Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 63

Случайные фото

Басшылық

Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы – Бекиев Қайрат Ботайұлы


 

Бекиев Қайрат Ботайұлы 1968 жылдың 18 мамырында Талдықорған облысы Гвардия ауданы Қоғалы ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Тастыөзек бастауыш мектебінің табалдырығын аттап, 1978 жылы Қоғалы қазақ орта мектебінде жалғастырып, аталмыш мектепті 1985 жылы аяқтаған.

1985 жылы мектепті аяқтағаннан кейін Қоғалы совхозында қарапайым жұмысшы болып алғашқы еңбек жолын бастаған. Бір жылдан кейін Талдықорған қаласындағы әскери мектепте 3 айлық жүргізушілік курсын оқып бітіреді.

1986-1988 жылы әскери борышын өтеуге аттанады.

1988-1989 жылдар аралығында Голубиновка совхозы, Қоғалы совхозында жүргізуші болып жұмыс істеді.

1989-1992 жылдар аралығында Гвардия аудандық тұтынушылар қоғамында, сауда саласында жүргізуші – механик болып істеді.

1992-1993 жылы Гвардия аудандык әкімшілік аппаратында жүргізуші болып істеді.

1993-1998 жылдар аралығында «Қарлығаш» жеке шағын кәсіп орнында жабдықтаушы, инженер болып қызмет атқарады.

1998- 2004 жылдар аралығында жеке кәсіп ашып, игерілмей жатқан жерлерді өңдеу мақсатында жеке кәсіпкерлікпен айналысады, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретін цехтың негізін құрады.

2004 жылы «Мади» жеке шаруашылығын құрып, оған төрағалық етеді. 2011 жылы «Мади», «Ақбастау», «Болашақ» жеке шаруа қожалықтарын біріктіріп серіктестік құрып, біріккен үлкен шаруа қожалығына айналдырады.

2012 жылы Гуманитарлы-экономикалық колледжді бітіріп, қаржы мамандығын алды.

2016 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясын сырттай оқып, экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесін алады.

Кербұлақ аудандық мәслихатының V,VI шақырылымдарының депутаты болып сайланған, өткен шақырылымдардың ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының белсенді мүшесі.

Аудандық мәслихаттың қызметіне, «Nur Otan» партиясы фракциясының жұмысына, сонымен қатар аудан аумағында өткізілетін қоғамдық – саяси шараларға белсенділікпен араласады.

Ауданның Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен зейнеткерлеріне моралды және материалды көмек көрсетіп, демеушілік жасайды. Аулаларды абаттандыру бағдарламасына белсене ат салысып, көшелерді жарықтандыру, автокөлік жолдарын жөндеу сұрақтарын шешуге көмектеседі.

Еңбегі ескеріліп, көптеген наградалармен марапатталған.

Марапаттары:

2009 жылы Алматы облыстық әкімінен «Құрмет» грамотасы

2009 жылы Алматы облыстық ауыл шаруашылық басқармасының «Құрмет» грамотасы

2010 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданының әкімінен «Алғыс» грамотасы

2011 жыл Кербұлақ ауданы әкімінің Құрмет Грамотасы

2014 жылы « Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалі

2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі

2017 жылы III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені

2018 жылы Кербұлақ ауданының «Құрметті Азаматы»

2018 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісі

2018 жылы Кербұлақ ауданы әкімінің Құрмет Грамотасы

2019 жыл Алматы облыстық мәслихатының «Қазақстан

Мәслихаттарының 25 жылдығына» орай «Құрмет» грамотасы

2019 жыл «Қазақстан Мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалі

2020 жыл Алматы облысы әкімінің Алғыс хаты

 

Үйленген, 2 баласы бар.

2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап «Nur Otan» партиясынан Кербұлақ аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты, Кербұлақ аудандық мәслихатының хатшысы.



Байланыс телефоны: 872840-31-6-52

Қабылдау күндері: әр аптаның сейсенбі күндері

Кербұлақ аудандық мәслихатының депутаттық бөлмесінде қабылдау күндері: бекітілген кестеге сәйкес



Мәслихат хатшысының функционалдық міндеттері

Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.

Мәслихат хатшысы:

1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
6-1) әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
11) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
-мәслихат аппараты қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерін белгілейді;
-заңдарда белгiленген тәртiппен мәслихат аппаратының қызметкерлерiн ынталандыру шараларын белгілейді және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
-мәслихат аппаратының шығыс сметасын жасайды және орындайды;
-мәслихат аппаратының құрылымын анықтайды;
-заңдарға және нормативтiк актiлерге сәйкес басқа да өкiлеттiктердi iске асырады.
Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

 

Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы - Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызы

Рақымбекова Гүлмира Әбдіғалиқызы 1975 жылдың 30 желтоқсанында Талдықорған облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылында дүниеге келген.

1982-1992 жылдары Басши ауылындағы 1-ші Май орта мектебінің бірінші сыныбына барып, аталмыш мектепті аяқтаған.

1994 жылдың қыркүйек айынан қазан айына дейін Алматы облысы Кербұлақ аудандық Салық комитетінің хатшы-машинкамен басушысы.

1994 жылдың қазан айынан 1998 жылдың желтоқсан айына дейін Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатында хатшы-машинкамен басушысы.

1998 жылдың желтоқсан айынан 2005 жылдың наурыз айына дейін Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының маманы

2005 жылдың наурыз айынан бастап 2014 жылдың қазан айына дейін Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы.

2014 жылдың қазан айынан 2020 жылдың қаңтар айына дейін Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау құрылымдық бөлімше басшысы

2020 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы.

Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі, Алматы облыстық Әділет департаментінің жанындағы үйлестіру комиссиясының мүшесі.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Марапаттары:

2005 жыл Кербұлақ ауданы әкімінің Құрмет Грамотасы

2009 жыл Кербұлақ ауданы әкімінің Мақтау Грамотасы

2009 жыл Кербұлақ ауданы әкімінің Құрмет Грамотасы

2013 жыл Кербұлақ аудандық мәслихатының Құрмет Грамотасы

2014 жыл «Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл» мерекелік медалі

2014 жыл Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл толуына орай Алматы облыстық мәслихатының Құрмет Грамотасы

2014 жыл Кербұлақ ауданы әкімінің Құрмет Мадақтамасы

2015 жыл «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» төсбелгісі

2016 жыл «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық Филиалының Саяси кеңесінің Алғыс хаты

2018 жыл Қазақстан заңгерлер Одағының Грамотасы

2019 жыл Кербұлақ ауданы әкімінің Алғыс хаты

2019 жыл «Қазақстан мәслихаттарына 25-жыл» мерекелік медалі

2019 жыл Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл толуына орай Алматы облыстық мәслихатының Құрмет Грамотасы

Үйленген: 2 баласы бар


Байланыс телефоны: 872840-31-1-49

Қабылдау күндері: әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері



Кербұлақ аудандық мәслихатының аппарат басшысының функционалдық міндеттері

Аппарат қызметіне басшылық жасайды. Аппаратқа жүктелген функциялардың орындалуына және жұмыс жоспарының жүзеге асырылуына жауап береді, мәслихат хатшысы қол қойып бекітетін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді бөледі, аппараттың жұмысын жөнге салып, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.
Мәслихат сессиясына қажетті құралдарды әзірлеуді қамтамасыз етіп, аудандық мәслихаттың алдағы және ағымдағы жұмыс жоспарын, шешімдердің жобасын әзірлеуді ұйымдастырады.
Аудандық мәслихатының пленарлық мәжілістеріне, тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысып, аппараттың құзырына кіретін сұрақтар бойынша аудандық мәслихатқа ұсыныстар жасайды.
Хатшының келісімімен, аудандық мәслихатының сессиясында қаралатын сұрақтарды әзірлеу барысында ұйымдастыру – техникалық іс-шаралар үшін қажетті құжаттарды тиісті органдар мен жауапты адамдардан сұрайды.
Нақты қағида бойынша мәслихат аппаратына тапсырылған тапсырмалар мен міндеттердің қолданыстағы заңнамаларға сәйкес уақтылы орындалуын талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес мәслихат аппаратының конкурстық және бағалау комиссияларына төрағалық етеді.
Аппараттың ұйымдастыру, құқықтық мәселелер мен кадрлық қамтамасыз ету барысын жүзеге асырады, мекеменің қаржылық мәселелеріне қатысты сұрақтарды қадағалайды, аудандық мәслихатында құрылған кәсіподақ ұйымының жұмыстарымен айналысады.
Аудандық мәслихатының сессиясында қабылданатын нормативтік құқықтық актілер жобасының жариялануын қамтамасыз етеді, оларға тиісті құжаттарын әзірлеп, әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдайды және мемлекеттік тіркеуден кейін ресми түрде жариялауын қадағалайды.
Аудандық мәслихаттың мәжілістеріне қатысып, аудандық мәслихаттың шешімдері бойынша анықтама және түсініктеме береді, депутаттық бөлменің жұмысын ұйымдастырады.
Сайлау комиссиясымен жұмыс жүргізеді, сайлаушылар комиссиясынан шыққан мүшелерінің есебін жүргізіп және ол туралы аудандық мәслихат хатшысын хабардар етіп отырады. Сайлау жөніндегі мәселелермен айналысады.
Аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекова орнында болмаған жағдайда оның міндетін аудандық мәслихаттың ұйымдастыру, мемлекеттік – құқықтық, ақпараттық – талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы орындайды.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.