Навигация

Баннеры

Опросы

Как Вы оцениваете работу маслихата?


Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер | Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 44

Ереже

«Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің
Ережесі

 
1. Жалпы ережелер
1. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Момышұлы көшесі, № 10.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 
2. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудандық мәслихат пен оның органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
15. Міндеттері:
1) аудандық мәслихатпен қабылданатын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) аудандық мәслихаттың және оның органдарының қызметі жөніндегі мәліметтерін, аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерін, сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану үшін дайындау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) аудандық мәслихаттың депутаттарына ұйымдастыру, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;
2) аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу;
3) тұрақты және уақытша комиссия отырыстарына қатысу, мәслихат шешімдерінің, комиссиялардың қорытындыларының және шешімдердің жобаларын әзірлеу мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету;
4) нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге рәсімдеу және ұсыну.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға аудандық мәслихаттың құзырына кіретін мәселелер бойынша консультативтік - әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсету; 2) аудандық мәслихат сессияларының, тұрақты және уақытша комиссиялары отырыстарының хаттамаларының жүргізілуін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.
 
3. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты»  мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады.
19. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысын мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
20. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысының орынбасарлары жоқ.
21. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысының өкілеттігі:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды; 3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
7) әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi; 10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
11) мәслихат шешiмдең жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
12) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
«Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәслихат хатшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын мәслихат хатшысы басқарады.
 
4. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi
23. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
«Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
 
5. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
26. «Кербұлақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.