамтыған жұмыс жоспарларын құрып, осыған сәйкес жұмыла қызмет атқарды.

Тұрақты комиссиялар атаулары төмендегідей болды:

  • Депутаттық уәкілеттік пен депутаттық этика, заңдылықты және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі;
  • Білім, мәдениет, туризм және денсаулық сақтау , жастар ісі жөнінде, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі;
  • Ауданның экономикалық дамуы, экология, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, көлік және байланыс жөніндегі;

Кейіннен аудандық мәслихаты –депутаттар жиналысының І-ші шақырылған Ү-ші сессиясының отырысында Үйлестіру (Координационный) Кеңесі құрылып, төрағасы мен мүшелері сайланды.
Үйлестір Кеңесінің міндетіне тұрақты комиссия қаулыларының, сессияда өздері шығарған шешімдердің орындалуын бақылау кірді.

1995 жылы 30 тамызда жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты Мәслихат – депутаттар жиналысы аудандық мәслихат болып қайта құрылды.

1999 жылы 10 қазанда Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттар сайлауы өтіп 14 депутат 4 жыл мерзімге сайланды. 1999 жылы 09 қарашадағы ІІ-ші шақырылған № 1 сессиясы өтіп, аудандық Мәслихатының хатшысы, екі тұрақты және тексеру комиссияларының құрамдары мен төрағалары сайланды.
Аудандық мәслихатына осы сайланған депутатық топ 34 рет сессия отырысын өткізіп, халық қалаулыларының атқарып жатқан жұмыстары елдің еңсесінің көтерілуіне қосқан үлестерін халыққа көрсету мақсат етілді. Әрине депутаттардың негізгі жұмысы заң жүзінде халықтың көкейкесті мәселелерді көтеретін болғандықтан депутаттық сауалдар да кеңінен орын алып, сауалдардың барлығы дерлік осы отырыстарда жария етіліп депутаттардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылды.

2003 жылы мерзімдерінің аяқталуына байланысты тамыз айында қайтадан сайлау өткізіп, 14 депутаттан құрылған депутаттық топ өз жұмысын 2003 жылдың 30 қыркүйегіндегі ІІІ шақырылған І сессиясынан 2 тұрақты 1 тексеру комиссиясының құрамын сайлау арқылы бастады. Аудандық мәслихатына ІІ шақырылған депутатардың арасынан 3 депутат қайта сайланып ІІІ шақырылымға өтті. ІІІ шақырылған депутаттар өздерінің сайланған мерзімдерінде 46 рет аудандық мәслихатының сессиясын өткізді.

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес депутаттар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңын басшылыққа ала отырып қоян қолтық жұмыс жүргізіп, елдің – жұрттың көңілінен шыға білді. Көптеген мәселелердің басын ашып саналы да сапалы қызмет атқарды. Қызығы мен қиыншылыққа толы бұл шақырылымда көтерілген мәселелердің барлығы дерлік бұқаралық ақпараттар құралдары бетінде жарияланып отырды.

2007 жылдың 18 тамызындағы өткен Қазақстан Республикасы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлаудың қортындысынан кейін, 27–ші тамызында аудандық мәслихатының кезекті ІҮ-шақырылған І сессиясы өз жұмысын 2 тұрақты 1 тексеру комиссиясын құру арқылы жалғастырды. Бұл жолы ІІІ-ші шақырылымнан 8 депутат ІҮ-ші шақырылымға қайта сайланды. Барлығы 14 депутаттан құрылған халық қалаулылары өз шақырылымында 48 рет сессия өткізіп, осы сессияларда 360 тан астам түрлі шешімдер қарап, маңызды да сапалы қызмет атқарды.Уақыт өткен сайын Заң өзгеріп сан түрлі мәселелер өз шешімдерін тапты.

2012 жылдың 15 қаңтарында өткен кезектен тыс Қазақстан Республикасы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлаудың қортындысынан кейін 23 қаңтарында аудандық мәслихатының кезекті Ү-шақырылған І ұйымдастыру сессиясы өз жұмысын 3 тұрақты комиссиясын құру арқылы жалғастырды. Бұл жолы ІV-ші шақырылымнан 5 депутат Ү-ші шақырылымға қайта сайланды.
Заң өзгерді заман өзгерді бірақ-та халықтың өз қалаулыларына деген сенімі мен көз қарасы өзгерген жоқ.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.