Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 55

Случайные фото

Қызметтік міндеттер

Кербұлақ аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін
бөлу туралы қағидасы
 

 

Аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (03-01) – Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекова

1. Аппарат қызметіне басшылық жасайды. Аппаратқа жүктелген функциялардың орындалуына және жұмыс жоспарының жүзеге асырылуына жауап береді, мәслихат хатшысы қол қойып бекітетін қызметкерлер арасындағы қызметтік міндеттерді бөледі, аппараттың жұмысын жөнге салып,еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

2. Мәслихат сессиясына қажетті құралдарды әзірлеуді қамтамасыз етіп, аудандық мәслихаттың алдағы және ағымдағы жұмыс жоспарын, шешімдердің жобасын әзірлеуді ұйымдастырады.

3. Аудандық мәслихатының пленарлық мәжілістеріне, тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысып, аппараттың құзырына кіретін сұрақтар бойынша аудандық мәслихатқа ұсыныстар жасайды.

4. Хатшының келісімімен, аудандық мәслихатының сессиясында қаралатын сұрақтарды әзірлеу барысында ұйымдастыру – техникалық іс-шаралар үшін қажетті құжаттарды тиісті органдар мен жауапты адамдардан сұрайды.

5. Нақты қағида бойынша мәслихат аппаратына тапсырылған тапсырмалар мен міндеттердің қолданыстағы заңнамаларға сәйкес уақтылы орындалуын талап етеді.

6. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мәслихат аппаратының конкурстық және бағалау комиссияларына төрағалық етеді.

7. Аппараттың ұйымдастыру, құқықтық мәселелер мен кадрлық қамтамасыз ету барысын жүзеге асырады, мекеменің қаржылық мәселелеріне қатысты сұрақтарды қадағалайды, аудандық мәслихатында құрылған кәсіподақ ұйымының жұмыстарымен айналысады.

8. Аудандық мәслихатының сессиясында қабылданатын нормативтік құқықтық актілер жобасының жариялануын қамтамасыз етеді, оларға тиісті құжаттарын әзірлеп, әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдайды және мемлекеттік тіркеуден кейін ресми түрде жариялануын қадағалайды.

9. Аудандық мәслихаттың қызметіндегі заңгерлік-құқықтық мәселелердің заң шеңберінде шешілуін қадағалайды.

10. Аудандық мәслихаттың мәжілістеріне қатысып, аудандық мәслихаттың шешімдері бойынша анықтама және түсініктеме береді.

11. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Гүлмира Әбдіғалиқызы Рақымбекова орнында болмаған жағдайда оның міндетін аудандық мәслихаттың ұйымдастыру, мемлекеттік – құқықтық, ақпараттық – талдау құрылымдық бөлімше басшысы Ляззат Қабижанқызы Санатбаева орындайды.



Аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік – құқықтық, ақпараттық – талдау құрылымдық бөлімше басшысы (03-02) - Ляззат Қабижанқызы Санатбаева

1. Аудандық мәслихаты регламентінің орындалуын қамтамасыз етеді, жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жауапты.

2. Бөлімшедегі қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін мерзімінде, сапалы орындалуына ат салысады бөлімде атқарылатын қызметке байланысты құжаттардың әзірленуін қадағалайды, мемлекеттік және еңбек тәртібінің жағдайын сондай-ақ ішкі еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді және аппарат қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жоғарлату және қайта даярлануын қамтамасыз етеді.

3. Бөлімше қызметкерлерінің жұмысының тиімділігі мен нәтижелігін талдап, тиісті мәліметтерді аудандық мәслихат хатшысы мен аппарат басшысына тапсырады, іс- жүргізу сапасын, жинақ папкалардың мерзімінде ашылуы және оларға тиісті құжаттардың мерзімінде тігіліп, толтырылып отыруын бақылайды, мерзімі келген жинақтау папкаларының бақылаудан уақытылы алынуына жауапты.

4. Ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау,табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысына кеңестік көмектер жасап, хаттамасын жүргізеді, оған қажетті құжаттарды әзірлеуге қатысады.

5. Облыстық мәслихатпен заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау,ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, аудандық білім, денсаулық сақтау, мәдениет спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау, аудан экономикасы мен бюджеті, салық кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау коммуналдық шаруашылық көріктендіру және халыққа қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету.

6. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң талаптарының аудан аумағында іс жүзіне асуына ат салысады, аудандық мәслихаттың қызметін заңгерлік-құқықтық жағынан қамтамасыз етуге байланысты тапсырмаларын орындайды.

7. Аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын шешімдерін әзірлейді, қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендіреді және мәслихат хатшысына ұсыныспен шығып, оның тапсырмасы бойынша аудандық мәслихаттың шешімінің күші жойылған деп танылса, шешімді өзгерту туралы жобасын әзірлейді, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді.

8. Аудандық мәслихат хатшысының төрағалығымен және қатысуымен өткізілетін шараларда, халықпен кездесулерде, көшпелі отырыстарда қаралуы жоспарланып отырған мәселелер бойынша ақпараттық материалдарды жинайды, талдайды, қорытады және олармен аудандық мәслихат хатшысын алдын ала қамтамасыз етіп, осы жұмыстар жөніндегі ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында және аудандық мәслихат аппаратының ресми сайтында орналастырылуын қамтамасыз етеді.

9. Аудандық мәслихат аппаратының ресми сайтында аудандық мәслихаттың жұмысы туралы ақпараттың сапалы толық және мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді, депутаттық топ және фракция жұмысын үйлестіреді, депутаттық бөлменің жұмысын ұйымдастырады.

10. Сайлау комиссиясымен жұмыс жүргізеді, сайлаушылар комиссиясынан шыққан мүшелерінің есебін жүргізіп және ол туралы аудандық мәслихат хатшысын хабардар етіп отырады. Сайлау жөніндегі мәселелермен айналысады.

11. Көксу, Шұбар, Талдыбұлақ, Қоғалы ауыл округтері ұсынған ақпараттарының сапалылығымен өз мерзімінде орындалуына жауап береді.

12. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мәслихат аппаратының тәртіптік комиссиясының жұмысын жүргізеді.

13. Аудандық мәслихаттың кезекті, кезектен тыс сессияларына және тұрақты комиссиялардың отырыстарына депутаттардың келуін қамтамасыз етеді және аудандық мәслихат депутаттығына сайланған Көксу (С.Абықанов), Талдыбұлақ (Н.Артықбаева), Қоғалы (Б.Есімов,Қ. Бекиев) депутаттарымен жеке жұмыс жасайды.

14. Аудандық мәслихаттың ұйымдастыру, мемлекеттік – құқықтық, ақпараттық – талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы Ляззат Қабижанқызы Санатбаева орнында болмаған жағдайда оның міндетін аудандық мәслихаттың бас маманы Бейсегүл Бекқожақызы Медетова орындайды.



Аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы (03-03) - Бейсегүл Бекқожақызы Медетова

1. Аудандық мәслихаты регламентінің орындалуын қамтамасыз етеді.

2. Аудандық мәслихат хатшысы мен аппарат басшысының тапсырмаларын орындайды, аудандық мәслихат депутаттарының жұмыс тәжірибесін жинақтап қорытады.

3. Календарлық жылда аудандық мәслихатпен қаралуға тиісті мәселелер тізбесін, жұмыс жоспарын жасақтайды және оны аудандық мәслихат хатшысы және аппарат басшысымен келіседі.

4. Аудандық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру және өзгерістердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының аудан аумағында іс жүзіне асуына ат салысады, депутаттық өкілеттікке қатысты сұрақтар бойынша құжаттар әзірлейді, аудандық мәслихат депутаттарының жұмысы туралы құжаттар мен аудандық мәслихатқа түскен басқа да құжаттарды талдап қортындылайды.

6. Білім,денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысына кеңестік көмектер жасап, хаттамасын жүргізеді.

7. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мәслихат аппаратының бағалау, конкурстық комиссияларының жұмысын E-kyzmet ақпараттық жүйесі арқылы жүргізуге жауапты.

8. Аудандық мәслихаттың актілерін, оның тұрақты комиссияларының қарауына енгізілген сұрақтармен оған қажетті құжаттарды әзірлейді. Сессиялар, тұрақты комиссияның көшпелі отырыстарын, қоғамдық тыңдауларын өткізетін орындарды және оған қатысты құжаттарды әзірлейді.

9. Аудандық мәслихаты сессияларының жүргізу тәртібін әзірлеп, аудандық мәслихат аппаратының басшысымен келіседі.Сессияда қаралатын сұрақтарға құжаттарын және шешімдерін әзірлеп,аудандық мәслихат депутаттарын, мәслихат хатшысын және аудан әкімін шешім жобаларымен , тиісті құжаттармен қамтамасыз етеді, сессия хаттамасын жүргізіп, қабылданған шешімдерді тіркейді.

10. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың сұрақтары бойынша ұсынылған ақпараттардың сапалы әрі өз мерзімінде орындалуына жауап береді.

11. Бұқаралық ақпарат құралдарына аудандық мәслихаттың мақалаларын әзірлейді, депутаттық сауалдар мен өтініштерін қарайды.

12. Жайнақ, Жоламан, Қарашоқы, Қаспан округтері ұсынған ақпараттардың уақытылы және сапалы орындалуына жауап береді.

13. Аудандық мәслихаттың кезекті , кезектен тыс сессияларына және тұрақты комиссиялардың отырыстарына депутаттардың келуін қамтамасыз етеді және аудандық мәслихат депутаттығына сайланған Жайнақ (К. Қыстаубаева), Қарашоқы (М.Нұрелов), Жоламан (А.Жанаберлиев) депутаттарымен жеке жұмыс жасайды.

14. Аудандық мәслихаттың бас маманы Бейсегүл Бекқожақызы Медетова орнында болмаған жағдайда оның міндетін аудандық мәслихаттың ұйымдастыру, мемлекеттік – құқықтық, ақпараттық – талдау құрылымдық бөлімшесінің басшысы Ляззат Қабижанқызы Санатбаева орындайды.



Аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы (Қаржы мәселесі бойынша) (03-04) - Айгүл Рысдәулетқызы Бөгенова

1. Аудандық мәслихаты регламентінің орындалуын қамтамасыз етеді.

2. Аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көріктендіру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі комиссиясының жұмысына кеңестік көмектер жасап, хаттамасын жүргізеді, оған қажетті құжаттарды әзірлеуге қатысады.

3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын оқып үйреніп, аудан аумағында іс жүзіне асуына ат салысады

4. Өз саласы бойынша тапсырылған тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді, мәслихат хатшысы мен аппарат басшысының тапсырмаларын орындайды, аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы мүшелері және депутаттар бірлестігінің жұмыстарымен айналысады.

5. Мәслихат қызметінің материалдық - техникалық жағынан қамтылуын және мәслихат аппаратының, мәслихат сессиясын қаржылық - шаруашылық қызметпен қамтамасыз ету жөніндегі сұрақтарды шешіп, бухгалтерлік есеп жүргізілуіне жауап береді.

6. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің балансындағы жиhаздың, кеңсе, компьютерлік техниканың және тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді және олардың түгелдігіне жауап береді.

7. Кадр есебін жүргізеді және тиісті органдарға есеп береді, оған байланысты шығарылатын өкімдердің сапалы әрі уақытылы дайындалуын қамтамасыз етеді, аудандық мәслихат қызметкерлерінің еңбек кітапшасына уақытылы өзгерістер енгізіп отырады және аппарат қызметкерлерінің жеке істерін жүргізіп, уақытылы қажетті құжаттарды толықтырып отырады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің E-kyzmet ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізілуіне жауапты. Мерзімдік баспасөзге жазылуды ұйымдастырып, бақылау жүргізеді.

8. Қызылжар, Шанханай, Сарыбұлақ, Басши ауыл округтері ұсынған ақпараттарды сапалы және уақытылы берілуіне жауап береді.

9. Аудандық мәслихатының кезекті, кезектен тыс сессияларына тұрақты комиссия отырыстарына депутаттардың келуін қамтамасыз етеді және аудандық мәслихат депутаттығына сайланған, Қызылжар (Б.Рысбеков), Шанханай (Қ.Толыбаев), Сарыбұлақ (вакант), Басши (Е.Самылтыров) депутаттармен жеке жұмыс жасайды.

10. Аудандық мәслихаттың қаржы мәселесі жөніндегі бас маманы Айгүл Рысдәулетқызы Бөгенова жұмыс орнында болмаған жағдайда, оның міндетін аудандық мәслихатының жетекші маманы Қарлығаш Әлмұхамбетқызы Низанова орындайды.



Аудандық мәслихаты аппаратының жетекші маманы (03-05) - Қарлығаш Әлмұхамбетқызы Низанова

1. Аудандық мәслихатының және оның аппаратының қызметі бойынша іс жүргізеді, кіріс және шығыс құжаттары бойынша IBM Notes Алматы облысының электрондық құжаттар айналымының автоматтандырылған жүйесімен жұмыс істейді, аудандық мәслихатының регламентінің орындалуын қамтамасыз етеді.

2. Аудандық мәслихаттың істер номенклатурасын әзірлеп, бекітілуін қамтамасыз етеді, мұрағатқа өткізілетін құжаттарды дайындап, өткізілуін қамтамасыз етеді.

3. Аудандық мәслихатының сессиясына құжаттар әзірлейді және әзірленген шешім жобасымен аудандық мәслихат депутаттарын алдын-ала қамтамасыз етеді, мәслихаттың барлық отырыстарында фото және видео жазба жүргізеді.

4. Аудандық мәслихатының құжаттарын рәсімдейді және сессияға қатысты құжаттарды, ақпараттық анықтамаларды басқа да құжаттарды көбейтіп, таратады.

5. Аудандық мәслихат хатшысының төрағалығымен өткізілетін көшпелі отырыстардың , халықпен кездесулердің, азаматтарды қабылдаулардың барысында, аудандық мәслихаттың ресми сайты арқылы аудандық мәслихат хатшысының атына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреттілігі бойынша уақытымен тиісті атқарушы органдарға жолдануын қамтамасыз етеді.

6. Аудандық мәслихаты хатшысы мен аппарат басшысының тапсырмаларын орындайды, мәслихат құжаттарын тереді, азаматтардың арыз - шағымдарын қарау жұмысын ұйымдастырады, олардың есебін жүргізеді, жаздырып алынған мерзімдік баспасөздердің тігіндісін жасайды. Кіріс - шығыс журналдарына, шешімдердің және өкімдердің тіркеу журналдарына жазба жүргізеді , апта және ай сайын тиісті жерлерге есептерін береді.Барлық кадр мәселесі жөніндегі өкімдердің E- kyzmet ақпараттық жүйесіне уақытылы енгізілуіне жауапты.

7. Аудандық мәслихатқа заңдылық, азаматтардың құқығы мен тәртіптік құқықты қорғау,ауылшаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, аудандық білім, денсаулық сақтау, мәдениет спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау, аудан экономикасы мен бюджеті, салық кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау коммуналдық шаруашылық көріктендіру және халыққа қызмет көрсету мәселелері бойынша жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерттеу, оларды тиісті органдарға жолдау, өтініш иелеріне аралық хаттардың және қолданылған шаралар туралы қорытынды жауаптардың жобаларын әзірлейді және ақпараттық алмасуды қамтамасыз етеді.

8. Аудан, ауыл округтері әкімдерін, бөлім, басқарма және тиісті органдардың басшыларын сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары, қоғамдық тыңдаулардың тізімдерін аппарат басшысымен келісе отырып, қалыптастырады, олардың жоспарын әзірлеп, өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар етеді.

9. Алтынемел, Сарыбастау және Сарыөзек ауыл округтері ұсынған ақпараттардың уақытылы және сапалы орындалуына жауап береді.

10. Аудандық мәслихатының кезекті , кезектен тыс сессияларына, тұрақты комиссия отырыстарына депутаттардың келуін қамтамасыз етеді және аудандық мәслихат депутаттығына сайланған Сарыөзек (Ж. Жұмажанов, Ж. Садықова, М.Ахметжанов ) депутаттарымен жеке жұмыс жасайды.

11. Аудандық мәслихаттың жетекші маманы Қарлығаш Әлмұхамбетқызы Низанова орнында болмаған жағдайда оның міндетін аудандық мәслихаттың бас маманы Айгүл Рысдәулетқызы Бөгенова орындайды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.