Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 46

Ереже

Кербұлақ аудандық мәслихаты
сессиясының 2019 жылғы
«1» наурыздағы
№ 43- 242 шешімімен
бекітілген
 
 
Қоғамдық кеңес туралы ереже
 
1. Жалпы ережелер
 
1. Осы Қоғамдық кеңес туралы ереже (бұдан әрі – ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Қоғамдық кеңес жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құратын консультациялық-кеңесші, бақылаушы органдар.
3. Қоғамдық кеңестер өз қызметінде Конституцияны, оған сәйкес келетін заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
 
2. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру
 
4. Қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы қалыптастырады.
5. Қоғамдық кеңес өкілеттілігінің мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын жұмыс тобы анықтайды.
6. Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерге жатады. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
7. Қоғамдық кеңестер автономды және дербес болып табылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
 
3. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі
 
8. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
9. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы өзі айқындайды. Бұл кезде мемлекеттік органның басшысы Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.
10. Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
11. Жұмыс тобының сандық құрамын жергілікті өкілді органның басшысы айқындайды.
12. Жергілікті өкілді орган жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырады.
13. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күн мерзімде жергілікті өкілді органға жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жібереді.
Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.
14. Жергілікті өкілді орган құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған соң келіп түскен ұсыныстардың негізінде бір жұмыс күн ішінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін қалыптастырады және күнтізбелік бес күн ішінде жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен жұмыс тобының отырысын өткізеді.
15. Ашықтықты және объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады.
16. Жергілікті өкілді органның басшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді.
17. Отырыста коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидатуралар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі.
18. Жұмыс тобының құрамы мемлекеттік орган басшысының шешімімен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.
19. Жұмыс тобының шешімі жергілікті өкілді органның ресми интернет-ресурсында отырыс аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жарияланады. Жұмыс тобының отырысында хаттама жүргізіледі, оған жұмыс тобының басшысы және хатшы қол қояды.
 
4. Жұмыс тобының өкілеттіктері
 
20. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) халықты Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;
2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;
3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;
4) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын дайындайды.
 
5. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу
 
21. Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда жергілікті өкілді орган жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.
22. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.
23. Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.
24. Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.
25. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
26. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып және Заңның 10-бабының 1 және 2-тармағына сәйкес өзге де мәліметтерді жариялайды.
27. Жұмыс тобы отырыстарда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсына қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.
28. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.
29. Құрылған Қоғамдық кеңес құрамы жергілікті өкілді органнның шешімімен бекітіледі және үш жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
30. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.
 
6. Қоғамдық кеңестің қызметін жүзеге асыру тәртібі
 
31. Қоғамдық кеңес комиссияны Қоғамдық кеңес қызметінің басымдықтарына байланысты Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатарынан құрады.
32. Қоғамдық кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары әзірленеді және Қоғамдық кеңес отырысында бекітіледі.
33. Қоғамдық кеңес отырысы Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп саналады. Қоғамдық кеңес мүшелерінің бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуына рұқсат етіледі.
34. Қоғамдық кеңес төрағасы өз құзыреті шеңберінде:
1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
2) осы Ережеге және отырыстың бекітілген күн тәртібіне сәйкес отырыста төрағалық етеді;
3) Қоғамдық кеңес мүшелерінен ұсыныстар келіп түсуіне қарай Қоғамдық кеңес шешімімен белгіленген тәртіппен кезектілік бойынша оларға сөз береді;
4) келіп түсуіне қарай Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысын дауыс беруге қояды;
5) дауыс беруді жүргізеді және оның нәтижелерін жариялайды;
6) Қоғамдық кеңес отырыстары хаттамаларының жүргізілуін бақылайды;
7) Қоғамдық кеңес атынан құжаттарға қол қояды;
8) Қоғамдық кеңес шешімдерін іске асыру бойынша қызметті үйлестіреді;
9) кеңесші дауыс құқығымен республикалық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органның отырыстарына қатысады;
10) өзі болмаған уақытта Қоғамдық кеңес төралқасының бір мүшесіне төрағаның міндетін атқару құқығын береді;
11) қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардан Қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралатын мәселелерге қатысты қосымша материалдарды сұратады.
35. Ұйымдастырушылық мәселелерді шешу, Қоғамдық кеңес отырыстарын дайындау және өткізу, Қоғамдық кеңестегі іс қағаздарды жүргізу, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің іске асырылу мерзімдерін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қоғамдық кеңес хатшысы өз құзыреті шегінде:
1) Қоғамдық кеңес отырысын өткізу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық пошта арқылы оның мүшелеріне отырысты өткізу уақыты мен орны, қарауға енгізілетін мәселелер тізбесі туралы хабардар етеді;
2) Қоғамдық кеңес мүшелерін шешім қабылдау үшін қажетті материалдармен, құжаттармен және ақпаратпен қамтамасыз етеді;
3) Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастырады;
4) Қоғамдық кеңес шешімдерінің жобаларын әзірлейді және Қоғамдық кеңестің барлық мүшелеріне үш жұмыс күні ішінде интернет-ресурс немесе электрондық пошта арқылы не қолма-қол жеткізеді;
5) Қоғамдық кеңестің қызметін қамтамасыз ету бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Хатшы болмаған кезде оның функциялары Қоғамдық кеңес отырысының хаттамалық шешімімен Қоғамдық кеңес мүшелерінің біреуіне жүктеледі.
36. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша нысанда өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.
37. Қоғамдық кеңес мүшесінің денсаулық жағдайына байланысты не өзге де негіздер бойынша оның жұмысына қатысуы мүмкін болмаған жағдайда Заңда айқындалған тәртіпте Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша мүшеліктен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
38. Қоғамдық кеңес Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері немесе мемлекеттік органның шешімі бойынша Қоғамдық кеңестің құрамына шыққан адамның қалған мерзіміне жаңа мүшені қосу туралы шешім қабылдайды.
 
7. Отырыстарды өткізу және шешім қабылдау тәртібі
 
39. Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады, олар мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.
40. Қоғамдық кеңестің отырыстары Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша өткізіледі.
41. Қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша Қоғамдық кеңестің отырысына қатысу үшін мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақтар мен басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен мамандар шақыруы мүмкін.
42. Қоғамдық кеңестің отырысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) отырыстың өтетін орны мен уақыты;
2) қатысушылар саны;
3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
4) күн тәртібі, есеп пен баяндаманың мазмұны белгіленеді.
43. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.
44. Мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдардың қарауы міндетті болып табылатын ұсынымдарды қабылдайды.
45. Қоғамдық кеңестің шешімдері Қоғамдық кеңес отырысына қатысушылардың жалпы санының басым дауысымен қабылданады. Шешімдер хаттамамен ресімделеді, оған Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
46. Қоғамдық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер бойынша шешім қабылданған кезде Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Тең дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.
47. Қоғамдық кеңестің қызметімен байланысты құжаттар Қоғамдық кеңесті құруға қатысқан мемлекеттік органда, оның өкілеттік ету мерзімінде электрондық және/немесе қағаз түрінде сақталады.
Сонымен бірге Қоғамдық кеңестің өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін Қоғамдық кеңестің қызметіне қатысты құжаттар мемлекеттік органның архивіне сақтауға беріледі.
 
8. Өтпелі және қорытынды ережелер
 
48. Үлгілік ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында регламенттеледі.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.