Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 44

Есептер

Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көріктендіру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясының 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы
 
Құрметті сессияға қатысушылар!!! 2015 жылы Кербұлақ аудандық мәслихатынының аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көріктендіру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясының 7 отырысы болды. 10 сұрақ бойынша қаулы қабылданды.
Негізінде Кербұлақ ауданының 2015 жылға арнаған бюджеті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №39-225 шешімімен жалпы кіріс және шығыс соммалары 5901 538,0 ( бес миллиард тоғыз жүз бір миллион бес жүз отыз сегіз) мың теңге бекітілген Есепті жылғы бюджеттің жоспарлауын, өткен жылғы бюджеттің жоспарлануымен салыстырғанда кірістер бойынша түсімдердің нақтыланған жоспары 6503213,0
(алты миллиард бес жүз мың үш миллион екі жүз он үш) мың теңгені құраса, 2015 жылы 6520 896,9 ( алты миллиард бес жүз жиырма миллион сегіз жүз тоқсан алты ) мың теңгені құрады, яғни 17683,0
( он жеті миллион алты жүз сексен үш мың) теңгеге немесе 0,97 пайызға өсті.
Игерілу барысында бюджеттік заңнамаларға сәйкес, аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы
Ш. Төлегеновтың аудан бюджетіне өзгерістер енгізу туралы түсніктемелері Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджетті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көріктендіру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасының бақылауына алынып отырды. Барлық енгізілген өзгерістермен нақтыланған жоспар бойынша бюджетті шығысының жалпы соммасы 6503213,0 ( алты миллиард бес жүз үш миллион екі жүз он үш мың теңгені құрады.
2015 жылғы бюджеттің шығындары 6525028,1 ( алты миилиард бес жүз жиырма бес миллион жиырма сегіз) теңгеге, яғни 100,0 % пайыз орындалды. 2008,1 ( екі миилион сегіз жүз мың жүз) теңге игерілмей орындалмады.
Себебі : «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» бағдарламасы бойынша ауданның ветеринария бөлімі бойынша 1 628,2 ( бір миллион алты жүз жиырма сегіз мың екі жүз теңге. Сібір жарасы шыққан ошақтарға таңба қою жұмыстары аяқталмаған себептен игерілмеді, 379,9 ( үш жүз жетпіс тоғыз миллион тоғыз жүз) мың теңге –ерекшеліктердегі қалдық болып табылады. 2014 жылғы бюджеттің шығындары 5496335,4 ( бес миллиард төрт жүз тоқсан алты миллион үш жүз отыз бес мың төрт жүз) теңге, нақтыланған жоспар бойынша 5506502,0 ( бес миллиард бес жүз алты миллион бес жүз екі мың теңге немесе 99,8 пайызға орындалған. Орындалмаған сома 10166,6 ( он миллион бір жүз алпыс алты мың алты жүз) теңгені құрайды.
Қорыта айтқанда, алдағы жылдардағы аудан бюджетін жоспарлау және орындалуын қадағалау бойынша атқарылатын жұмыстарды мәслихат депутаттары, аудандағы атқарушы органдар, ұйым, мекеме басшылары бірлесе отырып, халық қалаулары, яғни депутаттар корпусы қолымыздан келгенше ауданымыздың экономикалық , әлеуметтік салаларының қарқынды, қарыштап өсіп өркендеуі жолында жұмыс істейтін болсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жүктеген тапсырмасына орай әрбір мемлекет қаржысын тиімді, ұтымды пайдалану,қолдану барлық мекемелерден талап етілгені айтпаса да түсінікті. Соған орай мемлекеттің әрбір тиынын шашау шығармай, ауданымыздың бюджетінің бүйірін толтыру үшін баршамыз бір кісідей жұмыла жұдырықтай жұмыс жасауымыз қажет. Назарларыңызға рахмет.
 
 
Кербұлақ аудандық мәслихатының аудан экономикасы мен бюджеті, салық,
кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық,
көріктендіру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы   Е.Самылтыров

 

Кербұлақ аудандық мәслихатының «Ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның есебі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты депутаттары мен өзге де ұйымдар өкілдерінен құрылған «Ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау» жөніндегі тұрақты комиссиясы өз жұмысын мәслихаттың регламентіне және бір жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Халықтың ауылшаруашылығына қатысты мәселелері әрқашан аудандық мәслихат депутатарының назарында болып, туындаған мәселелері сессияларда, тұрақты комиссияның өз және біріккен отырыстарында қаралады.
Аудандық мәслихатының ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамындағы депутаттардың барлығы ауылшаруашылығымен айналысатын, аталған тұрақты комиссияның жұмысына белсене араласып, халықпен етене жұмыс жасап, мұң - мұқтажына қол үшін беріп жүрген азаматтар.

2015 жылдың басынан аталмыш тұрақты комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, осы отырыстарда 7 – өзекті мәселе қаралып, талқыланып, мәслихат сессиясының қарауына енгізіліп өз шешімін тапты.

Тұрақты комиссия жұмысына қысқаша толқталып өтетін болсақ: Аудан бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы барлық жер көлемі -518838 гектар, оның ішінде егістік және боз жерлер 136087 гектар, жайылымдық жер 364339 гектар, шабындық – 7252 гектар, басқадай жерлер -11160 гектар. 2015 жылдың өніміне 80106 гектар алқапқа дәнді-дақылдар, 6561 гектарға майлы дақылдар, 2581 гектарға картоп, 567 гектарға көкөніс және бақша дақылдары себілген. Бүгінгі күнге ауданның Солтүстік – Шығыс аймағы олар Басши, Алтынемел, Жайнақ батыр, Қоғалы, Талдыбұлақ, Шұбар, Көксу ауыл округтерінде астық ору жұмыстары қарқынды жүріп, онда 115 комбайн жұмыс жасауда. Аудан бойынша 2015 жылы 79814 гектардың астығы орылып, орташа өнімділігі гектарына 17,2 центнерден айналып, 137633 тонна астық жиналған. Ал ауданның Оңтүстік – Шығыс аймағында олар Жоламан, Қарашоқы, Сарыбастау, Сарыбұлақ, Сарыөзек, Қызылжар, Шанханай, Қаспан ауыл округтерінде астық ору науқаны аяқталып, 2016 жылдың өніміне күздік бидай себу жұмыстары басталған. Бүгінгі күнге 15120 гектар жерге күздік бидай себілді. Ауданда 25000 гектарға пар көтеріліп, оған қажетті 5531 тонна, 2016 жылдың өніміне себілетін 9000 тонна жаздық дәнді- дақылдар тұқымдары толығымен құйылған.

Көкөніс және бақша дақылдарына келсек жиналған 567 гектардан түскен өнім 14685 тоннаны, жиналған 1590 гектар картоптан түскен жалпы өнім 32627 тоннаны құрап отыр.

2015 жылы аудан бойынша мал басын қыстатуға дайындалған пішен-132300 тонна, пішендеме-3800 тонна, сабан -18100 тонна, азықтық жем-23100 тонна дайындалған.

Үстіміздегі жылы 18896 бас аналық сиырдың -14500 басын сүтті бағыттағы бұқаның ұрығымен қолдан ұрықтандыруға келісім-шарт жасалынған. Ауданда 19 қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істейді.

20 ұрықтандырушы оқып куәлік және сертификат алған. Бүгінгі күнге 3506 бас сиыр қолдан ұрықтандырылған.

Қазіргі кезде 43 шаруа қожалығы ақпараттық талдау жүйесіне тіркелген, аналық сиыр құнажын саны 2404 бас. Бұның ішінде тұқымдық түрлендіруге қатысқан аналық саны 2184 бас, немесе барлық аналық бастың 11,5 пайызы. Бұқа керегі 87 бас, бүгінгі күнге бізде бары 86 бас. Жетіспейтін 1 бұқаны «Омаров Ж.С» шаруа қожалығы сатып алған, жасы 14 айлық болғандықтан тұқымдық түрлендіруге қатыспай тұр. 15 айға толған соң тұқымдық түрлендіруге қатысады.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауданда 23 млн 150 мың теңге несие алынып, бұған 114 бас ірі қара сатып алынған. 302 бас ірі қара сатып алуға 59305 млн. 000 мың теңгеге тапсырыс берілген, тапсырыстың толық орындалуына мүмкіндік бар.

Ауданда «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша бүгінгі күнге 93 млн 950 мың теңгеге сұраныс берілген. Бұл қаржыға 302 бас ірі қара, 1034 бас қой, 85 бас жылқы сатып алынады деп жоспарлануда.

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне келетін болсақ өздеріңізге белгілі биылғы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі талаптарының аудан көлемінде орындалу барысы туралы мемлекеттік экологиялық инспекторы Т.Жақсылықбаевтың есебін тыңдадық. Көптеген жұмыстар атқарылып жатыр деуге болады, бірақ әлі де ақсап тұрған жақтарымыз да аз емес. Бүгінгі күнге аудан бойынша бірде-бір елді мекенде заң талаптарына сәйкес қалдықтар орналастыру орындары жоқ. Облыс әкімінің қаулысы шыққалы жеті ай өтсе де, ауданның елді мекендерінде қалдықтарды орналастыруға жер телімдерін таңдау жұмысы әлі жүргізілмеген. Жер телімдерін таңдау , олардың заң талаптарына сәйкестігін анықтайтын комиссия өз жұмысын бастамаған. Бұл жұмыс аз уақытта біте қоймайтындығын ескерсек, келер жылға дейін аудан көлемінде қанша көлемде тұрмыстық қалдықтар рұқсат етілмеген жерлерге төгілетіндігін болжау өте қиын. Алысқа бармай - ақ өзіміздің тұрып жатқан Сарыөзек ауылындағы салынған қалдықтар полигоны осы уақытқа дейін заң талаптарына сәйкес жағдайға келтірілмеген. Полигонның экологиялық құжаттары алынбаған, сол себептен жеке мекемеге сенімді басқаруға берілмей отыр. Полигонға қабылданып жатқан қалдықтардың есебі жүргізілмейді, қалдықтар уақытылы көмілмейді. 2012-2014 жылдары аудан бойынша 15 елді мекенге мал өлекселерін тастайтын орындар салынған, бірақ бүгінгі күнге дейін олардың экологиялық руқсат құжаттары алынбаған. Сол сияқты Сарыөзек ауылында қалдық суларды төгетін орын да белгіленбеген. Кәсіпорындар мен мекемелерден шығарылған қалдық сулардың қайда тасымалданып төгілетіндігі белгісіз. Өзекті мәселенің бірі: Сарыөзек ауылында орналасқан «Талдықорған жолдары» ЖШС-не қарасты ПУ-4 участогын ауыл аумағынан тыс жерлерге шығару болып тұр. 2015-2016 жылдың жылу маусымында жылу беретін қазандықтардың да заңға сәйкестіктерін экология департаменті зертханасының қатысуымен тексеру жоспарланып отыр.

Аудандағы заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғаудағы аудандық ішкі істер басқармасының 8 айлық қортындысы бойынша берген ақпаратына сүйенсек, аудан көлемінде шұғыл жағдай, барлық саладағы қылмыстардың тіркелуінің 9,5 пайызға өсуімен сипатталады. Былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыстардың ішінен ауыр және аса ауыр қылмыстар 15-тен 24-ке, оның ішінде ауыр қылмыстар 12-ден 14-ке, аса ауыр қылмыстар 3-тен 10-ға өскен. Осы қылмыстардың өскені мен ашылу пайызы 52,6-дан 80,0 –ге яғни 27,4 пайызға көтерілген. Жалпы қылмыстардың барлық санаттары жағынан ұрлық 184-тен 158-ге, алааяқтық 31-ден 13-ке бұзақылық 17-ден 10-ға төмендеп, ашылуы 78,1 пайызды құрап 2014 жылмен салыстырғанда 17,7 пайызға жоғарлап отыр. 2015 жылдың 8 айы ішінде жалпы 57 қылмыс ашылмай тоқтатылған. Ашылмаған қылмыстар бойынша жоспар құрылып, жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде жыл басынан 47 қылмыс ашылған.

Учаскелік полиция инспекторларымен 2015 жылдың 8 айлық қортындысы бойынша 2309 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесімен 1516 хаттама толтырылып, оның 1218 хаттамасы бойынша 2 миллион 568 мың 672 теңгеге айыппұл салынып, оның 1 миллион 639 мың 114 теңгесі өндірілген. Жол қауіпсіздігін бұзғандығы үшін 2015 жылдың 8 айы ішінде 986 хаттама толтырылып, 20 млн. 680 мың 248 теңгеге айыппұл салынып, оның 16 млн. 751 мың теңгесі өндірілген. 17 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 8 адам қайтыс болған.

Аудан көлемінде төлқұжат ережелерін сақтамағандығы үшін барлығы 381 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның 176 –сы әкімшілік жауапкершлікке тартылған, барлығы шетел азаматтары. Ауданда уақытша тіркеуге 127 шетел азаматтары алынған. Тұрғылықты оралмандар саны-2154. Есеп беру кезеңіне 23 шетел азаматтары ҚР азаматтығын алған.

2015 жылғы мен басқарып отырған тұрақты комиссияның есебін қорыта келе тұрақты комиссияның атқарып жатқан жұмыстары жаман емес бұдан әрі де өз қызметінің түрлері мен әдістерін дамытуды, әлеуметтік-экономикалық даму бойынша аудандық бағдарламалардың және жоспарлардың, аудандық мәслихат шешімдерінің және комиссия қаулыларының орындалуына, өз құзыреті шегінде бақылауды нығайта түседі дегім келеді

Назарларыңызға рахмет.

 
Кербұлақ аудандық мәслихатының ауылшаруашылығы мен қоршаған
ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, заңдылық, азаматтардың
құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.Ахметжанов

 

2015 жылдың  бірінші жартыжылдық қортындысы бойынша Кербұлақ аудандық мәслихатының аудандық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт,туризм, халықты әлеуметтік  қорғау  жөніндегі  тұрақты комиссиясының есебі

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызметі, өкілеттігі мен жұмыс тәртібі Заңмен белгіленген. Кербұлақ аудандық мәслихатындағы 3 тұрақты комиссиясы жыл сайын сессияларда өз қызметі туралы бір реттен мәслихатқа есеп береді және осы есептер аудандық мәслихаттың тиісті шешімдерімен рәсімделеді. Тұрақты комиссиялар жұмыс жоспарларына сәйкес өз отырыстарында өздеріне заңмен жүктелген құзыреттері аясында аудандық мәслихат сессияларында қаралатын мәселелер бойынша алдын ала талқылаулар жүргізіп, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап, осы бойынша тиісті атқарушы органдардың жұмысын тыңдайды.

Жыл ішінде өткізілетін кезекті және кезектен тыс сессияларда депутаттар мен тұрақты комиссиялардың ұсыныстары негізінде бекітілетін жұмыс жоспарына сәйкес аудан өміріне қатысты күрделі мәселелердің де жайы қаралды.

Аудандық мәслихаттың:

  • 2014 жылғы 26 қыркүйектегі кезекті ХХХV сессиясында «Қазақстан Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 Қаулысына сәйкес «Қол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының аудан көлемінде орындалу барысы туралы»;
  • 2014 жылғы 15 қазандағы кезектен тыс ХХХVI сессиясында «Аудандық мәслихатының қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдармен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы аудандық мәслихат хатшысының есебі»;
  • «Кербұлақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 08-қыркүйегіндегі «Кербұлақ ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» №34-202 шешімінің күшін жою туралы»;
  • 2014 жылғы 11 қарашадағы кезектен тыс ХХХVI сессиясында «Кербұлақ ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
  • «Кербұлақ аудандық мәслихатының 2014 жылдың 08 қыркүйектегі «Кербұлақ ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй –жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы №34-201 шешімінің күшін жою туралы»
  • 2014 жылғы 19 желтоқсандағы кезекті ХХХIХ сессиясында «Кербұлақ аудандық мәслихатының аудандық білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы»
  • 2014 жылдың 12 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасының «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының аудан көлемінде орындалу барысы туралы есеп» №29-175 шешімін бақылаудан алу туралы
  • 2015 жылдың 4 наурызындағы кезектен тыс ХХХХI сессиясында «Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының өзгертілген құрамын бекіту туралы
  • 2015 жылғы 10 сәуірдегі кезектен тыс ХХХХII сессиясында «Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы
  • 2015 жылғы 13 мамырдағы «Кербұлақ ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» мәселелер қаралды.  

Кезекті қырық бесінші сессияға дайындық барысында депутаттардың жұмыс тобы жағдайды зерделеп төмендегіні анықтады:

Аудан халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша 2015 жылдың жарты жыл көлемінде жұмыссыздар есебіне келіп тіркелгендер саны 631 адамды құраған. Оның 618 азаматы әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған, оның ішінде тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқандар саны 370 адам:әлеуметтік жұмыспен қамтылғандар-15, жастар тәжірибесіне-31, ақылы қоғамдық жұмысқа-148, өз бейімдеріне қарай кәсіби оқуға жолдама алғандар-25,өз жұмыс орнын ашу мақсатында несие алғандар саны-29 адамды құрады. Ал мүмкіндіктері шектеулі жандар қатарынан тұрақты жұмысқа орналасу мақсатында 19 адам тіркеуге алынған,оның ішінде 9 адам тұрақты және уақытша жұмыстарға орналастырылған,8 адам қоғамдық жұмыстарға тартылып,2 адам әлеуметтік жұмыс орнына,1 адам жастар тәжірибесіне жолдама алған, сонымен қатар жаңа және кеңейтілу бағытында 532 жұмыс орындары ашылған.

Жұмыссыздарды, оның ішінде мүгедек жандарды жұмыспен қамту мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелері ұйымдастырылып өткізулерінің нәтижесінде аудан мекемелері мен ұжымдарынан 215 бос жұмыс орындары туралы мәліметтер анықталып жиналған.Аталмыш жәрмеңкеге 20 жұмыс берушілер қатысып қорытындысында 28 адам жұмысқа орналасқан, 6 адам қоғамдық жұмыстарға тартылған, 2 адам кәсіби оқуға жолдама және 57 адам кеңес алған.

2014 жыл басынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 183 мүшесі бар

31 отбасына 9 млн 500 мың теңге төленсе, 2015 жылдың 6 айында 128 мүшесі бар 30 отбасына 2 млн 436 мың теңге төленіп отыр.

Тұрғын үй көмегі бойынша 2014 жылы 395 отбасындағы 1558 адамға 21 млн 926 мың теңге төленсе, 2015 жылдың алты айында 198 отбасындағы 693 адамға 8 млн 200 мың теңге төленген.

18-жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы бойынша 2014 жылы 562 отбасындағы 1838 балаға 33 млн835 мың теңге төленсе,2015 жылдың алты айында 427 отбасындағы 1415 балаға 14млн 117 мың теңге төленіп отыр.

Бұл жәрдемақы ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 2014 жылы 1945 теңге болса,2015 жылы әр балаға 2082 теңгені құрады.

2014 жылы үйден оқитын 59 мүгедек балаға 941 теңге төленсе, 2015 жылдың 6айында 29 мүгедек балаға 305 мың теңге тоқсан сайын төленген.

Аудан бойынша 1382 мүгедек тіркелген.Оның ішінде I-II топ мүгедектерінің саны-745, III-топтағы мүгедектер саны-537,бала жасынан мүгедектер саны-156 адам.Олардың ішінде 16 мүгедек кресло-колскасымен,атап айтсақ 4-балаларға арналған қол арбасы, 5- бөлмеде жүретін қол арбасы, 4- серуендетуге арналған қол арбаларымен және протездік-ортопедиялық бұйымдарымен 22 адам қамтылып, 23 мүгедек шипажайларға барып ем алып келген.

Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін тағайындалған жеке көмекшілер үшін 2015 жылы 9800,0 мың теңге бөлінген. Ал қазіргі уақытта бірінші топтағы 33 мүгедекке жеке көмекшілер тағайындалған.

Білім саласы бойынша:

Кербұлақ ауданы бойынша жалпы 51, оның ішінде 36 орта мектеп,4 негізгі, 11 бастауыш мектептері, 30 мектепке дейінгі мекемелер, оның ішінде 6 балабақша және 24 мектеп жанындағы шағын орталықтар жұмыс істеп, 8542 оқушы білім алды.Денсаулығына байланысты оқу мүмкіндіктері шектелген 41 бала үйден, тиісті мектебі жоқ 15 елді мекеннен 268 оқушы 8 мектепке тасымалданып оқытылды. Тасымалдау жұмыстарына 11 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалған.

Биылғы жылы білім саласын қаржыландыру көлемі 4 млрд 33 млн теңгені құрап отыр. Оның ішінде оқушыларды оқулықпен қамтамсыз ету мақсатында 6 млн 177 мың қарастырылса, жалпыға бірдей білім беру қорына бөлінген 25 млн теңге аз қамтылған отбасы балаларына мектеп формаларын, оқу-құралдарын алуға және жазғы демалысын ұйымдастыруға, мектепте бір уақыт тегін тамақтандыруға бағытталған. Ал 11 млн 251 мың теңге мектептердің материалдық- техникалық базасын нығайтуға бөлінсе, 184 млн 675 мың теңге жөндеу жұмыстарына беріліп отыр.

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру мақсатында,2014 жылы Сарыөзек ауылында республикалық бюджет есебінен 434 млн 875 мың теңге , ал жергілікті бюджет есебінен 9 млн 421 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылып,320 орындық мемлекеттік бала бақша құрылысы салынуда.

Сонымен қатар биылғы жылы Қаспан орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуге 184 млн теңгенің көлемінде қаражат бөлінген. Апатты жағдайда деп танылған Нүрым орта мектебінің ғимаратының жаңа қрылысы басталып, құрылыс жұмыстарына 423 млн теңгенің қаржысы қарастырылып отыр.

2014-2015 оқу жылы барысында мектептерде 1350 педагогикалық мамандығы бар мұғалім қызмет атқарған, 35 жас маман жұмысқа қабылданып, мемлекеттік «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде-52 маманға айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде көтермеақы төленген.

Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша барынша жұмыстар жасалуда, соның дәлелі ретінде облыстық пән Олимпиадасына қатысқан 19 оқушының 12 үшінші жүлделі орындарды иеленген. Вусон Университетінің Халықаралық Бизнес мектебінің «Қолданбалы математика» пәні бойынша өткен «Жас ғалым» Халықаралық дарын байқауына қатысқан 2 оқушының біреуі III дәрежелі дипломға, екіншісі «Қатысқаны үшін» сертификатына ие болды.

Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеу бойынша ХI Халықаралық ғылыми жарысына қатысқан 11 оқушының ішінен бір бала I жүлделі орынды, үш бала III дәрежелі дипломды және бір оқушы қатысқаны үшін сертификатты, екі бала Москва қаласында өткен жасөспірімдер арасында жалпы ресейлік В.И.Вернадский атындағы зерттеу жұмыстары байқауының I дәрежелі дипломын иеленді.

Жыл бойына төрт рет «Алтын белгі» белгісіне, «Үздік аттестатқа» үміткер оқушылармен бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық жұмыстары ұйымдастырылып , бастапқы тестер өткізу нәтижесінде аудан бойынша жалпы Бірыңғай ұлттық тестің нәтижесі 71,4 пайызды құрап отыр. Оның ішінде: «Алтын белгі» иегерлер саны-8, «Үздік аттестат» үміткерлер саны 1 баланы құрып отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Халқына арналған Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту, халықтың спортқа қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында аудан көлемінде спорттық іс-шаралар да өткізілуде:

Аудандық туризм, дене шынықтыру және спорт бөліміне 2015 жылы -9319,0 мың теңге қаржы бөлініп, оның ішінде аудандық жарыстар өткізуге 300,0 мың теңге, облыстық жарыстарға қатысу үшін 4004,0 мың теңге бөлінген.

Аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде жалпы саны 1487 оқушыға 100 оқу тобына спорттың 12 түрінен, атап айтқанда : қазақ күресі, самбо, дзюдо, бокс, футбол, гандбол, грек-рим күресі, тоғызқұмалақ, баскетбол,волейбол,таэквондо бойынша қызмет көрсетілуде.

2011-2015 оқу жылында аталмыш мектептен спорт шеберіне үміткер -15, I спорттық разряд бойынша-4, II-III-жасөспірімдер разряды бойынша -747 оқушы дайындалып шықты. Ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту барысында қазақ жүресінен, көкпардан,аламан бәйгеден, құнан бәйгеден, топ бәйгеден, тоғызқұмалақтан,, аударыспақтан, асық атудан, бес тастан, жекпе-жектен жалпы алғанда -29 үйірмелер өз деңгейлерінде жұмыстарын атқаруда.

2015 жылдың бес айында аудан аумағында 83 жарыс өткізілген. Ауданымыздың спортшылары облыс көлеміндегі өткен жеті спорттық жарыстарға қатысып жалпы есеп бойынша 9 орынға ие болған. Ауданда 115 спорттық нысан халыққа қызмет етеді: 84 спорт алаңы,31 спорт залдары, оның барлығы жалпы білім беретін мектептерде. Осындай жетістерге қайшы келетін жағдайларда бар, аудан бойынша бұқаралық спорт түрлерінен федерациялар құрылмаған, ұлттық спорт түрлерімен айналысушылар саны өте аз. Аудан орталығы Сарыөзек ауылында стандартқа сай футбол алаңының жоқтығы, облыс көлемінде өткізіліп жатқан футболдан өзімізде өткізілетін ойындардың сыртта (Көксу ауданында, Талдықорған қаласында) өткізуіне соғатындығы.

Аудан халқына медициналық қызмет көрсету ісіне келетін болсақ:

Аудан бойынша 56 емдеу орны бар, оның ішінде 120 төсектік бір орталық ауруханасы,1986 жылы салынған Қоғалы ауылдық ауруханасы -45 төсектік, 2006 жылдан Басши ауылдық ауруханасы 20 төсектік барлығы аудан бойынша -185 төсек, он мың тұрғынға шаққандағы төсекпен қамтамасыз ету көрсеткіші-37,0, ал облыстық көрсеткіш бойынша-44 ,0 пайызды құрады.

15 дәрігерлік амбулаториясы,36 медициналық пунктер(2ФАП,27 ФП), оның ішінде тоғызы ғимаратпен жабдықталмаған.

2015 жылдың 6 айында қаладан ауылдық ауруханаға 3 дәрігер келіп толығымен жұмыспен қамтамасз етілген, ал 8 болашақ жас мамандармен келісім шартқа отырған.

Ауданның демографиялық көрсеткіші:

Атаулар
2014 жыл
2015 жыл
БАРЛЫҒЫ
50406
49800
Ересектер саны
35060
28426
Жасөспірімдер саны
2443
3242
Оның ішінде тууға жарамдылар  саны
1262
12262
14 жасқа  дейінгі  балалар саны
13498
13860

Аудандық денсаулық сақтау  орталығына  бөлінген  қаржы:

Атаулары
2014жыл
2015жыл
Бюджет
467326,6
486979,2
1 тұрғынға  бөлінген қаржы
22312
23504
1 ауруды емдеуге жұмсалған қаржы
10122
11733
1 емделуші аурудың тамағына бөлінген
495
495,6
Емделуші  аурудың 1 күндік дәрі-дәрмегіне бөлінген қаржы
2245
2245

Аудан бойынша 2015 жылдың  жартыжылдық демографиялық көрсеткіші:

Атаулары
2014 жыл
2015жыл
Туу
371
7,3   %
361
7,2   %
Табиғи өсім
258
6,4   %
237
6,3   %
Бала өлімі
5
3,7  %
2
1,4  %
Жалпы өлім
113
2,2  %
124
2,4  %

2015 жылдың 6 ай ішінде аудан бойынша  көрсетілген  стационар қызметі

Атаулары
2014 жыл
2015 жыл
Төсек саны
185
185
Барлық емделіп шығарылған
4334
2897
Өткізілген  төсек-күн
26511
25457
Қайтыс болғандар саны
6
14
Орташа емдеу ұзақтығы
6,1
8,7
Төсек жұмысы
143,3
137,6
Төмек айналымы
23,4
15,6
Өлім-жітім
0,1
0,4

Аудан емханасы көлемінде хирург, гинеколог,психиатр, эндокринолог, фтизиатр, неврапотолог, травматолог, маммолог, онколог, стоматолог, психолог,лор,жасөспірімдер,тері, жұқпалы аурулары, көз аурулары,бала дәрігерлері консультация береді және 3 участок бойынша бала дәрігерлері, 4 участок бойынша терапевт дәрігерлері қызмет көрсетеді.

Аудандық емхана бойынша 2014 жылдың жартыжылында 57465 адам қаралса, 2015 жылдың есепті мерзімінде 58101 адам қаралған.

Жұқпалы аурулармен аурушаңдыққа келетін болсақ:

Вирустық гепатит ауруы 2014 жылдың 5 айында -4 ауру болса,2015 жылдың осы мерзімінде тіркелген адам жоқ.

Бруцеллез ауруы бойынша 2014 жылы 12 болса, 2015 жылы -5 ауру.

Туберкулез ауруы бойынша-2014 жылы 16 ауру болса, 2015 жылы-5 ауру оның біреуі жасөспірім.

Күндізгі стационар ьойынша 2014 жылы -769 адам, ал 2015 жылдың есепті мерзіміне -848 адам ем алып шыққан.

Кербұлақ ауданы мәдениет саласы бойынша атқарылған іс-шараларға көшетін болсақ:

Кербұлақ ауданында 9 мәдениет үйлері мен 2 клуб бар. Олрдың барлығы да жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. 11 мәдениет мекемесінің онының типтік ғимараттары бар, біреуінің ғимараты бейімделген. Бүгінгі таңда аудандық, ауылдық мәдениет үйлерінде 49 адам жұмыс жасайды.

2014 жылы мәдениет ошақтарының материалдық техникалық базасын жетілдіруге 12 млн теңге бөлініп, оның 6 млн теңгесіне ұлттық киімдер тігілген, 6 млн теігесіне сахналық дыбыс күшейткіш аппаратуралар алынған, аудандық мәдениет үйіне 123 мың теңгеге жалюздер, кілемдер және Басши ауылдық мәдениет үйіне 25 метр кілем алынған. Аудандық және Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйінің шатырына 339 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілген.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялануына, Қазақстан Республикасы Конституциясының- 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің-70 жылдығымен тұспа-тұс келуіне орай Қоғалы ауылында «Бақыттымыз , біргеміз, берік біздің іргеміз» атты фестивалі өткізілген.

Осындай тағы бір шара ауыл округтерінің ұйымдастыруымен «Қыс өрнектері» атты шарамен үлесті.

Ақпан айының 4-28 аралығында «Өнерлі отбасы»байқауы, 12 сәуір күні Сарыөзек ауылында «Менің Қазақстаным» атты Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау барысындағы пойызының жұмысы,Ұлы Жеңістің 70 жылдығына «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» партиоттық ән, «Би көктемі-2015» байқаулары,1 мамыр күні мерекелік шеруі «Ынтымағы жарасқан-тәуелсіз ел» атты концерттік бағдарламасына ауысып өткізілді.

Аудан әкімінің ұйымдастыруымен 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай әскери гарнизон қызметкерлерін марапаттау мақсатында және орталық алаңда 9 мамыр-Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа өнеге»,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Еліміздің айбыны-мемлекеттік рәміздер», дәрігерлер күніне «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ» атты тақырыпта және 20 маусым күні «Қош бол ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты үлкен мәдени шаралар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілген. Алда өткізілетін іс-шаралар да аз емес.

Ауданымызда көптеген шешімі қиын күрделі мәселер өз шешімдерін табуда, дегенмен де аудандық мәдениет үйі, Қарашоқы, Алтынемел, Шұбар, Қоянкөз, Қоғалы ауылдық мәдениет үйлері күрделі жөндеуді қажет етеді. Олардың жобалау сметалық құжаттарын жасауға , аудандық мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға компьютерлер, орындықтар, шкафтар алуға қаржы қажет.

Ауданымыздың мәдениет саласындағы қызметкерлері көптеген әртүрлі облыстық іс-шараларға концерттік бағдарламаларын дайындап, дыбыс күшейткіш аппаратураларымен қамтамасыз етеді, өнерпаздардың қатысуын ұйымдастырады, осы мәселелерді өз деңгейінде ұйымдастыру үшін, жақсы дыбыс жазу студиясы қажет.

Ауданымыздағы барлық әлеуметтік салаларда атқыарылып жатқан әлде де атқаратын іс-шаралар өте көп, сол бағытта бәріміз жұдырықтай жұмылып ат салысса бітпейтін іс жоқ деп ойлаймын.

Қорытындылай келе, аудандық білім,денсаулық сақтау, мәдениет, спорт,туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөнінідегі тұрақты комиссия халық әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға бақылауды жүзеге асыру үшін өз қызметінің әдістері мен нысандарын алдағы уақытта жетілдіру бойынша жұмысын жалғастыратындығын атап өткім келеді.

Назарларыңызға рахмет.

 
Кербұлақ аудандық мәслихатының аудандық білім, денсаулық сақтау,
мәдениет, спорт,туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөнінідегі
тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Білдебеков
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.