Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 39

Депутаттардың құқықтары мен міндеттері

 
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21 бабына сәйкес
 
1. Депутат:
1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
3) Алынып тасталды.
4) өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге;
5) сессияда тиiстi мәслихат аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
6) тиiстi әкiмдiк отырыстарының жұмысына қатысуға;
7) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
8) фракциялар мен депутаттық топтар түрiнде депутаттық бiрлестiктер құруға құқылы;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында және мәслихат регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.
 
2. Депутат:
1) мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
2) өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы, сондай-ақ өзiнiң депутаттық қызметiнiң барысы туралы, жылына кемiнде бiр рет хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсте тұруға мiндеттi.
 
3. Мәслихаттың әрбiр депутатына оның құқықтарының, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепiлдiк берiледi
Мәслихат депутаты, қызметi мемлекеттiк құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелерi бойынша тиiстi мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктер мен мемлекеттiк ұйымдарға кедергiсiз кiруге құқылы.
Мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және мемлекеттiк ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кiдiрiссiз қабылдауға және оларға жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруда қажеттi жәрдем беруге мiндеттi.
 
Депутаттық сауалдар
Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкiмге, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесiне, прокурорға және орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жүгiнуге құқылы.
Депутаттық сауалдың жауабы жазбаша түрде, бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде берiлуге тиiс. Депутат сауалға берiлген жауап бойынша өз пiкiрiн бiлдiруге құқылы.
Прокурордың атына берiлген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиiс.
 
Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер
1. Мәслихат депутаттары саяси партиялар фракциялары және өзге де қоғамдық бiрлестiктер, депутаттық топтар түрiнде депутаттық бiрлестiктер құруға құқылы. Тексеру комиссиясының төрағасы және мәслихат хатшысы депутаттық бiрлестiктерге кiре алмайды.
2. Фракция - заңда белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бiрлестiктiң атынан өкiлдiк ететiн депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол мәслихатта тиiстi саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бiрлестiктiң мүдделерiн бiлдiру мақсатында құрылады. Фракция мәслихаттың кемiнде бес депутатын бiрiктiруге тиiс. Депутаттың тек бiр ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.
3. Депутаттық топ - депутаттардың өз өкiлеттiктерiн, сайлау округтерiндегi бiрлескен жұмысын жүзеге асыруға арналған бiрлестiгi. Депутаттық топтың құрамында мәслихаттың кемiнде бес депутаты болуға тиiс.
4. Депутаттық фракциялар мен топтарды тiркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады, келiп тiркелу тәртiбiмен жүргiзiледi және тек ақпараттық сипатта болады.
 
Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу
Депутат регламентте белгiленген тәртiппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткiзу кезеңiнде, депутаттық өкiлеттiктердi жүзеге асыру уақытында оған негiзгi жұмыс орны бойынша жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен орташа жалақысы, бiрақ осы қызметте бiр жылға дейiнгi жұмыс стажы бар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкiмi аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескерiлiп, сессиялар, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетiн мерзiмдегi iссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылады.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.